Салт-дәстүрді жаңғыртып...

Новости
20.03.2018, 17:11
2 мин чтения
Бүгінде ақ кимешекті әжелерді көбінесе тек Наурыз мерекесінде ғана көретініміз рас. Әйтсе де, Семейде этножәдігер саналатын осынау киім үлгісін жайшылық уақытта да, қоғамдық шараларда да киіп жүретін бір шоғыр байырғы теміржолшы әжелер қауымы бар. Семей ЖТ бөлімшесі ардагерлерінен құралған, әйелдердің «Бағыт» қоғамдық бірлестігінің мүшелері – осы салт-дәстүрді сақтаған, сары қымыз баптаған әжелер. Әйгілі Мойынбаевтар дистанциясының өкілі, ұзақ жылдар бойы Семей теміржол вокзалының бастығы болған Нағима Абдуайтқызы зейнеткерлікке шыққасын жұмысын жаңа бағытта жандандырды. 2007 жылы «Бағыт» қоғамдық бірлестігін құрып, қаладағы өздері секілді түрлі ұйымдармен бірлесіп, тағылымды шаралар жүргізуді қолға алды. Мәселен, қалалық Достық үйінде орын тепкен «Ахау Семей!» қазақ ұлтының құндылықтарын қолдау орталығымен қанаттасып, түрлі танымдық іс-шаралар өткізуде. Соның ішінде, әсіресе, жас буын арасында ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерді насихаттау, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша ілкімді жұмыс жасауда. Атап айтсақ, аталмыш бірлестік мүшелерінің қатысуымен қала бойынша «Қымызмұрындық», «Ақ орамал», «Бауырсақ» сынды этномәдени тұрғыдағы, қызғылықты әрі танымдық мазмұны бай шаралар өткізіліп жүр. Теміржолшы әжелер сапында байырғы теміржол саласының ардагері Бижамал Қалиқызын, Семей станциясында бұрма бағыттамашысы болған Тұрсынғайша Багенованы, вагон шаруашылығының бүгінгі ардагері Күләш Құдайбердіқызын, т.б. көруге болады.  – Теміржолшы ардагерлер арасында дәстүрлі «әжелер мектебін» құрудағы басты мақсатымыз – жастар арасында ұлттық салт-сананы жаңғырта отырып, салт-жоралғыларды дәріптеу, ұлтты сүюге баулу, қала берді отбасы құндылықтарын сақтауға, әулет шежіресін білу, ене мен келін қарым-қатынасы, ұрпақ тәрбиесі сынды ізгі қасиеттерді нығайту, – дейді ұйым жетекшісі Нағима Мойынбаева. Адагерлердің еш ақысыз орындалатын қоғамдық қызметі, әсіресе, Наурыз мерекесі, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мен теміржолшылардың кәсіби мерекесінде қыза түседі. Сонымен қатар, мамыр айы туысымен орталық саябақта қайырымдылық, танымдық негізде «Қымызмұрындық» сынды іс-шаралар ұйымдастырып, өскелең буынға ұлттық сусынның қадір-қасиетін, бабалар тағылымын үйретеді. Қала берді қалалық Достық үйіндегі үйірмеде тегін түрде қыз-келіншектерге ою-өрнек әзірлеу, құрақ көрпе тігу, ұзатылар қыз жасауын даярлау сынды дәстүрлер түрін дәріптеуде. Міне, наурыз туды. Алда мерекелік шаралар қатары мол. Әжелер қауымы тұсау кесу, нәрестені бесікке бөлеу, табақ тарту сынды ұлттық салт-дәстүр түрлерін тағы бір мәрте халық жадында жаңғыртып, сахна төрінен дәріптемек. Қатарлары зейнеткерлікке аяқ басқан жаңа мүшелермен де толығуда.   

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ