Шалғайдағы елге шарапаты тиген
"Самұрық-Қазына" АҚ әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бірқатар ұлттық компаниялармен және министрліктермен бірлесе жүзеге асырған жобасының арқасында шалғай ауылдардағы ағайынға сапалы медициналық қызмет былтыр да ұсынылды.
Жалпы 2010 жылдан бері шығарылған «Саламатты Қазақстан» және «Денсаулық» медициналық пойыздары «Менің елім» бағдарламасы аясында «Самұрық қазына траст» қоры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ІІМ-мен бірлесе ұйымдастырылып, елге тегін медициналық қызмет көрсетіп келеді.
Бұл пойыздар былтыр 12 сәуір мен 20 желтоқсан айлары аралығында еліміздің темір жол бойындағы 252 станцияда болып, халыққа медициналық қызмет көрсеткен. Атап айтқанда, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының темір жол бойында жатқан ауылдарға тоқтады. Медициналық пойыздың әрқайсысы ең соңғы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған және қызметкерлерге арналған жатын орны бар 8 вагоннан тұрды. Қаншама қарапайым ауыл тұрғыны білікті дәрігерлерге көрінуге мүмкіндік алып, олардың қаншасының асқынып бара жатқан дертінің алды алынды. Нақты айтқанда, 442701 дәрігерлік қабылдау жүргізіліп, терапевт, педиатр, лор, невропатолог, офтальмолог, хирург, стоматолог, гинеколог, уролог, маммолог сынды 10 түрлі сала бойынша бірінші және жоғары дәрежелі дәрігерлер көмегіне 74368 тұрғын жүгінген. Соның ішінде 19332 адамға стоматологиялық, 8145 әйелге маммолог қызметі көрсетілген. Қаралған адамдардың 11206-сы балалар болса, 63162-сі – ересектер. Тіпті бұл пойыздарда жеке шағын ота жасау мүмкіндігі мен зертханалардың болуы да оның артықшылығы еді. Соның көмегімен 854 адамға шағын ота жасалған. Заманауи диагностикалық емдеу жабдықтарының арқасында пациенттерге 255162 диагностикалық процедура жасалған. Жазғы уақыттарда аталған медициналық пойыздар тоқтаған станцияларда балалар үшін аттракциондар, ойын алаңдары ұйымдастырылған. Жылжымалы емхана клиенттері жергілікті, облыстық темір жол ауруханасының ең мықты деген мамандарынан кеңес алып, дәрігерлер клиенттерді күн сайын таңғы 9-дан кешкі сегізге дейін демалыссыз қарады. Олардың қызметінің барысында жергілікті тұрғындардың көптеген аурулары анықталып, емделушілер дәрігерлерге жолдамалар алып, аудандық және облыстық орталықтарында емделді.
Көлік медицинасын дамыту аясында 2010 жылы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ арасында медициналық қамтамасыз ету мәселелерінде өзара іс-қимыл туралы меморандум бекітілген. 2010 жылдан бастап мақсатты жұмыс істейтін «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» пойыздарына қоса «Жәрдем» атты консультациялық-диагностикалық пойызы да барлық қажетті медициналық диагностикалық аппаратурамен жабдықталып, елді аралаған еді. Ол да ҚР ІІМ ТЖ комитеті «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» АҚ жоғары білікті медициналық персоналымен жасақталды. «Медициналық пойыздарды құру» бірлескен жобасын іске асыру еліміздің шалғай өңірлерінің тұрғындарына қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етті. Пойыз барлық қажетті диагностикалық аппаратурамен және «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ 18-ден астам дәрігерлік мамандық бойынша жоғары білікті медициналық кадрмен жабдықталған. Шалғай ауылдар халқына шарапаты тиген медициналық пойыздар қызметін жұртшылық биыл да асыға күтері сөзсіз.
Райхан РАХМЕТОВА
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды