Пойыз диспетчері – торап командирі 

Новости
06.03.2018, 15:26
2 мин чтения
Теміржол көлігі колледжін бітірген жас қыз еңбек жолын Шайқұрық станциясында станция кезекшісі болып бастапты. Міне, соңғы он жыл – Жамбыл станциясында жауапты да күрделі қызметте, пойыз диспетчері. Басшылық Жұпар Құлсариеваны жігерлігімен қатар жауапкершілігі жоғары, өз ісіне тыңғылықты маман ретінде жоғары бағалайды. Әйтпесе, ең қиын да күрделі Шу торабына жауапты диспетчер болып тағайындалуы екіталай еді. Себебі, бұл жігіттің жігітіне сын жауапты жұмыс. «Әр жұмыстың өз қиындығы бар. Біз өз жұмысымызды жетілдіруге тырысамыз. Бөлімше басшылығымен тікелей байланыста боламыз, қандай да бір төтенше жағдай орын алса, шұғыл хабарлап, ақыл-кеңес аламыз, келісеміз. Біздің жұмыста жұмысты ертеңге қалдыру, ертең істей саламын деген ұғым жоқ. Әскери тәртіп, нақтылық, бәрі түсінікті және уақытылы болуы керек. Мен Шу торабына басшылық жасаймын. Шу станциясы – тәулік бойы құрамдар сеңдей сапырылып жатқан  үлкен тораптық станция. Алматы–Шу телімінде екінші жолдардың салынуымен пойыздар ағыны арта түсті. Біздің қызметіміз – барлық пойыздардың қозғалысын реттеп, олардың қалтқысыз қызметін ұйымдастыру. Сол себепті маневр диспетчерімен, станция кезекшісімен, вагон операторымен қоян-қолтық жұмыс істейміз. Басты міндетіміз, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Төтенше жағдайлар орын алса, шұыл шешім қабылдап, тез әрекетке көшу. Сол себепті біздің бөлім – шұғыл-басқару бөлімі деп аталады. Келешекте жүк пойыздары да жолаушылар пойыздары сияқты қозғалыс кестесіне көшеді деп жоспарлануда. Бұл ой іске асып жатса, жұмысымыз сәл де болса жеңілдеп, жүйелі болары анық. Бірақ, жауапкершілік одан азаймайды. Жалпы жұмысым өзіме ұнайды. Өзіңнің маңызды істі атқарып жүргеніңді мақтан тұтасың» деген пойыз диспетчері Жұпардың салмақты да салқынқанды жан екені бірден байқалды. Көп сөзден гөрі көп іс тындырғанды ұнататын Жұпардың үйдегі қуанышы жеті жасар қызы екен. Жауапкершілікті бәрінен жоғары қоятын Жұпар Жаңа жылды да, Әйелдер мерекесін де жұмыста қарсы алған кездері болыпты. Онысына бәлсінбейді де, өйткені, жұмыстың аты – жұмыс. Ол үшін бұл – кезекті жұмыс күні.

Сұлугүл Бакесова

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ