Уақыт бізді ерте есейтті...

Новости
15.05.2018, 16:43
2 мин чтения
Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, адамзатқа қасірет әкелген жылы ол не бары үш жаста еді. Әкесі Құсмұрын станциясынан алғашқы лекпен майданға аттанды. Сондықтан, тілі енді шыққан бала болса да, соғыс ерте есейткен барлық замандастары секілді сол бір алапат жылдар оның жадында мәңгі сақталып қалды.             Теміржолшы ардагер Сабырхан Нұрпейісов осылай, бала кезінен аштықтың, жоқтықтың не екенін, үлкендердің қабағы қатулы кейпін ерте көріп, біліп өсті. 1945 жылдың 8 мамыры күні ол жеті жасқа толған. Ертесі көптен күткен Жеңіс күні туды. Әкесі майданнан жаралы болса да тірі оралды, артынан мүгедек болып қалды. Сондықтан ол отбасын асырай алмады, бұл жағдай Сабырханның үлкен өмірге ерте араласып, отбасын асырау міндетін жауапкершілігіне алуына себеп болды.           Мектептен босаған уақытта бір күндік қара жұмыстарды істеп, ақша тауып, анасына әкеп беретін қаршадай бала есейгенше асықты. 14-15 жасында жазғы каникулда теміржолдың бойындағы шөбін тазалап, күтімін жасап ақша тауып, сонымен қатар тәжірибе жинап жүрген жасөспірім бірнеше жылдан соң мұнда мәңгі қалып қойды. Ресми еңбек жолын туған станциясы Құсмұрында жолшы болып бастаған ол кез келген жұмыстан қашпайтын әрі тастай етіп тындырымды орындайтын қызметінің арқасында көзге бірден түсті. Жол монтері болып жүрген жас жігітке үлкендер оқып білім алуға кеңес берді. Солардың ақылымен  Целиноград темір жол техникумына оқуға түсіп, теориялық білімін молайтты.  Туған жеріне қайта оралғасын жол шебері қызметіне кіріседі, ал 1972 жылы тәжірибелі маманды Державин станциясына аға жол шебері етіп тағайындайды.  Көріп отырғанымыздай, Сабырхан Уәлиұлының өмір жолы болат жолдай берік және таза еңбектен өрілді. Өмір бойы өз қызметіне адал болып, еңбегін отбасы мен еліне арнады. 1996 жылы зейнет жасына шығып, еңбек ардагері атанды. Алайда зейнеткерлікке шықса да тынымсыз еңбегін тоқтатпай, міне, 20 жылдан астам уақыт бойына Державин станциясындағы бастапқы ардагерлер ұйымының төрағасы қызметін атқарып келеді. Жұбайы да теміржолшы ардагер, екеуі  отбасында 5 бала тәрбиелеп өсірсе, соның екеуі ата-анасының жолын қуып, теміржолшы кәсібін таңдады.  Биылғы Жеңіс мерекесі қарсаңында Сабырхан Нұрпейісов өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Бар саналы ғұмырын теміржолға арнаған ақсақал: «Өмірде ең бастысы – тәртіп пен жинақылық. Онсыз адам жетістікке жете алмайды, ал теміржолда бұл – жазылмаған заңдылық. Сонымен қоса егде тартқан адамдар мен зейнеткерлерге қамқорлық көрсетудің маңыздылығын естен шығармайық. Себебі өткенсіз болашақ жоқ», – дейді.

Аслан ҚҰДАБАЕВ, Қостанай

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ