Жаңа жылда – жаңа баспана
Қызылорда жол дистанциясының жол жөндеушісі Абай Абдраев тағдыр салған жүкті мойымай көтере білген азамат. Тілсіз жау салдарынан баспанасынан айрылған оған дистанция ұжымы мен аймақтағы әріптес теміржолшылар жұдырықтай жұмылып көмек көрсетіп, сыңғырлаған су жаңа үйге кіруіне көмек қолдарын созды.
Әріптестерінің қолдау-көмегінің нәтижесінде баспанасын қайта көтеріп, ес жиып, еңсе түзеген Абайдың отбасында жаңа жыл қарсаңында қоныс тойы тойланып, балалардың күлкісі қайта естілді. Күнделікті кәсіби жұмысын жасаумен қатар, баспанасын салған жол жөндеушіге әрине оңай болған жоқ, бірақ «көп түкірсе көл» демекші, көптің көмегі арқасында жаңа үйге кіретін де күнге жеткеніне қуанышты көп балалы отбасының иесі.
Бүгінгі таңда 10 бөлмелі заманауи үлгідегі тұрғызылған жаңа үйге өрттен кейінгі 2 айда дүниеге келген, 2017 жылы 13 ақпан күні туылған Димаш Абайұлы есімде нәрестемен бірге 10 жан кірді. Ең бастысы жаңа әрі жылы үйге кірген жол жөндеуші Абайдың отбасы мүшелері разы.
Осындай қуанышқа орай Тереңөзек кентіндегі жол жөндеуші Абайдың отбасына «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева мен жол дистанция БПҰ төрағасы, дистанция басшысы Дүйсенбай Әбдиев бастаған қонақтар шашу шаша барып, отбасының қазіргі жағдайымен танысты
Өткен жылдың 15 желтоқсанында үйі түгелдей өртеніп, отбасындағы 9 адам, оның алтауы кішкентай бала далада қалған жолшыны әріптестерін далаға тастаған жоқ. Болған жайды естіген сәтте-ақ, жол дистанциясының басшысы Дүйсенбай Әбдиев үй-күйсіз қалған отбасын сол ауданда тұрған бос пәтерге кіргізіп, оның пәтер пұлын мекеме есебінен төлеуін реттестірген болатын. Аталмыш мекеменің кәсіподақ комитететінің төрайымы Ғалия Ноғайбаева 21 желтоқсан күні аудан әкімдігі ұйымдастырған «Қайырымдылық – асыл қасиет» атты акциясына арнайы қатысып, Абдраевтың отбасында болып азық түлікпен бірге 100000 теңге ақшалай көмек көрсеткен еді.
Ауыр жағдайда қалған жолшының тағдырына назар мұнымен шектеліп қалмады. Мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында «Теміржол» партия филиалы төрағасы Аманкелді Арысбаевтың бастамасымен шұғыл кеңес отырысы өтіп, онда жол монтерінің отбасында болған жағдай сараланып, кеңеске салынды. Кеңес отырысында қақаған қыста үйсіз қалған зәру жандарға көмек жасау туралы ұсыныс бірауыздан мақұлданып, Абай Абдраевтың есеп шотына өз еріктерімен 1 сағаттық еңбек ақыларын аудару туралы ақция өткізуге келісім жасалған болатын. Қызылорда теміржолына қарасты мекемелерден жиналған 1млн 591мың 700 теңге көлеміндегі қаржылай көмек отбасына табысталып, әрі қарай басталған құрылысына көмектесу қолға алынған болатын.
Бүгін міне, жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алған жолшының үлкен отбасы бір жыл бұрын болған бақытсыз оқиғаны мүлдем ұмытып кетті деуге болады.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Тереңөзек
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ