Қауіпсіздік қағидасы  

Жаңалықтар
29.12.2017, 17:15
Оқуға 2 мин
Темірхан Бекебаев – 32 жылдан бері Састөбе бекетінде вагон қараушы-жөндеуші болып еңбек етеді. Дөңгелектің «денсаулығын» балғадан шығатын дыбыстан анықтайтын маман бұл істе нағыз шебер деп танылған.  Тәуліктегі 24 сағаттың жартысында күндіз, 12 сағатында түнде жұмыс істейтіндіктен, бұл кестеге бой үйреткелі қашан. Састөбедегі Цемент зауытына кірген-шыққан вагондардың дөңгелегін көзбен шолып тұратын кәнігі маман қарап тұрып-ақ  ақауды алыстан байқайтынын әріптестері жыр қылып айтады. ­– Ұжымда 5 вагон қараушы жұмыс атқарамыз. Жүк пойыздарында елуден төмені жоқ, кемі 55-57 вагон болады. 45 минута электровоздың басына барып, қысымын тексереміз. Қыста қалың киіммен кейде құрамның бір басынан екіншісіне жеткенше алқынатынымыз бар. Алайда, шүкір, үлгереміз. Қауіпсіздік қағидасы –  біле білгенге көзге көрінбейтін ұсақ жұмыстардан, сақтауы тиіс ережелерден тұрады.  Қазір пойыздар саны сиреп қалды. 1992 жылдары мүлдем аз еді, бүгінде көбейгені. Ал, біздің жас күнімізде күніне 40 жұп, 40 тақ, яғни 80-90 пойыз өтетін,- дейді Темірхан Ақтасұлы. Қазір Састөбедегі тақ және жұп жолдарда КТСМ аппараты орналасқан.  Бірі 3342 шақырымның  - 5, екіншісі 3359 шақырымның - 9 пикетінде. Вагон дөңгелегінің дискісі, буксасы қызып, бүйір рамасында ақау болса  компьютерден көрініп тұрады. Бұл әмбебап құрылғы келгелі жұмыс жеңілдеген. Түлкібастан Састөбеге қарай ойға түсетіндіктен, құрамның салмағы ауыр тартып, осы себептен дөңгелектің дискісі жиі қызады екен. Ал, оны қырағы мамандар дер кезінде анықтап, қауіптің алдын алуға үйренген.   Жаңа жыл түні  тәжірибелі вагон қараушы Темірхан Бекебаев ауысымға түседі екен. Бірінші жыл емес, бірнеше рет Жаңа жылды жұмыста қарсы алғаны бар. Тек бірінші қаңтар күні жұмысты тапсырып көңілін демдеген соң ғана отбасына барып, бәйбішесі құйған қызыл сайды ішіп тағы бір жылды қарсы алғанымды сезінімін, дейді ол. 

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды