Үнемдеу саясатына үлес
Астана станциясының ұжымы үшін биылғы жыл ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктермен басталып отыр. «Станция бастығының жылы» аясында қолға алынып отырған жұмыстар да баршылық екен.
– Басты мақсатымыз – көрсеткіштерді өткен жылға қарағанда жақсарту. «ҚТЖ-ЖТ» АҚ басшысының бұйрығымен дизельді отын үнемі бойынша жұмыстар жандандырылуда. Оны жүзеге асыру нәтижесінде айына 23 млн теңге табыс келтіріп отырмыз. Нәтижесінде жылдың соңында үлкен көлемде үнемге қол жеткіземіз деп ойлаймын. Әр вагонды сағат сайын қадағалауда ұстаймыз. Жүк жөнелтуші, жүк қабылдаушылармен тығыз жұмыс жасаудамыз, осы жылдың өзінде олармен 3 отырыс өткіздік, 100-ден астам хат жібердік. Осындай сүзгі қойғанның арқасында бүгінгі табысымыз айтарлықтай артып отыр, – дейді станция бастығы Ертас Бейісбеков.
Бірінші тоқсанды компанияның үнемдеу саясатына үлес қосу арқылы бастаған ұжым басшысының айтуынша, пойыздар тартымына отын-энергетикалық ресурстар шығынын азайту және экономикалық тиімділікке қол жеткізу үшін станцияда биыл 9 ақпаннан бастап 7 локомотивтің ішінен №2084 маневр локомотивінің жұмысын тоқтату туралы шешім шығарылып, бұл ақпан айы бойынша 3 млн теңгеден астам қаржыны үнемдеуге әкелді. Сонымен қатар станциядағы тәуліктік жұмыс пен технологиялық үдерісті қадағалай отыра және технологиялық, өндірістік үдерісті бұзбай мынадай шешімдер қабылданған: алдымен №0301(ТЭ33А) маневрлік локомотив жұмысын 21 наурыздан бастап түнде тоқтатып, оны күндіз жүйелі пайдалану арқылы наурыз айындағы 10 күн ішінде 2 млн-ға жуық теңге үнемделген. Сондай-ақ №0297 маневр локомотиві жұмысын түнде 6 сәуірден бастап тоқтатып, оны күндіз тиімді пайдаланудың арқасында 24 күн ішінде шамамен 6 млн теңгеден астам үнем жасалған. Қорытындысында қаңтар айында 7 маневр локомотивін қолдануға 44 млн теңгеден астам шығын кеткен. Аталған маневр локомотивтерін рационалды қолданудың нәтижесінде сәуір айында бір локомотив жұмысын түнде тоқтату және екеуін күндіз пайдалану арқасында үнем сомасы 11 206 600 теңге болып, жалпы осы айдағы үнем 28 718 100 теңгені құрады. Осылайша, Астана станциясы маневр локомотивтерін тиімді пайдаланудың арқасында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген. Станцияның биылғы бірінші тоқсандағы көрсеткіштерінде оларға бір жүк операциясы аясында вагондардың кідіруі жоспарда 92,1 пайыз деп көрсетілсе, оны станция 125,4 пайыз көрсеткішпен артығымен орындаған. Сол сияқты жергілікті вагондар кідіруі деген көрсеткіште берілген жоспар 93,1 пайыз деп көрсетілсе, ол да 122,5 пайызға көп орындалып отыр.
Сонымен қатар, үнемдеуге станция жолдарында жүк пойыздарының тұру уақытының азаюы, АСУ ДКР жүйесі арқасында жұмыстың жетілдірілуі де оң ықпал еткен. Жалпы үш ай ішінде 25 пойыз станцияда кідіртіліп, олардың станцияда аялдау уақыты 64,4 сағатты құраған. Бұл да бұрынғы тоқсандар көрсеткішінен аз. Бұл жүйемен жұмыс істейтін Астана станциясы тауарлық кеңсесінің бастығы Кристина Друковская бұрынғыдай жүк жөнелтушілердің станцияға келіп, кезекке тұрып, қағаз толтыратын рәсімдері тоқтап, оны өздері интернет-қосымшалар арқылы кез келген жерде жасай алатын мүмкіндікке ие болғаны да станция жұмысының алға басуына сеп болып отырғанын айтады.
– Ерекше бақылауға контейнерлік пойыздар құрамдарындағы халықтық тұтыну тауарлары, бағалы жүктер алынады. Станция әскери күзет қызметімен бірлесе жүктерді сақтау бойынша тәуліктік жұмысты қамтамасыз етеді. «Несохранка» деген көрсеткіш бар, оны мүлдем нөлге түсірдік, бұл дегеніміз, жүктің ұрлануы, жетіспеуі секілді кемшіліктер жоқ деген сөз. Ақаулар саны біршама төмендеді. Өткен жылға қарағанда екі есе азайды, былтыр 33 вагонды құраса, биыл 12 ғана вагон. Сонымен қатар қызметкерлеріміздің біліктілігін арттыру үшін Екібастұз, Қарағанды станцияларына барып, өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізудеміз, – дейді станция бастығы.
Райхан РАХМЕТОВА
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ