Отын-энергетикалық ресурстағы  оң өзгеріс

Новости
30.01.2018, 12:21
2 мин чтения
Пойыздар тартымына бірінші кезекте ықпал ететін жайт – отын-энергетикалық ресурс екені белгілі. Бұл тарапта Семей ЖТ бөлімшесі бойынша өткен жылғы жанармай қолданысына жүргізілген сараптама қорытындысына сүйенсек, біршама елеулі жаңалықтар бар екен. Ерекше тоқталатын жайт, өткен жыл бойынша дизельдік шығынның салыстырмалы нормасы 26,75 кг/10 мың.т.шқ. брутто болса, орындалуы 27,52 кг/10 мың. т.шқ. бруттоны құраған. Бұл дегеніміз, қомақты қаржы саналатын 1332 тонна жанармай артық жұмсалды деген сөз. Мамандар сөзіне сүйенсек, отын шығынының асып кетуіне бірқатар позитивті факторлар себеп болған. Оның ең бастысы – бруттодағы жүк айналымының 101,7%-ға өсуі болып отыр. Сонымен қатар, қосымша факторлар да айтарлықтай ықпал еткен. Мәселен, қозғалыстың шаруашылық түрі біршама ұлғайған. Яғни,  локомотивтер жол техникасымен жұмыс істеуге тартылып, шығыс 790,6 тоннаға өсіпті. Сондай-ақ, жолаушылар қозғалысының артуы да жанармай қолданысына елеулі түрде әсер еткен. Бұл ретте, күнделікті айналымға қосымша жолаушылар пойыздары - №67/68, №69/70 пойыздар қосылып, жанармай шығынының көлемі 397,6 тоннаға көбейгені анықталып отыр. Жалпы, мұндай оң сипаттағы мысалдарға көптеп тоқталуға болады. Атап айтсақ, бөлімше бойынша жүк айналымының артуына байланысты 1,2-ші класты тораптық станциялардағы маневрлік локомотивтер саны да артқан. Осы ретте 209,5 тоннаның жанармайы артық қолданылыпты. Тоқтала кетер тағы бір жайт, отын-энергетикалық ресурс бойынша бұл көрсеткіштерден басы артық шығындарға орын берілген жоқ. Сол тәрізді қол сұғу мәселесі де тіркелмеген. Қауіпсіздік шаралары мақсатында барлық тепловоздар дерлік энергетикалық отын тартымын автоматтандырылған басқару жүйесі сынды жаңашыл аспаппен жабдықталған. Локомотивтердегі энергодиспечерлік тартымды анықтайтын АСУ ЭДТ құралдары да жанармай жұмсаудың есебіне адамның рұқсатсыз кірісуіне жол бермейтін бірегей мүмкіндік. Өткен 2017 жылдың жалпы көрсеткіші бойынша отын-энергетикалық ресурстың жұмсалуына жүргізілген сараптама жұмыстары осы тәрізді бірқатар жайттарды анықтап, қосымша фактілерді нақтылап берді. «Шығынсыз кіріс жоқ» деген халық нақылын берік тұтқан семейлік теміржолшылар бұл көрсеткіштерден тек оң нәтижелер ғана анықталғанына қуанышты. Атап өтерлігі сол, жұмсалатын шығындар бойынша мұндай ерекшелік соңғы жылдары орын алмаған болатын. 

Қуаныш Қожаев, Семей

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ