Кәсібі  – өрт сөндіру  

Новости
16.04.2018, 19:23
3 мин чтения
Теміржол саласында өрт қауіпсіздігін сақтауда еселі еңбек етіп, сол қызметімен құрметке бөленген жандар жетерлік. Солардың бірі – Алматы өртке қарсы қызметі жасағының бастығы Анарбек Рсымбетов.   Теміржолда 1973 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Анарбек Рсымбетов өрт қауіпсіздігі қызметінің барлық деңгейінен өткен. Әскерилендірілген күзеттің өрт-техникалық саласы бойынша бастығының орынбасары, Алматы өртке қарсы қызмет жасағының өрт профилактикасы бойынша нұсқаушысы болып та жұмыс істеді. Қазіргі басшылық қызметін 2007 жылдан бері атқарып келеді. Сонша ұзақ  уақыт осы кәсіптің құлағын ұстап отырғандықтан оны былайғы жұрт «Әлгі пожарник Анарбек...» деп атайтынына өзіміз куә болғанбыз.  Өзінің айтуынша, теміржолдағы өрт қызметінің тарихы өрт сөндірушілердің бірнеше ұрпағының ерліктеріне толы. Өрт қорғау қызметі осыған дейін қаншама өзгерістерге түсті. 1998 жылы «ҚТЖ» РМК жанынан 13 жасақтан тұратын өртке қарсы қызмет ұйымдастырылыпты. Содан бастап 9 жыл бойына оны осы салаға  еңбегі сіңген ардагер М.Мұсаев басқарды. Сол басшы әу баста Анарбекті өрт нұсқаушысы қызметіне шақырған болатын. Жамбыл облысындағы шағын бекетте теміржолшы отбасында дүниеге келген оның әкесі Ала айғыр бекетіндегі жол дистанциясында еңбек етіпті. – Біздің қызметімізді білесіз, мазасыз, жауапкершілігі зор жұмыс. Бірақ менің айналамда қашан да жақсы ниеттегі азаматтар көп жүргендіктен жолым болды. Олар үнемі мені қолдап, қажет болса көмектесіп отырды. Әсіресе, жол қызметінің бұрынғы бастығы Рамазан Ақшабаев, сонымен қатар, әрине, менің тікелей ұстазым  Мұңайтпас Мұсаевтан көп нәрсе үйрендім, – дейді Анарбек Жақанұлы. Алматы жасағының құрамына бес өрт сөндіру пойызы кіреді: олар Алматы1, Сары-Өзек, Матай, Ақтоғай, Достық станцияларына арналған пойыздар, сонымен бірге жаңадан ашылған Алтынкөл станциясында өрт депосы бар. – Жазда қауіп күшейе түседі, әсіресе, ауылдық жерлерде табиғат аясына демалуға шыққандардың жаққан отты дұрыс сөндірмей кетуі, өртке қарсы шараларды ұмытып кетуінен біздің жұмысымыз екі еселенеді. Біздің ұжым тәулік бойына қызмет етеді, аяқасты төтенше оқиға бола қалса өрттен құтқарушыларға жинақталуға бар болғаны 18 минут уақыт беріледі. Міне, бірнеше жылдан бері Өртке қарсы қызметтің Алматы жасағы өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижелері бойынша алдыңғы орындарда келе жатыр. Өрт-техникалық жұмыстарын жақсы ұйымдастырғандары үшін жасағымыз 2013 жылы 2-ші, ал 2017 жылы үшінші орынды иеленді, – дейді жасақ бастығы. Білікті басшының басты ұстанымы: «Не ексең – соны орарсың». Бұл ұстанымын ол өзіне қатысты ғана емес, қарамағындағы қызметкерлерден де талап етеді. Олардан өз жұмыстарына адалдық пен жауапкершілікті талап етеді. Таяу уақытта қырық жылға созылған еңбек жолын қорытындылап, құрметті демалысқа шығуға дайындалып жүрген Алматының бас «өрт сөндірушісі» өзін басқа салада мүлдем елестете алмайтынын айтады. Өйткені оның өміріндегі ең ұмтылмас жылдар сүйікті кәсібімен байланысты өткен. 

Елена ҚОЛДАСБАЕВА

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ