Бадамның бағы жанар күн алыс емес
Жаңалықтар
30.03.2018, 16:51
Шымкентке жақын Бадам бекеті шағын станция болса да, қаңтарда 95 вагон жүк тиелсе, 89 вагон жүк түсіріліп, 184 вагон айналымда болған. Яғни, орташа алғанда бір тәулікке алты вагоннан келіп тұр. Ақпанда жүк көбейе бастаған. 114 вагонға жүк тиеліп, 190 вагоннан түсіріліп, тәулігіне 304 вагон айналымда жүріпті.
Көріп отырғанымыздай, қаңтармен салыстырғанда жүк айналымы ақпанда екі есеге көбейген. Әрине, бәрі бұрынғы жүктер. Тек, жыл басында келісім-шарт жасалуы уақытты алады екен. Оның үстіне қаңтар мен наурызда демалыс күндері көп болған соң, кедендік тексеру орны демалып, жүктер иіріліп қалатыны да жылда қайталанатын жағдай деседі. Тасымалды арттырып отырған «Ордабасы-Нан», «Ордасабы-Құс» кәсіпорындарымен қатар, кірпіш шығаратын «Агро V», «Батсу-Агро» ЖШС, «Бөрте-Милка» сиыр фермасы. Осындағы әскери бөлімге қару-жарақ, сарбаздарға қажетті заттар тиелген вагондар да келеді. Мұнай-газ тасымалдайтын үш жекеменшік серіктестік те бар. Халыққа көмір тарататын «АС-Дербес» ЖШС отын базасы да теміржолшылармен жұмыс істейді. Міне, осының бәрі станциядағы бес кірме жолда атқарылады.
– Сәуірден бастап барлық шарттар жасалынып бітеді. Жүк айналымының азаюы немесе көбеюі станцияға байланысты емес. Ол – мемлекетаралық шарттар, бөлімше басшылары мен үлкен жүк компанияларының арасындағы келісімдердің уақытылы жүзеге асуына қарай атқарылады. Біз жүк тиеуге келген өз клиенттерімізді қажеттілікпен қамтамасыз етеміз. Тиелген жүктерді уақытылы түсетін орындарына қойып береміз, – дейді бекет бастығы Серік Елмұратов.
Шымкентте көліктік-логистикалық аймақ ашылғалы соған жақын Игілік бекетінде жұмыс қызып, Бадамның айналасындағы зауыттар іске қосылғанда бекетке қосымша штат ашылып, көптен сөз болып жүрген жүк кассирі пайда болып дегендей, өзгеріс болатын болмаса, бүгінде Бадам, Игілік, Қорғасын бекетіне бір ғана тепловоз қызмет көрсетеді, пойыз құрастырушы да үш станцияға ортақ.
***
Шымкент ЭЧ мекемесіне қарасты Бадам станциясындағы желілік байланыс жүйесі бөлімі Қалаш пен Қорғасын бекеттерінің арасын электрмен жабдықтайды. Өткен жылы Қорғасын-Игілік арасындағы тақ жолда толаскез беріліп, рельс-шпалдардың бәрі ауыстырылған. Бадамдық электр механиктері жаңа келген 25 дана фиксаторлы оқшаулағыш сымдарды, одан соң ескіргендерін ауыстырған. Әрі жерлендіру сымдарын реттеп алыпты. Бадам-Қалаш телімінің арасында сымдарды ұстап тұратын ағаш бағаналардың жиырмасына темірбетонмен тіреуіш қойған. Бадам-Игілік арасындағы белгі беретін нүктедегі трансформаторлардың майын ауыстырған. Бадамға – 17, Қорғасынға – 23, Игілікке 14 дана жаңа диодты прожектор қойылған. Қазір нәтижесінде үш бекеттің түнгі жарығы самаладай.
– Материал келгенінше жаңалай береміз. Келмесе ескіні күтіп ұстаймыз. Сымды ұстап тұратын оқшаулағыш қой. Әлі де жаңалауды қажет ететін оқшаулағыш сымдар бар. Кейде аз мөлшерде беретіндіктен, қысқыштар жетіспейді. Сарыағаш бекетінде тағы бір жол салынып жатыр. Соған да әр цехтан қалған материалдарды жинап бердік. Келген материалдар темір болған соң үзіледі, біреуі сапалы болса, екіншісі сапасыз шығады дегендей. Табиғаттың тосын мінезі де бар, боран, жел жұлып кетеді. Кейде қысқыштар да сапасыз келіп, үзіліп жатады. Дегенмен, бұрынғы жылдарға қарағанда жабдықтау жақсарған, арнайы жұмыс киімі мен сақтандырғыш құралдар да жеткілікті келуде. Олардың бәрі талапқа сай деуге келмейді әрине, – дейді Бадам аудандық желілік жүйесінің бастығы Бақыт Бекетов.
Шағын мекемеде екі аға электр механигі еңбек етеді. Басшылық Есенбек Дүйсенов, Қасен Пірәнов, Қалдыбай Әзімов сынды жұмысын жүйелі атқаратын мамандарға сүйенеді. Алты монтер да талай жылдан келе жатқан тәжірибелі жандар. Телім бойында жүретін бір АДМ дрезинасын ауысыммен төрт машинист жүргізеді.
– АДМ дрезинаның аккумуляторы істен шығып қалды.Ол аккмулятор бір әлде екі айдан соң келуі мүмкін. Сондықтан оны күтіп отырмай өз қаражатыма сатып алдым. Түн ішінде жол бойында ақау болса, аккумулятор бұзылғанын айтып тұрсам кім жөндеп береді? Оның зардабынан жүк немесе жолаушылар пойызына зиян келуі мүмкін. Ал аккумулятор артынша бір айдан кейін келді. Сондықтан, жастарға үнемі теміржолшының ұраны – ақау жібермеу екенін үнемі қайталап отырамын, – дейді Бақыт Айтмырзаұлы.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл