Үнемдеу саясатына үлес

Жаңалықтар
20.04.2018, 14:55
Оқуға 3 мин
Астана станциясының ұжымы үшін биылғы жыл ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктермен басталып отыр. «Станция бастығының жылы» аясында қолға алынып отырған жұмыстар да баршылық екен. – Басты мақсатымыз – көрсеткіштерді өткен жылға қарағанда жақсарту. «ҚТЖ-ЖТ» АҚ басшысының бұйрығымен дизельді отын үнемі бойынша жұмыстар жандандырылуда. Оны жүзеге асыру нәтижесінде айына 23 млн теңге табыс келтіріп отырмыз. Нәтижесінде жылдың соңында үлкен көлемде үнемге қол жеткіземіз деп ойлаймын. Әр вагонды сағат сайын қадағалауда ұстаймыз. Жүк жөнелтуші, жүк қабылдаушылармен тығыз жұмыс жасаудамыз, осы жылдың өзінде олармен 3 отырыс өткіздік, 100-ден астам хат жібердік. Осындай сүзгі қойғанның арқасында бүгінгі табысымыз айтарлықтай артып отыр, – дейді станция бастығы Ертас Бейісбеков. Бірінші тоқсанды компанияның үнемдеу саясатына үлес қосу арқылы бастаған ұжым басшысының айтуынша, пойыздар тартымына отын-энергетикалық ресурстар шығынын азайту және экономикалық тиімділікке қол жеткізу үшін станцияда биыл 9 ақпаннан бастап 7 локомотивтің ішінен №2084 маневр локомотивінің жұмысын тоқтату туралы шешім шығарылып, бұл ақпан айы бойынша 3 млн теңгеден астам қаржыны үнемдеуге әкелді. Сонымен қатар станциядағы тәуліктік жұмыс пен технологиялық үдерісті қадағалай отыра және технологиялық, өндірістік үдерісті бұзбай мынадай шешімдер қабылданған: алдымен №0301(ТЭ33А) маневрлік локомотив жұмысын 21 наурыздан бастап түнде тоқтатып, оны күндіз жүйелі пайдалану арқылы наурыз айындағы 10 күн ішінде 2 млн-ға жуық теңге үнемделген. Сондай-ақ №0297 маневр локомотиві жұмысын түнде 6 сәуірден бастап тоқтатып, оны күндіз тиімді пайдаланудың арқасында 24 күн ішінде шамамен 6 млн теңгеден астам үнем жасалған. Қорытындысында қаңтар айында 7 маневр локомотивін қолдануға 44 млн теңгеден астам шығын кеткен. Аталған маневр локомотивтерін рационалды қолданудың нәтижесінде сәуір айында бір локомотив жұмысын түнде тоқтату және екеуін күндіз пайдалану арқасында үнем сомасы 11 206 600 теңге болып, жалпы осы айдағы үнем 28 718 100 теңгені құрады. Осылайша, Астана станциясы маневр локомотивтерін тиімді пайдаланудың арқасында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген. Станцияның биылғы бірінші тоқсандағы көрсеткіштерінде оларға бір жүк операциясы аясында вагондардың кідіруі жоспарда 92,1 пайыз деп көрсетілсе, оны станция 125,4 пайыз көрсеткішпен артығымен орындаған. Сол сияқты жергілікті вагондар кідіруі деген көрсеткіште берілген жоспар 93,1 пайыз деп көрсетілсе, ол да 122,5 пайызға көп орындалып отыр. Сонымен қатар, үнемдеуге станция жолдарында жүк пойыздарының тұру уақытының азаюы, АСУ ДКР жүйесі арқасында жұмыстың жетілдірілуі де оң ықпал еткен. Жалпы үш ай ішінде 25 пойыз станцияда кідіртіліп, олардың станцияда аялдау уақыты 64,4 сағатты құраған. Бұл да бұрынғы тоқсандар көрсеткішінен аз. Бұл жүйемен жұмыс істейтін Астана станциясы тауарлық кеңсесінің бастығы Кристина Друковская бұрынғыдай жүк жөнелтушілердің станцияға келіп, кезекке тұрып, қағаз толтыратын рәсімдері тоқтап, оны өздері интернет-қосымшалар арқылы кез келген жерде жасай алатын мүмкіндікке ие болғаны да станция жұмысының алға басуына сеп болып отырғанын айтады. – Ерекше бақылауға контейнерлік пойыздар құрамдарындағы халықтық тұтыну тауарлары, бағалы жүктер алынады. Станция әскери күзет қызметімен бірлесе жүктерді сақтау бойынша тәуліктік жұмысты қамтамасыз етеді. «Несохранка» деген көрсеткіш бар, оны мүлдем нөлге түсірдік, бұл дегеніміз, жүктің ұрлануы, жетіспеуі секілді кемшіліктер жоқ деген сөз. Ақаулар саны біршама төмендеді. Өткен жылға қарағанда екі есе азайды, былтыр 33 вагонды құраса, биыл 12 ғана вагон. Сонымен қатар қызметкерлеріміздің біліктілігін арттыру үшін Екібастұз, Қарағанды станцияларына барып, өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізудеміз, – дейді станция бастығы.

Райхан РАХМЕТОВА

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды