Тарихтың көзі тірі куәгері
Новости
16.02.2018, 18:31
Жамбылдық қарт теміржолшы, ҰОС ардагері Михаил Гладченко 95 жасқа толып отыр. Көзі тірі санаулы соғыс ардагерінің бірі Михаил Петровичті туған күнімен құттықтап барған ЖТ-Жамбыл бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Ақшораев, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш Әбдікешова қарияға ақ тілектерін білдіріп, сый-сияпаттарын ұсынды.
Михаил Гладченко 1923 жылы Луговой станциясында өмірге келген. Соғысқа дейін «Восток» колхозында механизатор болып еңбек еткен ол 1942 жылдың басында майданға аттанады. Үш айлық оқу-жаттығу шараларынан соң 7-ші танкіге қарсы атқыштар бригадасы құрамында 32-ші атқыштар полкінде ұрысқа кіреді. 1942 жылдың қазан айында сарбаз Михаил Гладченко майдандастарымен жау қоршауында қалады. Үш жақтан қысқан жаудың күші тым қуатты болады. Осы кескілескен ұрыста жауынгер Михаил жарақат алады. Алайда, адам санының азайып бара жатқанын байқаған сарбаз жарақатын таңдырып алып, қайта ұрысқа кіріседі. Кескілескен ұрыста кеңес әскері ақыры жаудың қоршауын бұзып шығады. Михаил басынан алған жарақатына орай госпитальда ем алады. Ұрыс даласындағы көрсеткен ерлігі үшін сарбаз «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Госпитальден шыққан соң 10-атқыштар полкінің 267-ротасында соғысады. 1943 жылдың қазан айында Днепр өзені үшін болған кескілескен ұрысқа қатысады.
– Осы Днепр өзені үшін болған ұрыста мен өзенді тоғыз рет ары-бері кешіп өттім. Өлім мен өмір арпалысқан соғыста бұл үлкен қатер болатын. Өйткені, кез келген уақытта қаңғыған оққа ұшуың мүмкін. Соңғы тоғызыншы рет өзеннен өтіп бара жатқанымызда біз мінген қайықтың жанынан жау снаряды жарылды. Есімді тек осы ұрыстан жүз күн өткенде ғана жидым. Осыдан соң мені арнайы комиссия қарап, елге қайтарды, - дейді ардагер.
Михаил Гладченко елге келген соң өзі туған Луговой станциясында әскериленген темір жол күзетінде еңбек етеді. Одан бергі жылдары біраз жыл теміржолды сумен қамту дистанциясында еңбек етіп, 1983 жылы зейнетке шығады. Бүгінде ұл-қызынан екі немере сүйіп отырған қарт майдангер өзін туған күнімен құттықтай келген теміржолшыларға алғысын жеткізді. Өз кезегінде қонақтар тарихтың көзі тірі куәгерінің әңгімесін тыңдап, бір жасап қалғандарын жасырмады.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Грузовые перевозки
19.08.2026
Более 19 млн тонн угля перевезено в рамках подготовки к отопительному сезону в Казахстане
Регионы
19.08.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения степного пожара в Карагандинской области
Регионы
19.08.2026
Погрузка в Костанайском отделении ГП превысила план
Регионы
19.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели 154 профилактические беседы и 80 рейдов
Новости
18.08.2026
Более 2 тыс. водителей приняли участие в акции КТЖ «Безопасный переезд» в шести регионах страны
Регионы
18.08.2026
Рейд в рамках акции «Безопасный переезд» прошел на станции Актасты
Пассажирские перевозки
18.08.2026
Более 7,5 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ с начала года
Новости
18.08.2026
Единую цифровую систему мониторинга поставок угля запускают в Казахстане
Новости
18.08.2026
Модернизация железнодорожных вокзалов продолжается в области Жетысу
Новости
18.08.2026
Тренинг по ИИ и вайб-кодингу прошёл в Дирекции перевозочного процесса
Новости / Архив
18.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №65 от 18 августа 2026 года
Новости
17.08.2026
Профилактические мероприятия по безопасности на железной дороге прошли в детских лагерях Борового и Алматы
Спорт
17.08.2026
Железнодорожник завоевал серебро на чемпионате Казахстана по пара-пауэрлифтингу
Грузовые перевозки / Цифра недели
17.08.2026
Более 184 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Регионы
17.08.2026
Волонтеры-железнодорожники приняли участие в экологической акции в Караганде
Регионы
17.08.2026
Рейды в рамках акции «Безопасный переезд» проходят в Акмолинском регионе
Регионы
17.08.2026
Профком КТЖ обсудил с работниками участка Кызылорда вопросы охраны труда и соцподдержки
Новости
15.08.2026
Елжас Отыншиев посетил ключевые объекты железнодорожной инфраструктуры Алматинского региона
Регионы
14.08.2026
Акция «Безопасный переезд» проходит в ВКО
Новости
14.08.2026
Представители ВМС Казахстана посетили порт Курык