Шалғайдағы елге шарапаты тиген

Новости
27.02.2018, 11:50
3 мин чтения
"Самұрық-Қазына" АҚ әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бірқатар ұлттық компаниялармен және министрліктермен бірлесе жүзеге асырған жобасының арқасында шалғай ауылдардағы ағайынға сапалы медициналық қызмет былтыр да ұсынылды. Жалпы 2010 жылдан бері шығарылған «Саламатты Қазақстан» және «Денсаулық» медициналық пойыздары «Менің елім» бағдарламасы аясында «Самұрық қазына траст» қоры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ІІМ-мен бірлесе ұйымдастырылып, елге тегін медициналық қызмет көрсетіп келеді. Бұл пойыздар былтыр 12 сәуір мен 20 желтоқсан айлары аралығында еліміздің темір жол бойындағы 252 станцияда болып, халыққа медициналық қызмет көрсеткен. Атап айтқанда, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының темір жол бойында жатқан ауылдарға тоқтады. Медициналық пойыздың әрқайсысы ең соңғы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған және қызметкерлерге арналған жатын орны бар 8 вагоннан тұрды. Қаншама қарапайым ауыл тұрғыны білікті дәрігерлерге көрінуге мүмкіндік алып, олардың қаншасының асқынып бара жатқан дертінің алды алынды. Нақты айтқанда, 442701 дәрігерлік қабылдау жүргізіліп, терапевт, педиатр, лор, невропатолог, офтальмолог, хирург, стоматолог, гинеколог, уролог, маммолог сынды 10 түрлі сала бойынша бірінші және жоғары дәрежелі дәрігерлер көмегіне  74368 тұрғын жүгінген. Соның ішінде 19332 адамға стоматологиялық, 8145 әйелге маммолог қызметі көрсетілген. Қаралған адамдардың 11206-сы балалар болса, 63162-сі – ересектер. Тіпті бұл пойыздарда жеке шағын ота жасау мүмкіндігі мен зертханалардың болуы да оның артықшылығы еді. Соның көмегімен 854 адамға шағын ота жасалған. Заманауи диагностикалық емдеу жабдықтарының арқасында пациенттерге 255162 диагностикалық процедура жасалған. Жазғы уақыттарда аталған медициналық пойыздар тоқтаған станцияларда балалар үшін аттракциондар, ойын алаңдары ұйымдастырылған. Жылжымалы емхана клиенттері жергілікті, облыстық темір жол ауруханасының ең мықты деген мамандарынан кеңес алып, дәрігерлер клиенттерді күн сайын таңғы 9-дан кешкі сегізге дейін демалыссыз қарады. Олардың қызметінің барысында жергілікті тұрғындардың көптеген аурулары анықталып, емделушілер дәрігерлерге жолдамалар алып, аудандық және облыстық орталықтарында емделді. Көлік медицинасын дамыту аясында 2010 жылы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ арасында медициналық қамтамасыз ету мәселелерінде өзара іс-қимыл туралы меморандум бекітілген. 2010 жылдан бастап мақсатты жұмыс істейтін «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» пойыздарына қоса  «Жәрдем» атты консультациялық-диагностикалық пойызы да барлық қажетті медициналық диагностикалық аппаратурамен жабдықталып, елді аралаған еді. Ол да ҚР ІІМ ТЖ комитеті «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» АҚ жоғары білікті медициналық персоналымен жасақталды. «Медициналық пойыздарды құру» бірлескен жобасын іске асыру еліміздің шалғай өңірлерінің тұрғындарына қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етті. Пойыз барлық қажетті диагностикалық аппаратурамен және «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ 18-ден астам дәрігерлік мамандық бойынша жоғары білікті медициналық кадрмен жабдықталған. Шалғай ауылдар халқына шарапаты тиген медициналық пойыздар қызметін жұртшылық биыл да асыға күтері сөзсіз.

Райхан РАХМЕТОВА

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ