Уақыт бізді ерте есейтті...
Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, адамзатқа қасірет әкелген жылы ол не бары үш жаста еді. Әкесі Құсмұрын станциясынан алғашқы лекпен майданға аттанды. Сондықтан, тілі енді шыққан бала болса да, соғыс ерте есейткен барлық замандастары секілді сол бір алапат жылдар оның жадында мәңгі сақталып қалды.
Теміржолшы ардагер Сабырхан Нұрпейісов осылай, бала кезінен аштықтың, жоқтықтың не екенін, үлкендердің қабағы қатулы кейпін ерте көріп, біліп өсті. 1945 жылдың 8 мамыры күні ол жеті жасқа толған. Ертесі көптен күткен Жеңіс күні туды. Әкесі майданнан жаралы болса да тірі оралды, артынан мүгедек болып қалды. Сондықтан ол отбасын асырай алмады, бұл жағдай Сабырханның үлкен өмірге ерте араласып, отбасын асырау міндетін жауапкершілігіне алуына себеп болды.
Мектептен босаған уақытта бір күндік қара жұмыстарды істеп, ақша тауып, анасына әкеп беретін қаршадай бала есейгенше асықты. 14-15 жасында жазғы каникулда теміржолдың бойындағы шөбін тазалап, күтімін жасап ақша тауып, сонымен қатар тәжірибе жинап жүрген жасөспірім бірнеше жылдан соң мұнда мәңгі қалып қойды. Ресми еңбек жолын туған станциясы Құсмұрында жолшы болып бастаған ол кез келген жұмыстан қашпайтын әрі тастай етіп тындырымды орындайтын қызметінің арқасында көзге бірден түсті. Жол монтері болып жүрген жас жігітке үлкендер оқып білім алуға кеңес берді. Солардың ақылымен Целиноград темір жол техникумына оқуға түсіп, теориялық білімін молайтты. Туған жеріне қайта оралғасын жол шебері қызметіне кіріседі, ал 1972 жылы тәжірибелі маманды Державин станциясына аға жол шебері етіп тағайындайды.
Көріп отырғанымыздай, Сабырхан Уәлиұлының өмір жолы болат жолдай берік және таза еңбектен өрілді. Өмір бойы өз қызметіне адал болып, еңбегін отбасы мен еліне арнады. 1996 жылы зейнет жасына шығып, еңбек ардагері атанды. Алайда зейнеткерлікке шықса да тынымсыз еңбегін тоқтатпай, міне, 20 жылдан астам уақыт бойына Державин станциясындағы бастапқы ардагерлер ұйымының төрағасы қызметін атқарып келеді. Жұбайы да теміржолшы ардагер, екеуі отбасында 5 бала тәрбиелеп өсірсе, соның екеуі ата-анасының жолын қуып, теміржолшы кәсібін таңдады.
Биылғы Жеңіс мерекесі қарсаңында Сабырхан Нұрпейісов өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Бар саналы ғұмырын теміржолға арнаған ақсақал: «Өмірде ең бастысы – тәртіп пен жинақылық. Онсыз адам жетістікке жете алмайды, ал теміржолда бұл – жазылмаған заңдылық. Сонымен қоса егде тартқан адамдар мен зейнеткерлерге қамқорлық көрсетудің маңыздылығын естен шығармайық. Себебі өткенсіз болашақ жоқ», – дейді.
Аслан ҚҰДАБАЕВ, Қостанай
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды