Кәсібі – өрт сөндіру
Теміржол саласында өрт қауіпсіздігін сақтауда еселі еңбек етіп, сол қызметімен құрметке бөленген жандар жетерлік. Солардың бірі – Алматы өртке қарсы қызметі жасағының бастығы Анарбек Рсымбетов.
Теміржолда 1973 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Анарбек Рсымбетов өрт қауіпсіздігі қызметінің барлық деңгейінен өткен. Әскерилендірілген күзеттің өрт-техникалық саласы бойынша бастығының орынбасары, Алматы өртке қарсы қызмет жасағының өрт профилактикасы бойынша нұсқаушысы болып та жұмыс істеді. Қазіргі басшылық қызметін 2007 жылдан бері атқарып келеді. Сонша ұзақ уақыт осы кәсіптің құлағын ұстап отырғандықтан оны былайғы жұрт «Әлгі пожарник Анарбек...» деп атайтынына өзіміз куә болғанбыз.
Өзінің айтуынша, теміржолдағы өрт қызметінің тарихы өрт сөндірушілердің бірнеше ұрпағының ерліктеріне толы. Өрт қорғау қызметі осыған дейін қаншама өзгерістерге түсті. 1998 жылы «ҚТЖ» РМК жанынан 13 жасақтан тұратын өртке қарсы қызмет ұйымдастырылыпты. Содан бастап 9 жыл бойына оны осы салаға еңбегі сіңген ардагер М.Мұсаев басқарды. Сол басшы әу баста Анарбекті өрт нұсқаушысы қызметіне шақырған болатын. Жамбыл облысындағы шағын бекетте теміржолшы отбасында дүниеге келген оның әкесі Ала айғыр бекетіндегі жол дистанциясында еңбек етіпті.
– Біздің қызметімізді білесіз, мазасыз, жауапкершілігі зор жұмыс. Бірақ менің айналамда қашан да жақсы ниеттегі азаматтар көп жүргендіктен жолым болды. Олар үнемі мені қолдап, қажет болса көмектесіп отырды. Әсіресе, жол қызметінің бұрынғы бастығы Рамазан Ақшабаев, сонымен қатар, әрине, менің тікелей ұстазым Мұңайтпас Мұсаевтан көп нәрсе үйрендім, – дейді Анарбек Жақанұлы.
Алматы жасағының құрамына бес өрт сөндіру пойызы кіреді: олар Алматы1, Сары-Өзек, Матай, Ақтоғай, Достық станцияларына арналған пойыздар, сонымен бірге жаңадан ашылған Алтынкөл станциясында өрт депосы бар.
– Жазда қауіп күшейе түседі, әсіресе, ауылдық жерлерде табиғат аясына демалуға шыққандардың жаққан отты дұрыс сөндірмей кетуі, өртке қарсы шараларды ұмытып кетуінен біздің жұмысымыз екі еселенеді. Біздің ұжым тәулік бойына қызмет етеді, аяқасты төтенше оқиға бола қалса өрттен құтқарушыларға жинақталуға бар болғаны 18 минут уақыт беріледі. Міне, бірнеше жылдан бері Өртке қарсы қызметтің Алматы жасағы өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижелері бойынша алдыңғы орындарда келе жатыр. Өрт-техникалық жұмыстарын жақсы ұйымдастырғандары үшін жасағымыз 2013 жылы 2-ші, ал 2017 жылы үшінші орынды иеленді, – дейді жасақ бастығы.
Білікті басшының басты ұстанымы: «Не ексең – соны орарсың». Бұл ұстанымын ол өзіне қатысты ғана емес, қарамағындағы қызметкерлерден де талап етеді. Олардан өз жұмыстарына адалдық пен жауапкершілікті талап етеді. Таяу уақытта қырық жылға созылған еңбек жолын қорытындылап, құрметті демалысқа шығуға дайындалып жүрген Алматының бас «өрт сөндірушісі» өзін басқа салада мүлдем елестете алмайтынын айтады. Өйткені оның өміріндегі ең ұмтылмас жылдар сүйікті кәсібімен байланысты өткен.
Елена ҚОЛДАСБАЕВА
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды