Талапқа сай
Өткен жылы өндірістік жұмыс кезінде еңбек қауіпсіздігінің бұзылуына жол бермеген Сексеуіл станциясының теміржолшылары ағымдағы жылдың алғашқы екі айын да тосын жағдайсыз өткізді.
Өндірістік қауіпсіздік шараларын арттырып, еңбеккердің еңбегін қорғауды мақсат тұтқан станция басшылығы биыл да осы жұмыстардың сапасын арттыруға көңіл бөліп, нәтижелі жұмыстарды жалғастырып келеді.
– Станцияда ауысымдық жұмыс алдында дәрігерлік тексеруден өткізілетін теміржолшылардың денсауылығында кінәрат болған жағдайда олар дереу күтімге алынады. Жалпы ұжым бойынша 5 маневр диспетчері, 10 дспп, 10 пойыз құрастырушы ауысым алдындағы міндетті дәрігерлік тексеруден өткізіледі. Өткен жылы дәрігерлердің қатаң бақылауынан өткізіліп жұмысқа қосылып отырған теміржолшылар денсаулығына байланысты жұмыстан шеттетілмегенмен, бір жыл ішінде 111 адам түрлі жағдайда дәрігерлік ем-дом алды, – дейді Сексеуіл станциясы бастығының орынбасары Еркебұлан Аралбайұлы.
Теміржолшылардың еңбек қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстайтын станция басшылығы қауіпсіздік күні мен еңбек қорғау күнін ай сайын өткізіп, еңбек жағдайын жақсарту арқылы еңбек шарттарын жетілдіре отырып, жұмысшы еңбегінің қорғалуын бірінші кезекке қояды. Қауіпсіздік және еңбек қорғау күні станция басшылығы теміржолшылардың, оның ішінде арнайы маневр диспетчерлерінің жұмыс орындарында еңбек қорғаудың 1-дәрежелі бақылауы өткізілсе, 2-дәрежелі бақылау станция басшысы тарапынан әр он күн сайын өткізіліп тұрады.
Сонымен қатар, станция жолдарында жұмыс жасайтын теміржолшыларды өндірістік жарақат алудан сақтандыру үшін, олардың еңбек қорғау талаптарын орындауын қадағалау үшін және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтау қағидалары бұлжытпай орындалуы үшін дауыс зорайтқыш арқылы тұрақты хабарлама оқылып тұрады. Теміржолшылардың жұмыс орындарын техникалық талапқа сай санитарлық-тұрмыстық деңгейде ұстап тұру үшін әр аптада тазалық күні өткізіледі.
Ай сайын станция жолдарындағы ескерту белгілері мен аншлагтар да тексеруден өткізіліп, ескіргендер жаңаланады. Техникалық процестердің сақталуын назарда ұстау үшін қауіпсіздіктің жоғары аумағында, белдеулерінде тосын тексерулер ұйымдастырылады. Мәселен, өткен жылы 54 мәрте тосын тексеру, 26 рет түнгі бақылау өткізілген екен. Тексерулер кезінде анықталған кемшіліктерді дер кезінде орындауға күш салынып, түсіндіру жұмыстары мен инструктаждар жүргізілген.
– Өткен жылы станция басшылығы және арнайы мамандар тарапынан теміржолшылармен 26 техникалық пысықтау сабағы ұйымдастырылып және бірнеше мәрте бекітілген тақырыптар мен телеграфтық тапсырмалар негізінде еңбеккерлердің техникалық біліктілігін арттыру жұмыстары атқарылды, – дейді станция бастығының орынбасары.
Сабырхан НӘДІРБАЙ, Сексеуіл станциясы
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ