Бадамның бағы жанар күн алыс емес

Новости
30.03.2018, 16:51
Шымкентке жақын Бадам бекеті шағын станция болса да,  қаңтарда 95 вагон жүк тиелсе, 89 вагон жүк түсіріліп, 184 вагон айналымда болған. Яғни, орташа алғанда бір тәулікке алты вагоннан келіп тұр. Ақпанда жүк көбейе бастаған. 114 вагонға жүк тиеліп, 190 вагоннан түсіріліп, тәулігіне 304 вагон айналымда жүріпті.  Көріп отырғанымыздай, қаңтармен салыстырғанда жүк айналымы ақпанда екі есеге көбейген. Әрине, бәрі бұрынғы жүктер. Тек, жыл басында келісім-шарт жасалуы уақытты алады екен. Оның үстіне қаңтар мен наурызда демалыс күндері көп болған соң, кедендік тексеру орны демалып, жүктер иіріліп қалатыны да жылда қайталанатын жағдай деседі. Тасымалды арттырып отырған «Ордабасы-Нан», «Ордасабы-Құс» кәсіпорындарымен қатар, кірпіш шығаратын «Агро V», «Батсу-Агро» ЖШС, «Бөрте-Милка» сиыр фермасы. Осындағы әскери бөлімге қару-жарақ, сарбаздарға қажетті заттар тиелген вагондар да келеді. Мұнай-газ тасымалдайтын үш жекеменшік серіктестік те бар. Халыққа көмір тарататын «АС-Дербес» ЖШС отын базасы да теміржолшылармен жұмыс істейді.  Міне, осының бәрі станциядағы бес кірме жолда атқарылады.      – Сәуірден бастап барлық шарттар жасалынып бітеді. Жүк айналымының азаюы немесе көбеюі станцияға байланысты емес. Ол – мемлекетаралық шарттар, бөлімше басшылары мен үлкен жүк компанияларының арасындағы келісімдердің уақытылы жүзеге асуына қарай атқарылады. Біз жүк тиеуге келген өз клиенттерімізді қажеттілікпен қамтамасыз етеміз. Тиелген жүктерді уақытылы түсетін орындарына қойып береміз, – дейді бекет бастығы Серік Елмұратов. Шымкентте көліктік-логистикалық аймақ ашылғалы соған жақын Игілік бекетінде жұмыс қызып, Бадамның айналасындағы зауыттар іске қосылғанда бекетке қосымша штат ашылып, көптен сөз болып жүрген жүк кассирі пайда болып дегендей, өзгеріс болатын болмаса, бүгінде  Бадам, Игілік, Қорғасын бекетіне бір ғана тепловоз қызмет көрсетеді,  пойыз құрастырушы да үш станцияға ортақ.   *** Шымкент ЭЧ мекемесіне қарасты Бадам станциясындағы желілік байланыс жүйесі бөлімі Қалаш пен Қорғасын бекеттерінің арасын электрмен жабдықтайды. Өткен жылы Қорғасын-Игілік арасындағы тақ жолда толаскез беріліп, рельс-шпалдардың бәрі ауыстырылған. Бадамдық электр механиктері жаңа келген 25 дана фиксаторлы оқшаулағыш сымдарды, одан соң ескіргендерін ауыстырған. Әрі жерлендіру сымдарын реттеп алыпты. Бадам-Қалаш телімінің арасында сымдарды ұстап тұратын ағаш бағаналардың жиырмасына темірбетонмен тіреуіш қойған. Бадам-Игілік арасындағы белгі беретін нүктедегі трансформаторлардың майын ауыстырған. Бадамға – 17, Қорғасынға – 23, Игілікке 14 дана жаңа диодты прожектор қойылған. Қазір нәтижесінде үш бекеттің түнгі жарығы самаладай.  – Материал келгенінше жаңалай береміз. Келмесе ескіні күтіп ұстаймыз. Сымды ұстап тұратын оқшаулағыш қой. Әлі де жаңалауды қажет ететін оқшаулағыш сымдар бар. Кейде аз мөлшерде беретіндіктен, қысқыштар жетіспейді. Сарыағаш бекетінде тағы бір жол салынып жатыр. Соған да әр цехтан қалған материалдарды жинап бердік. Келген материалдар темір болған соң үзіледі, біреуі сапалы болса, екіншісі сапасыз шығады дегендей. Табиғаттың тосын мінезі де бар, боран, жел жұлып кетеді. Кейде қысқыштар да сапасыз келіп, үзіліп жатады. Дегенмен, бұрынғы жылдарға қарағанда жабдықтау жақсарған, арнайы жұмыс киімі мен сақтандырғыш құралдар да жеткілікті келуде. Олардың бәрі талапқа сай деуге келмейді әрине, – дейді Бадам аудандық желілік жүйесінің бастығы Бақыт Бекетов. Шағын мекемеде екі аға электр механигі еңбек етеді. Басшылық  Есенбек Дүйсенов, Қасен Пірәнов, Қалдыбай Әзімов сынды жұмысын жүйелі атқаратын  мамандарға сүйенеді. Алты монтер да талай жылдан келе жатқан тәжірибелі жандар. Телім бойында жүретін бір АДМ дрезинасын ауысыммен төрт машинист жүргізеді. – АДМ дрезинаның аккумуляторы істен шығып қалды.Ол аккмулятор бір әлде екі айдан соң келуі мүмкін. Сондықтан оны күтіп отырмай өз қаражатыма сатып алдым. Түн ішінде жол бойында ақау болса, аккумулятор бұзылғанын айтып тұрсам кім жөндеп береді? Оның зардабынан жүк немесе жолаушылар пойызына зиян келуі мүмкін. Ал аккумулятор артынша бір айдан кейін келді. Сондықтан, жастарға үнемі теміржолшының ұраны – ақау жібермеу екенін үнемі  қайталап отырамын, – дейді Бақыт Айтмырзаұлы.  

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Грузовые перевозки
19.08.2026
Более 19 млн тонн угля перевезено в рамках подготовки к отопительному сезону в Казахстане
Регионы
19.08.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения степного пожара в Карагандинской области
Регионы
19.08.2026
Погрузка в Костанайском отделении ГП превысила план
Регионы
19.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели 154 профилактические беседы и 80 рейдов
Новости
18.08.2026
Более 2 тыс. водителей приняли участие в акции КТЖ «Безопасный переезд» в шести регионах страны
Регионы
18.08.2026
Рейд в рамках акции «Безопасный переезд» прошел на станции Актасты
Пассажирские перевозки
18.08.2026
Более 7,5 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ с начала года
Новости
18.08.2026
Единую цифровую систему мониторинга поставок угля запускают в Казахстане
Новости
18.08.2026
Модернизация железнодорожных вокзалов продолжается в области Жетысу
Новости
18.08.2026
Тренинг по ИИ и вайб-кодингу прошёл в Дирекции перевозочного процесса
Новости / Архив
18.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №65 от 18 августа 2026 года
Новости
17.08.2026
Профилактические мероприятия по безопасности на железной дороге прошли в детских лагерях Борового и Алматы
Спорт
17.08.2026
Железнодорожник завоевал серебро на чемпионате Казахстана по пара-пауэрлифтингу
Грузовые перевозки / Цифра недели
17.08.2026
Более 184 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Регионы
17.08.2026
Волонтеры-железнодорожники приняли участие в экологической акции в Караганде
Регионы
17.08.2026
Рейды в рамках акции «Безопасный переезд» проходят в Акмолинском регионе
Регионы
17.08.2026
Профком КТЖ обсудил с работниками участка Кызылорда вопросы охраны труда и соцподдержки
Новости
15.08.2026
Елжас Отыншиев посетил ключевые объекты железнодорожной инфраструктуры Алматинского региона
Регионы
14.08.2026
Акция «Безопасный переезд» проходит в ВКО
Новости
14.08.2026
Представители ВМС Казахстана посетили порт Курык