Сырдан төнген қауіп жоқ

Новости
20.03.2018, 17:01
2 мин чтения
Сыр бойының теміржолшылары көктемгі жауын-шашын кезінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтауға дайындықтарын бір сәтке де босаңсытқан емес. Әрине, күн жылып, қар кетсе де қауіптің беті мүлде қайтты  деуге әлі ертерек. Сондықтан Қызылорда ЖТ бөлімшесі бойынша су тасқынына қарсы жасақталған 15 вагондық пойыз құрамы Сексеуіл, Қазалы және Қызылорда жол дистанцияларында жасақталып дайын тұрғанына бірталай уақыт өтті.  Бұл дайындық компания басшылығының жылжымалы құрамдардың кідіріссіз және қауіпсіз қозғалысын сақтау, жолдарды дер уақытында дайындау, жол бойындағы жасанды құрылыстар мен су өткізгіш құбырлардан көктемде еріген қар суының кідіріссіз өткізу жайлы ағымдағы жылдың 19 ақпанында жариялаған №25 Ц бұйрығы негізінде әзірленген. Сонымен қатар сала басшыларынан құрылған комиссия жасақталып, шұғыл іс-шаралар жүйесі түзіліп, жол бойы мен арагідік дария жағалауын кезекшілікке алып, бақылау жұмысы басталған. Қазіргі таңда бұл жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. – Қазір Сырдариядан төнген қауіп жоқ. Дегенмен, көктемгі жауын-шашынның көбеюі шүғыл жұмыстар тізбесін жасап, барлық телімдерді бақылауға алып, кезекшілікті күшейтуге мәжбүрлейді. Бөлімшедегі Сексеуіл, Қазалы және Қызылорда жол дистанция басшылары мен комиссия мүшелері тарапынан телімдер үздіксіз тексеруден өткізілуде. Жол дистанциялары жолшылары арық, құбыр, жыраларды тазалалап, су өту жолдарын ашып қойған. 15 вагондық құрамның бесеуі Қызылорда станциясында тұр. Осындай вагон құрамы Қазалы және Сексеуіл станцияларында да жасақталған, – дейді көктемгі жауын-шашынды тосын жағдайсыз өткізуге дайындық шаралары жайлы Магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Берік Бекжанов. Бөлімше бойынша 164 көпір, 230 құбыр, 8 жыра, 4 арық пен 5 ор бар екені мәлім. Жол дистанцияларының көпір бригадалары кезекшілікпен жасанды құрылыстар мен жол бойын бақылауда ұстап отыр. Сырдария өзеніндегі су деңгейі жайлы күнделікті мәлімет алынып, соған орай бақылау да күшейтілуде.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ