"Қауіпсіздік күні" көптік етпейді

Новости
10.04.2018, 12:09
2 мин чтения
Белкөл – Қызылорда өңірінде орналасқан жүк станциясы. Станция басшылығы тарапынан еңбеккерлердің жұмыс орнында қауіпсіздік талаптарын орындауын бақылау мақсатында ай сайын 4 мәрте «қауіпсіздік күні» өткізіледі екен. Станцияда  жұмыс істейтін теміржолшылардың денін жастар құрайды. Сондықтан станция бастығы Мақсат Жүсіпов қауіпсіздік күні ешқашан да көптік етпейтінін айтады. Облыс көлемінде өндірілетін мұнай-газ өнімдері тасымалының құбырға көшірілуі станциядағы қарбалас тіршілікті біршама бәсеңдеткенмен, жүк станциясының жұмысын бір сәтке болсын бәсеңсіткен емес.  Белкөл станциясына келгенімізде станция бастығы Мақсат Жүсіповті  теміржолшылармен күнделікті ауысым алдындағы инструктажын өткізіп, кейбіріне жекелей тапсырма беріп жатқан кезінде жолықтырдық. – Өткен жылы және ағымдағы жылдың алғашқы екі айында пойыздық және маневрлік жұмыстарда кемшілік орын алған жоқ. Станция еңбеккерлері жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын толық қамтамасыз етіп келеді. Жұмыс барысында кемшілік жібергендер болса, сәйкесінше акт толтырылып, кемшіліктің орын алуына байланысты шара қолданылып, жазба толтырылып, қайталанбауы үшін инструктаждар, қажет болған жағдайда техникалық сабақтар өткізіледі, нәтижесі жоғары, – дейді станция бастығы. Өткен жылдың алғашқы тоқсанында 810 вагоннан 33284 тонна жүк түсірген белкөлдік теміржолшылар биылғы үш ай ішінде 700 вагоннан 30195 тонна жүк түсіріпті. – Біздің ұжым мүшелерінің ешқайсысы кездейсоқ келген жан емес, бәрі де осы станцияда туып-өскен теміржолшылар отбасынан шыққан жандар, көзін ашқалы көргені теміржол болған соң, бәрі де өз ісінің шебері деп айтуға болады. Бәрі өз ісін жоғары жауапкершілікпен атқарып, құжат айналымы, станциялық жұмыс құжаттарының қағазға түсірілуі секілді жұмыстарды талапқа сай орындап отырғанының арқасында ұжымымыз бөлімше бойынша үздіктер қатарынан көрініп отыр. Бұл біздер үшін үлкен жетістік деп санаймыз. Әрине, бұл жетістікте аға тауар кассирі Алма Боранбаева, станция кезекшісі Гүлмира Жүнісова, пойыз құрастырушы Бағдат Жаханов және осы станция жұмысын үйлестіруші ретіндегі тәжірибелі теміржолшы, станция бастығының орынбасары Ғалымжан Әбдірамановтардың үлесі өзгелерге қарағанда қомақты деп айта аламын, – дейді үлгілі ұжымның басшысы Мақсат Өмірбекұлы. Өткен наурыз айында 319 вагонға 14088 тонна жүк тиеп, 644 вагоннан жүк түсірген белкөлдіктер тәулігіне шамамен 23 вагонды жүгінен арылтып отырған екен.

Сабырхан НӘДІРБАЙ, Белкөл станциясы

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ