Біз болмасақ, кім?!
Новости
16.01.2018, 14:42
Семейлік теміржолшы қауым арасында қоғамдық шаралар бойынша мейлінше белсенділік танытып жүрген жастар қатары жыл санап артып келеді. Жуырда аймақтық жастар ұйымы есік ашқан жылға жаңашылдыққа толы жоспар құрып, бірден іске кірісіп кетті.
Бірінші кезекте белсенді іс-қимыл танытып жүрген жастар ұйымының құрамы жаңарды. Бұрынғыша ұйымға жетекші-инженер Ләззат Айтмұханова жетекшілік етпек. Сонымен қатар, жуырда өткен жастар кеңесі барысында бөлімшенің Семей, Жаңа-Семей, Аягөз, Дегелең сынды ірі станциялар мен еншілес мекемелердегі жас буынға көшбасшылық жасайтын тұлғалар қатары да нақтыланып, оларға жоспар аясында тиісті тапсырмалар берілді.
Бір бұл емес, жастар өзара әрбір шараның міндеттілігін де бөлісіп алған. Айталық, жастардың КВН лигасы мен түрлі байқаулар өткізу, әлеуметтік шаралар ұйымдастыру сынды іс-шараларға арнайы тағайындалған белсенділер бар.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің Семей бөлімшесі бойынша аймақтық өкілі, іргелі істердің ұйытқысы болып жүрген Ләззат Айтмұханова ағымдағы жылы да жастар ұйымдастырған шаралар әр қырынан көрініс табатынын айтады.
–Осыған дейін ұйым жұмысы бойынша негізінен әлеуметтік салаға баса көңіл бөлінген еді. Бұл ретте бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлының кеңесіне сүйене келе, аталмыш бағыттағы іргелі істерді жалғастыра бермекпіз. Яғни, «Балалар күлкісі станциясы» атты қайырымдылық шараларына негізделген жобалар кезеңімен жүзеге асырылмақ. Атап айтсақ, мүмкіндігі шектеулі жанұя мүшелері бар теміржолшыларға материалдық көмек беру мәселесі жолға қойылуда. Сондай-ақ, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыта түсу биылғы жоспарымыздың басымды бағыты. Мәселен, аға буынға құрмет ретінде Жеңіс күніне орай «Солдатқа хат» атты байқау ұйымдастырылатын болады. Онда поэзияға жаны құштар жастар өнерлерін ортаға салмақ. Жалпы, теміржолшы жастар бойындағы дарындылықты ашу, дамыту – жұмысымыздың басым бөлігін құрайды. Ал мұның барлығы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жастар саясатын жүргізудегі негізгі міндеттемелері, – дейді семейлік теміржолшы жастардың көшбасшысы.
Бұдан бөлек, семейлік жастардың өз бастамасымен ұйымдастырылатын да жоспарлы жұмыстар бар екен. Сонымен қатар, дәстүрлі түрде өткізілетін КВН ойындары мен «Жас кәсіби маман» байқауына, ІХ республикалық жастар форумына, Наурыз мерекесі мен теміржолшылар күніндегі мәдени шараларды өткізуге ат салысатын шығармашыл жастар қазірден бастап іздестірілуде.
–Бастысы, бағыт беретін аға буын бар. Ақыл-кеңесін аямайтын алдыңғы толқынға қарап бой түзеу ойымызда. Абай елінің бүгінгі өрендері республика жастары арасында алдыңғы қатардан табылуы тиіс. Бұл – өмірдегі де, қызметтегі де ұстанымымыз, – дейді биылғы іске білек сыбанып отырған жастар.
Расында, теміржолшы жастардың қызметтік өмірі бір сарынды болмауы тиіс. Еңбек ете жүріп, қоғамға пайдалы іс тындыру, әсіресе қазақстандық патриотизмнің нығайып, ұлттық құндылықтардың қастерленуіне үлес қосу – әрбір отаншыл жастың міндеті. Ал семейлік жас буын бұл ұстанымды да берік тұтатынын биылғы жылы да нақты іспен дәлелдемек. «Біз болмасақ, кім?» дейді тау қопаруға дайын жастар.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Грузовые перевозки
19.08.2026
Более 19 млн тонн угля перевезено в рамках подготовки к отопительному сезону в Казахстане
Регионы
19.08.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения степного пожара в Карагандинской области
Регионы
19.08.2026
Погрузка в Костанайском отделении ГП превысила план
Регионы
19.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели 154 профилактические беседы и 80 рейдов
Новости
18.08.2026
Более 2 тыс. водителей приняли участие в акции КТЖ «Безопасный переезд» в шести регионах страны
Регионы
18.08.2026
Рейд в рамках акции «Безопасный переезд» прошел на станции Актасты
Пассажирские перевозки
18.08.2026
Более 7,5 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ с начала года
Новости
18.08.2026
Единую цифровую систему мониторинга поставок угля запускают в Казахстане
Новости
18.08.2026
Модернизация железнодорожных вокзалов продолжается в области Жетысу
Новости
18.08.2026
Тренинг по ИИ и вайб-кодингу прошёл в Дирекции перевозочного процесса
Новости / Архив
18.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №65 от 18 августа 2026 года
Новости
17.08.2026
Профилактические мероприятия по безопасности на железной дороге прошли в детских лагерях Борового и Алматы
Спорт
17.08.2026
Железнодорожник завоевал серебро на чемпионате Казахстана по пара-пауэрлифтингу
Грузовые перевозки / Цифра недели
17.08.2026
Более 184 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Регионы
17.08.2026
Волонтеры-железнодорожники приняли участие в экологической акции в Караганде
Регионы
17.08.2026
Рейды в рамках акции «Безопасный переезд» проходят в Акмолинском регионе
Регионы
17.08.2026
Профком КТЖ обсудил с работниками участка Кызылорда вопросы охраны труда и соцподдержки
Новости
15.08.2026
Елжас Отыншиев посетил ключевые объекты железнодорожной инфраструктуры Алматинского региона
Регионы
14.08.2026
Акция «Безопасный переезд» проходит в ВКО
Новости
14.08.2026
Представители ВМС Казахстана посетили порт Курык