Ардагерлердің айтары бар

Жаңалықтар
30.03.2018, 17:18
Оқуға 4 мин
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «Шымкент жүк бөлімшесі» ЖТ филиалында ардагерлер кеңесінің кезекті есеп беру жиыны өтті. Бүгінде аймақ бойынша 3197 зейнеткер болса, оның ішінде 939 зейнеткер Магистральдық желі бөлімшесіне, ал 238 ардагер «Шымкент жүк бөлімшесі» ЖТ филиалдарына қарайды.   Бұдан бөлек «Қазтеміртранс» пен «Транстелеком» АҚ филиалдарынан, «Шымкент ремсервис» жекеменшік мекемесінен, «Теміржол су» мекемесінен, теміржол күзетінен, т.т. жекеменшік мекемелер есебінде тұрған ардагерлердің өзі жүздеп саналады. Ұлы Отан соғысына қатысқан 14 майдангер бар. Тыл еңбеккерлері – 240. Сондай-ақ, 168 зейнеткер «Еңбек ардагері» – медалінің иегері,  55 ардагер – «Құрметті теміржолшы» төсбелгісінің иегері.      Міне, осы үш мыңнан астам ардагердің жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын Ардагерлер кеңесінің жиынына Арыс, Түркістан мен Сарыағаш сынды тораптық бекеттерден ардагерлер арнайы келді. Айта кетейік, Арыс пен Түркістан сынды тораптық бекеттерде екі ардагерлер кеңесінің шағын ұйымы жұмыс істейді.   – Шымкент филиалы бойынша Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 1 млн 25 мың, кемінде он жыл теміржол көлігінде жұмыс істеген 2973 ардагерге әлеуметтік жәрдем көрсету үшін 13 млн 450 мың, екі жылда бір тісті протездеу үшін 346 адамға 7 млн 631 мың теңге бөлінген. Жастары 70,80,90-ға жақындаған 1745 әріптестің мерейтойын атап өтуге бөлінген 4 млн 381 мың теңге игерілді. Теміржол көлігінде жол жүру төлемі үшін 3146 адамға 2 млн 409 мың теңге қарастырылған. Саяжай, шипажайларға емделуге 166 адамға 13 млн 470 мың теңге, хаттамаға сәйкес 131 адамға 1 млн 571 мың теңге қаржылай көмек көрсетілген. Жұмыс істемейтін зейнеткерлерді қолдауға кететін жалпы шығын 85 млн 903 мың теңгені құраған, – деді сөзін есеп-қисаптан бастаған ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрғали Нұртаев. Сондай-ақ өткен жылы Құрметті теміржолшы Балтасапар Ибрагимовтің 70 жылдығына орай ардагерлер арасында кіші футболдан турнир өткізілгені,  ардагер-теміржолшылар: Райса Шәкірованың – 80, Сәменованың – 70, Паттевтің – 70, Камалованың – 80, Қожатаевтың – 75, Самаринаның – 90, Абдуллаев пен Оспанқұловтың 95 жылдық мерейтойлары ескеріліп, шаңырақтарына бас сұғып,  ауруханада жатқан, қаза болған зейнеткерлерге қандай әлеуметтік жәрдем берілгені айтылды.    Өткен жылдың тағы бір жаңалығы, ардагерлер кеңесінің қолдауымен «Локомотив» спорт клубы құрылып, Өзбекстан мен Қазақстандағы локомотив федерациясы ұйымдастырған халықаралық жарыстарға демеушілік көрсетіп келеді. Өткен жылы теміржолшы әулеттің бірі Кеңес Сайрамбаевтың отбасы қалалық «Үлгілі отбасы» байқауына қатысып, екінші орын алғаны да ардагерлер ұйымының мерейін үстем етті. Осындай жақсы істерді мысал еткен Нұрғали Нұртаев баяндама арасында ардагерлер облыстық көлемдегі іс-шаралардан шет қалмайтынын да сөз етті. Мысалы, 12 қаңтарда Дінмұхаммед Қонаевтың туған күнінде теміржолшы-ардагерлердің атынан Д.Қонаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойып, айтулы тұлғаның кезінде Машат теміржол көпірін салуға атсалысқанын, «Шымкент – Алматы» бағытындағы жолаушылар көлігі қатынасын іске асырған  еңбегін еске алған.    Түркістандағы ардагерлер кеңесінің төрайымы Райса Шәкірова өз сөзінде ардагерлерге өлімнің қорқынышты еместігін, өмір бойы көпшіліктің ортасында жүрген жандар елеусіз-ескерусіз қалмауды ойлайтынын жеткізді. Ұл-қыз бен немеренің қызығы бір бөлек. Мейрам мен мерейтойларда баяғы ұжымдастарын бір көруді күтетіні рас. Айтары жоқ, өткен ғасырдың ортасынан осы мыңжылдықтың басына дейін шойын жолдың дамуына күні мен түнін арнаған абзал жандардың бәрі бірдей қамсыз-мұңсыз емес екен. Ұл-қызының рахатын көрер шақта жалғызбасты атанған қариялардың саны жетеуге жетіпті...   – Ардагерлер өздеріне берілетін жеңілдіктерді жақсы біледі және олар соны пайдалануға құқылы. Қазір менде 61 адам шипажайда демалса, 15 кісі тісін жөндетуде.12 жылдан бері зейнеткерлермен жұмыс істеймін, қиындықтар да жоқ емес. Олардың мерейтойында, болмаса ауырып-сырқағанда, қаза болғанда барып, туған күн иесін құттықтап, ауруына көңіл айтып, өлгеніне бата жасау керек. Сондай сәттерде қолдың қысқалығынан ұяламын. Демеушілер жоқ. Алдағы уақытта осы мәселенің шешімін қарастырсақ дұрыс болар еді, – деп өтініш-тілегін жеткізген сексеннен асқан Райса апаның сөзі талайларға ой салды.      Сосын тағы бір жаңалық, 2018-2020 жылдарға арналған соңғы ұжымдық шартта «Жүк тасымалы» АҚ филиалдарында ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлау ұсынылған. Бұл жиында сол орынға бөлімшеге танымал Майра Бақбергенова лайық деп танылды.  

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды