Жаңа жылда – жаңа баспана

Жаңалықтар
10.01.2018, 15:28
Оқуға 2 мин
Қызылорда жол дистанциясының жол жөндеушісі Абай Абдраев тағдыр салған жүкті мойымай көтере білген азамат. Тілсіз жау салдарынан баспанасынан айрылған оған дистанция ұжымы мен аймақтағы әріптес теміржолшылар жұдырықтай жұмылып көмек көрсетіп, сыңғырлаған су жаңа үйге кіруіне көмек қолдарын созды.  Әріптестерінің қолдау-көмегінің нәтижесінде баспанасын қайта көтеріп, ес жиып, еңсе түзеген Абайдың отбасында жаңа жыл қарсаңында қоныс тойы тойланып, балалардың күлкісі қайта естілді. Күнделікті кәсіби жұмысын жасаумен қатар, баспанасын салған жол жөндеушіге әрине оңай болған жоқ, бірақ «көп түкірсе көл» демекші, көптің көмегі арқасында жаңа үйге кіретін де күнге жеткеніне қуанышты көп балалы отбасының иесі.    Бүгінгі таңда 10 бөлмелі заманауи үлгідегі тұрғызылған жаңа үйге өрттен кейінгі 2 айда дүниеге келген, 2017 жылы 13 ақпан күні туылған Димаш Абайұлы есімде нәрестемен бірге 10 жан кірді. Ең бастысы жаңа әрі жылы үйге кірген жол жөндеуші Абайдың отбасы мүшелері разы. Осындай қуанышқа орай Тереңөзек кентіндегі жол жөндеуші Абайдың отбасына «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева мен жол дистанция БПҰ төрағасы, дистанция басшысы Дүйсенбай Әбдиев бастаған қонақтар шашу шаша барып,  отбасының қазіргі жағдайымен танысты Өткен жылдың 15 желтоқсанында үйі түгелдей өртеніп, отбасындағы 9 адам, оның алтауы кішкентай бала далада қалған жолшыны әріптестерін далаға тастаған жоқ.  Болған жайды естіген сәтте-ақ, жол дистанциясының басшысы Дүйсенбай Әбдиев үй-күйсіз қалған отбасын сол ауданда тұрған бос пәтерге кіргізіп, оның пәтер пұлын мекеме есебінен төлеуін реттестірген болатын. Аталмыш мекеменің кәсіподақ комитететінің төрайымы Ғалия Ноғайбаева 21 желтоқсан күні аудан әкімдігі ұйымдастырған «Қайырымдылық – асыл қасиет» атты акциясына арнайы қатысып, Абдраевтың  отбасында болып азық түлікпен бірге 100000 теңге ақшалай көмек көрсеткен еді. Ауыр жағдайда қалған жолшының тағдырына назар мұнымен шектеліп қалмады. Мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында «Теміржол» партия филиалы төрағасы Аманкелді Арысбаевтың бастамасымен шұғыл кеңес отырысы өтіп, онда жол монтерінің отбасында болған жағдай сараланып, кеңеске салынды. Кеңес отырысында қақаған қыста үйсіз қалған зәру жандарға көмек  жасау туралы ұсыныс бірауыздан мақұлданып,  Абай Абдраевтың есеп шотына өз еріктерімен 1 сағаттық еңбек ақыларын аудару туралы ақция өткізуге келісім жасалған болатын. Қызылорда теміржолына қарасты мекемелерден жиналған 1млн 591мың 700 теңге көлеміндегі қаржылай көмек отбасына табысталып, әрі қарай басталған құрылысына көмектесу қолға алынған болатын. Бүгін міне, жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алған жолшының үлкен отбасы бір жыл бұрын болған бақытсыз оқиғаны мүлдем ұмытып кетті деуге болады.  

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Тереңөзек

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды