Біз болмасақ, кім?!

Жаңалықтар
16.01.2018, 14:42
Семейлік теміржолшы қауым арасында қоғамдық шаралар бойынша мейлінше белсенділік танытып жүрген жастар қатары жыл санап артып келеді. Жуырда аймақтық жастар ұйымы есік ашқан жылға жаңашылдыққа толы жоспар құрып, бірден іске кірісіп кетті. Бірінші кезекте белсенді іс-қимыл танытып жүрген жастар ұйымының құрамы жаңарды. Бұрынғыша ұйымға жетекші-инженер Ләззат Айтмұханова жетекшілік етпек. Сонымен қатар, жуырда өткен жастар кеңесі барысында бөлімшенің Семей, Жаңа-Семей, Аягөз, Дегелең сынды ірі станциялар мен еншілес мекемелердегі жас буынға көшбасшылық жасайтын тұлғалар қатары да нақтыланып, оларға жоспар аясында тиісті тапсырмалар берілді. Бір бұл емес, жастар өзара әрбір шараның міндеттілігін де бөлісіп алған. Айталық, жастардың КВН лигасы мен түрлі байқаулар өткізу, әлеуметтік шаралар ұйымдастыру сынды іс-шараларға арнайы тағайындалған белсенділер бар. «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің Семей бөлімшесі бойынша аймақтық өкілі, іргелі істердің ұйытқысы болып жүрген Ләззат Айтмұханова ағымдағы жылы да жастар ұйымдастырған шаралар әр қырынан көрініс табатынын айтады. –Осыған дейін ұйым жұмысы бойынша негізінен әлеуметтік салаға баса көңіл бөлінген еді. Бұл ретте бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлының кеңесіне сүйене келе, аталмыш бағыттағы іргелі істерді жалғастыра бермекпіз. Яғни, «Балалар күлкісі станциясы» атты қайырымдылық шараларына негізделген жобалар кезеңімен жүзеге асырылмақ. Атап айтсақ, мүмкіндігі шектеулі жанұя мүшелері бар теміржолшыларға материалдық көмек беру мәселесі жолға қойылуда. Сондай-ақ, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыта түсу биылғы жоспарымыздың басымды бағыты. Мәселен, аға буынға құрмет ретінде Жеңіс күніне орай «Солдатқа хат» атты байқау ұйымдастырылатын болады. Онда поэзияға жаны құштар жастар өнерлерін ортаға салмақ. Жалпы, теміржолшы жастар бойындағы дарындылықты ашу, дамыту – жұмысымыздың басым бөлігін құрайды. Ал мұның барлығы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жастар саясатын жүргізудегі негізгі міндеттемелері, – дейді семейлік теміржолшы жастардың көшбасшысы. Бұдан бөлек, семейлік жастардың өз бастамасымен ұйымдастырылатын да жоспарлы жұмыстар бар екен. Сонымен қатар, дәстүрлі түрде өткізілетін КВН ойындары мен «Жас кәсіби маман» байқауына, ІХ республикалық жастар форумына, Наурыз мерекесі мен теміржолшылар күніндегі мәдени шараларды өткізуге ат салысатын шығармашыл жастар қазірден бастап іздестірілуде. –Бастысы, бағыт беретін аға буын бар. Ақыл-кеңесін аямайтын алдыңғы толқынға қарап бой түзеу ойымызда. Абай елінің бүгінгі өрендері республика жастары арасында алдыңғы қатардан табылуы тиіс. Бұл – өмірдегі де, қызметтегі де ұстанымымыз, – дейді биылғы іске білек сыбанып отырған жастар. Расында, теміржолшы жастардың қызметтік өмірі бір сарынды болмауы тиіс. Еңбек ете жүріп, қоғамға пайдалы іс тындыру, әсіресе қазақстандық патриотизмнің нығайып, ұлттық құндылықтардың қастерленуіне үлес қосу  – әрбір отаншыл жастың міндеті. Ал семейлік жас буын бұл ұстанымды да берік тұтатынын биылғы жылы да нақты іспен дәлелдемек.  «Біз болмасақ, кім?» дейді тау қопаруға дайын жастар.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар