Өндіріс қауіпсіздігі сақталуы шарт
Қызылорда бөлімшесі техникалық бөлімінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері Ғабит Тілеубаев ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында аймақ теміржолшылары өндірістік жарақатсыз жұмыс істегенін және екі айлық акцияны талап деңгейінде өткізгенін жеткізді.
Бөлімшеде «ҚТЖ» ҰК» АҚ техникалық саясат бойынша вице-президенті И.Костыряның 21.02.2018 жылғы телеграфтық нұсқамасы негізінде «Еңбек қауіпсіздігі бойынша айрықша жұмыс тәртібі» тақырыбымен және «Санитарлық-тұрмыстық жағдайды жақсарту» тақырыбында Бас инженер Б.Котыревтың 17.02.2018 жылғы телеграфтық пәрмені бойынша айлықтар өткізілген.
Бөлімше директорының бұйрығымен комиссиялық жұмысшы тобы құрылып, оның төрағасы Аманкелді Арысбаевтың басшылығымен жауапты мамандар мен барлық станция басшыларынан құралған топ теміржол нысандары және теміржолшылардың жұмыс жағдайын тексеруден өткізген.
– Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесі бойынша 1 теміржолшыға өндірістік жарақаты үшін ай сайын 51400 теңге төленуде. 1615 теміржолшының денсаулыққа зиянды және қауіпті саналатын орындарда жұмыс жасағаны үшін айлық табысына 8-12 пайыз көлемінде өтемақы, 153 адамға сүт берілсе, ал 583 теміржолшыға еңбек демалысына 6-12 күн қосылды, – дейді бөлімшенің техникалық бөлімінің жетекші инженері Ғалия Көпжасарова.
Комиссия тобының мүшелері бекеттер мен станцияларды өндірістік жұмыс атқару барысында жеке және ұжымдық қауіпсіздік шараларын арттыру, электр желілері маңында теміржолшының қауіпсіздік талаптарын сақтауы, пойыз құрастырушының жұмысын үйлестіруі, вагон қараушының еңбек қорғау нұсқамасы талаптарын орындау деңгейін анықтау мақсатында 19 рет тексеру ұйымдастырып, бекеттерде жиналыс өткізіпті.
– Теміржолшының санитарлық-тұрмыстық жайын жақсарту шараларын арттыру, техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау талаптарын жақсарту жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 53 рет тосын тексеру жасалып, анықталған кемшіліктердің орындалу мерзімі белгіленіп, жауапты мамандар бекітілді. Акция кезінде теміржолшылардың еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік талаптарын орындауына баса назар аударылып, олардың күнделікті орындауы қажет өндірістік-техникалық жұмыс талабын үстеме пысықтаулар жүргізілді, – дейді бөлімшенің техникалық бөлімінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері Ғабит Серікұлы.
Сонымен қатар, жұмысшылардың технологиялық және еңбек тәртібін орындауы қадағаланып, қауіпсіздік талаптары мен ережелерін білу деңгейі, технологиялық инструкцияны игеру дәрежесін білуі, теміржолшылардың ұжымдық жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз етілуі бақыланып, теміржолшылардың күнделікті және ауысымаралық дәрігерлік тексеруден өткізілуі де назардан тыс қалмаған.
Акция кезінде станциялар мен бекеттерде өткізілген тексерулер нәтижесінде 58 кемшілік анықталып, актіленген. Мысалы, ғимараттардың тұрмыстық жағдайына байланысты 10 кемшілік көзге ілінсе, киім ілгіш шкафтарының жетіспеуі де 10 жерде актіленген, 6 рет ауа желдеткішінің болмауы тіркелген, 11 шағын бекетте күнделікті және арнайы жұмыс киімдерін кептіретін орынның жоқ екені анықталған.
– Жалпы алғанда акция кезінде теміржолшылардың санитарлық-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін бөлімше бойынша 87 стол, 325 орындық, 167 кондиционер, 123 қысқа толқынды пеш, 135 электр шәйнегі, 64 тоңазытқыш керек екені анықталып, құжатталды, – дейді бөлімшенің техникалық бөлімінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері Ғабит Серікұлы.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ