Ардагерлердің айтары бар
Новости
30.03.2018, 17:18
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «Шымкент жүк бөлімшесі» ЖТ филиалында ардагерлер кеңесінің кезекті есеп беру жиыны өтті. Бүгінде аймақ бойынша 3197 зейнеткер болса, оның ішінде 939 зейнеткер Магистральдық желі бөлімшесіне, ал 238 ардагер «Шымкент жүк бөлімшесі» ЖТ филиалдарына қарайды.
Бұдан бөлек «Қазтеміртранс» пен «Транстелеком» АҚ филиалдарынан, «Шымкент ремсервис» жекеменшік мекемесінен, «Теміржол су» мекемесінен, теміржол күзетінен, т.т. жекеменшік мекемелер есебінде тұрған ардагерлердің өзі жүздеп саналады. Ұлы Отан соғысына қатысқан 14 майдангер бар. Тыл еңбеккерлері – 240. Сондай-ақ, 168 зейнеткер «Еңбек ардагері» – медалінің иегері, 55 ардагер – «Құрметті теміржолшы» төсбелгісінің иегері.
Міне, осы үш мыңнан астам ардагердің жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын Ардагерлер кеңесінің жиынына Арыс, Түркістан мен Сарыағаш сынды тораптық бекеттерден ардагерлер арнайы келді. Айта кетейік, Арыс пен Түркістан сынды тораптық бекеттерде екі ардагерлер кеңесінің шағын ұйымы жұмыс істейді.
– Шымкент филиалы бойынша Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 1 млн 25 мың, кемінде он жыл теміржол көлігінде жұмыс істеген 2973 ардагерге әлеуметтік жәрдем көрсету үшін 13 млн 450 мың, екі жылда бір тісті протездеу үшін 346 адамға 7 млн 631 мың теңге бөлінген. Жастары 70,80,90-ға жақындаған 1745 әріптестің мерейтойын атап өтуге бөлінген 4 млн 381 мың теңге игерілді. Теміржол көлігінде жол жүру төлемі үшін 3146 адамға 2 млн 409 мың теңге қарастырылған. Саяжай, шипажайларға емделуге 166 адамға 13 млн 470 мың теңге, хаттамаға сәйкес 131 адамға 1 млн 571 мың теңге қаржылай көмек көрсетілген. Жұмыс істемейтін зейнеткерлерді қолдауға кететін жалпы шығын 85 млн 903 мың теңгені құраған, – деді сөзін есеп-қисаптан бастаған ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрғали Нұртаев.
Сондай-ақ өткен жылы Құрметті теміржолшы Балтасапар Ибрагимовтің 70 жылдығына орай ардагерлер арасында кіші футболдан турнир өткізілгені, ардагер-теміржолшылар: Райса Шәкірованың – 80, Сәменованың – 70, Паттевтің – 70, Камалованың – 80, Қожатаевтың – 75, Самаринаның – 90, Абдуллаев пен Оспанқұловтың 95 жылдық мерейтойлары ескеріліп, шаңырақтарына бас сұғып, ауруханада жатқан, қаза болған зейнеткерлерге қандай әлеуметтік жәрдем берілгені айтылды.
Өткен жылдың тағы бір жаңалығы, ардагерлер кеңесінің қолдауымен «Локомотив» спорт клубы құрылып, Өзбекстан мен Қазақстандағы локомотив федерациясы ұйымдастырған халықаралық жарыстарға демеушілік көрсетіп келеді.
Өткен жылы теміржолшы әулеттің бірі Кеңес Сайрамбаевтың отбасы қалалық «Үлгілі отбасы» байқауына қатысып, екінші орын алғаны да ардагерлер ұйымының мерейін үстем етті. Осындай жақсы істерді мысал еткен Нұрғали Нұртаев баяндама арасында ардагерлер облыстық көлемдегі іс-шаралардан шет қалмайтынын да сөз етті. Мысалы, 12 қаңтарда Дінмұхаммед Қонаевтың туған күнінде теміржолшы-ардагерлердің атынан Д.Қонаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойып, айтулы тұлғаның кезінде Машат теміржол көпірін салуға атсалысқанын, «Шымкент – Алматы» бағытындағы жолаушылар көлігі қатынасын іске асырған еңбегін еске алған.
Түркістандағы ардагерлер кеңесінің төрайымы Райса Шәкірова өз сөзінде ардагерлерге өлімнің қорқынышты еместігін, өмір бойы көпшіліктің ортасында жүрген жандар елеусіз-ескерусіз қалмауды ойлайтынын жеткізді. Ұл-қыз бен немеренің қызығы бір бөлек. Мейрам мен мерейтойларда баяғы ұжымдастарын бір көруді күтетіні рас. Айтары жоқ, өткен ғасырдың ортасынан осы мыңжылдықтың басына дейін шойын жолдың дамуына күні мен түнін арнаған абзал жандардың бәрі бірдей қамсыз-мұңсыз емес екен. Ұл-қызының рахатын көрер шақта жалғызбасты атанған қариялардың саны жетеуге жетіпті...
– Ардагерлер өздеріне берілетін жеңілдіктерді жақсы біледі және олар соны пайдалануға құқылы. Қазір менде 61 адам шипажайда демалса, 15 кісі тісін жөндетуде.12 жылдан бері зейнеткерлермен жұмыс істеймін, қиындықтар да жоқ емес. Олардың мерейтойында, болмаса ауырып-сырқағанда, қаза болғанда барып, туған күн иесін құттықтап, ауруына көңіл айтып, өлгеніне бата жасау керек. Сондай сәттерде қолдың қысқалығынан ұяламын. Демеушілер жоқ. Алдағы уақытта осы мәселенің шешімін қарастырсақ дұрыс болар еді, – деп өтініш-тілегін жеткізген сексеннен асқан Райса апаның сөзі талайларға ой салды.
Сосын тағы бір жаңалық, 2018-2020 жылдарға арналған соңғы ұжымдық шартта «Жүк тасымалы» АҚ филиалдарында ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлау ұсынылған. Бұл жиында сол орынға бөлімшеге танымал Майра Бақбергенова лайық деп танылды.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Новости
25.06.2026
Меры по повышению безопасности на железной дороге обсудили в КТЖ
Новости
25.06.2026
Завершена реконструкция железнодорожного вокзала Курорт-Боровое
Пассажирские перевозки
24.06.2026
Нацперевозчик объявил о скидках до 20% на популярные туристические маршруты
КТЖ в лицах
24.06.2026
Инженера-технолога Каухар Нуртазину проводили на пенсию в Семейском отделении грузовых перевозок
Новости
24.06.2026
Встреча представителей железнодорожных профсоюзов Казахстана и России состоялась в Кокшетау
Новости
24.06.2026
КТЖ призывает соблюдать правила безопасности на железной дороге в период летних каникул
Новости
24.06.2026
Дноуглубительные работы продолжаются в порту Актау
Новости
23.06.2026
Внесших вклад в развитие взаимодействия со СМИ сотрудников отметили в КТЖ
Новости
23.06.2026
Студенты ALT Университета проходят геодезическую практику на объектах КТЖ
Регионы
23.06.2026
Итоги работы за 5 месяцев подвели в РЦУП-2
Новости / Архив
23.06.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №48 от 23 июня 2026 года
Новости
22.06.2026
Будущее ключевого маршрута между Европой и Азией обсуждают в Брюсселе
Новости
22.06.2026
КМГ и КТЖ обеспечили сквозной цифровой контроль логистики нефтепродуктов в Казахстане
Инфраструктура
22.06.2026
Реконструкция железнодорожного вокзала завершена в Талдыкоргане
Новости
22.06.2026
КТЖ создаст единую цифровую сеть LTE-R для железных дорог Казахстана и международных транспортных коридоров
Регионы
22.06.2026
Железнодорожники высадили цветы у административного здания Семейского отделения магистральной сети
Грузовые перевозки / Цифра недели / Инфографика
22.06.2026
Более 130 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Новости
22.06.2026
Победителей художественного конкурса среди детей железнодорожников наградили в Астане
Регионы
22.06.2026
Карагандинские железнодорожники высадили 60 деревьев в рамках проекта «Таза Қазақстан»
Новости
21.06.2026
Машинист поезда предотвратил наезд на пятилетнего ребенка