Өткел кезекшісі  

Новости
16.04.2018, 19:31
3 мин чтения
Өткелдер мәселесі – бүгінгі таңда «күйіп» тұрған өткір мәселе. Теміржол мен автожол қиысатын нүктеде, өкінішке орай қауіпсіздікті сақтамаудың кесірінен жыл сайын қаншама апат орын алуда. Себеп – адам факторы. Яғни, апаттың дені адамдардың жауапсыздығы салдарынан болатыны жасырын емес. Ал осы өткелдерде, ары-бері өткен құрамдарды қарсы алып, шығарып салып, өтпедегі қозғалысты реттеп тұратын кезекшілердің жұмысының салмағы қаншалықты ауыр екенін көпшілігіміз түсіне бермейміз. Тәулік бойы «елдің шетінде, желдің өтінде» тұрып, қызмет ететін өткел кезекшісінің міндеті – қос көлік жолы тоғысқан қиылыста қозғалыс қауіпсіздігінің сақтауын қамтамасыз ету.   Шымкент секілді үлкен қаланың іргесіндегі Бадам сынды ел тығыз орналасқан көлемді елді мекендегі өткел кезекшісі Гүлмира Махаева жұмыстың тіпті де оңай емесін айтады. Өткелден пойыз өтетін сәтте жеңіл көліктер тығыны толып қалады екен. Көлік жүргізушілері де әр түрлі, кейбірі шлагбаумға да қарамайды, кезекшінің «тоқта!» дегеніне де құлақ аспайтын көрінеді. – Пойыз кеткен соң шлагбаумның көтерілгенін күтпей, бағдаршамға қарамай өте шығатындар жүйкеге тиіп әбден шаршатты. Заңды бұзған көліктің нөмірін жазып алып журналға тіркеп, диспетчерге хабарлаймын, басқа не келеді қолымыздан. Бір пойыз өткен соң арасы ұзаса жақсы ғой, шлагбаум жабылар-жабылмас екінші дабыл естіледі. Жолды тағы жауып, жүргізушілермен жағаласуға тура келеді. Солардың өмірі өздерінен гөрі маған керектей, шыдамай сигнал беріп, айғайлап ұрысып, кейбірі көзді ала бере шлагбаумның көтерілгенін күтпестен өте шығатындармен алысып қатты шаршаймын, – деген өткел кезекшісінің айтуынша,  жұмыстың қиыны түнде басталатын көрінеді. Өйткені, тойдан шыққан, ішіп алғандар «жағасы жайлауда» ережені жиі бұзады екен. Адам мен көліктің «тәртібін» қадағалау аздай, күндіз жол арасындағы көкке жайылған ірі қара мен ұсақ жандықты да айдап отыру керек. Қысқасы, жан-жақты қарбалас. Оның үстіне әр бес минут, ұзағанда жарты сағат сайын естілетін дабыл даусының өзі жүйкеге әсер етпей қоймайтыны тағы рас.   Бадамда жүк көбейіп, қозғалыс жылдан жылға артып келеді. Маневр тепловозы таңертеңнен кешке дейін әрі-бері жүріп пойыздарды құрастырумен болады. Қиыны сол, маневр болған соң, оған өтпе мен жолдың айырмасы жоқ, тура ортада тоқтап біраз аялдаған соң қайта кері шегініп, ары-бері қозғалыста болады. Осындай сәттің бәрінде кезекші көлік ағынын қатты бақылайды. Кешкі алтыдан кейін Астана – Сарыағаш, Маңғышлақ – Алматы, Шымкент – Сарыағаш, Түркістан – Шымкент жолаушылар пойызы Бадамға тоқтайтын болғандықтан, әр пойыздың келіп-кеткеніне дейінгі 20 минут, тіпті жарты сағаттай өтпе жабық тұрады. – Жолдасым Досыбай Өмірбаев екеуміз жол дистанциясында бірге жұмыс істеп жүріп таныстық. Басында екеуміз де жолшы болдық, ол кейін бригадир, шебер міндетін атқарды. 13 жыл отасқан соң, 43 жасында бақилық болды. Бүгінде жасым 56-да. Өтпеге келгенім бар, осы жылдардағы еңбек өтіліме 28 жыл толыпты. Қазір қызды ұзатып, келін түсіріп, қол ұзарды.Енді кіші ұлым мен қызымды аяқтандырып, уақытылы зейнетке шығуды армандаймын, – дейді Гүлмира Шәминқызы.  

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ