Жүк құжатын өңдеу жеделдетілді

Новости
25.05.2018, 12:48
3 мин чтения
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның Қытаймен шекаралас Достық түйісу станциясында кеден өкілдері, экспедиторлар және станция басшылығының қатысуымен жиын өтті. Онда көпшілік назарына Алдын ала алған ақпарат негізінде АСУ ДКР жүйесі арқылы тасымалдаушылармен жүктерді кедендік рәсімдеу таныстырылымы болып өтті.  Қазіргі таңда Достық халықаралық мемлекеттік түйіспе бекетінде Алашанькоу станциясындағы құжаттарды өңдеу технологиясы қолданылуда, ол өз кезегінде көрсетіліп отырған қызметтер сапасын жақсартып, станцияның жұмысына толықтай оң ықпал етуде екен. «Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының 2013 жылдың 17 қыркүйектегі №196 шешіміне сәйкес, жүк жөнелтуші, жүк қабылдап алушы және тасымалданатын жүкке қатысты деректерге қолжетімді құқығына ие өзге де қызығушылық танытқан тұлға, экспедиторға  қажетті көлемде СМГС жүкқұжатының нөмірін, алдын ала ақпарат алу үшін ілеспе құжаттарды ұсынуы керек. Экспедитор болса, өз кезегінде, бұл деректерді Тасымалдаушыға, біздің жағдайымызда, Транзиттік құжаттарды өңдеу жөніндегі агенттікке жіберуі керек», – дейді Достық станциясының транзиттік құжаттарды өңдеу агенті Ғалымбек Тасимов. Алайда, көп жағдайда экспедиторлық компаниялар келе жатқан жүк туралы деректерді бермейді екен. Сол себептен Еуразиялық экономикалық комиссиясы Коллегиясының 2013 жылдың 17 қыркүйегіндегі шешімін сақтауға уақытша шаралар қабылданыпты. Экспедиторлар мен кеден органы өкілдерінің басын біріктірген жиында олардың назарына Алдын ала ақпарат берудің қолданыстағы тәртібі слайд-шоу ретінде ұсынылды. Онда Қытай темір жолының өкілдері Алашанькоу станциясында біздің қызметкерлерге СМГС жүкқұжатын тауардың ілеспе құжаттарымен бірге беріп жатқаны көрсетілген. Олар өз кезегінде сканерленіп, WEB Portal арқылы Достық станциясындағы Транзиттік жүктерді өңдеу жөніндегі агенттікке жіберіледі. Бұдан кейін жүк туралы алынған мәлімет, Агенттік қызметкерлерімен АСУ ДКР бағдарламасына алдын ала ақпарат ретінде енгізіліп, кедендік органға жіберіледі, ал мақұлданған жағдайда, Бірегей идентификациялық тасымалдау номері беріледі. Маман сөзіне қарағанда, АСУ ДКР және ИС «Астана 1» жүйелерінің біріктірілуі арқасында бұл операцияға кететін уақыт мөлшері шамамен 7 минутты құрап отырған көрінеді.  – Алашанькоу станциясында құжаттардың тәулік бойы өңделуінің арқасында,  оны біздің ауысыммен жұмыс істейтін қызметкерлер Қытай темір жолы қызметкерлерінен уақытылы қабылдап алып отыр. Соның арқасында біз, тексеру және кемшіліктерді анықтау арқылы қате және толық емес тауарлардың ілеспе құжаттары бар вагондардың Достық станциясына келу қаупін төмендетудеміз, бұл кемшіліктер әдетте, ҚХР-дың экспедиторлық компанияларымен түзетіліп отырады, – дейді Ғалымбек Тасимов. Оның айтуынша, Достық станциясына вагондар келісімен, нақтырақ айтқанда, мемлекеттік шекараны кесіп өтісімен транзиттік декларация 3 сағаттың ішінде контейнермен жөнелтуге, ал вагонмен жөнелту үшін ауыстырып тиелгеннен кейін барып 3 сағаттың ішінде беріледі екен. Яғни, Бірегей Идентификациялық Тасымал Номері бар Алдын ала алған ақпарат транзиттік декларация деректерімен салыстырылып, содан соң барып, транзиттік декларация кедендік органға берілмек. Практикада бұл процеске небәрі 15 минут қажет екен. – Сіздерге Достық станциясында тұрған вагондарыңыз туралы, 1435 мм жол табанындағы вагондардағы жүктерді 1520 мм жол табанындағы вагондарға тиеу, вагондардың кідіруіне түрткі болған өзге операциялар туралы ақпаратты алу, сонымен қатар Алашанькоу станциясында тауарлардың ілеспе құжаттарының растығына қатысты қытай темір жолының экспедиторлық компанияларымен жұмыстың жүргізілгені туралы ақпарат қызықты болу керек. Бұл жерде, жетіспей отырған немесе қате рәсімделген тауардың ілеспе құжаттарының барлығы дерлік Алашанькоу станциясында анықталып, вагондар еліміздің мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін түзетілетінін айрықша атап өткім келеді. Сіздер үшін бұл вагондардың тұрып қалуына кететін шығындарды қысқартса, біз үшін бұл Достық станциясының технологиялық процесінің бұзылмауына әкеледі, – дей келе  Ғалымбек Тасимов, осылайша Алдын ала алған ақпарат негізінде АСУ ДКР жүйесі арқылы тасымалдаушылармен жүктерді кедендік рәсімдеу экспедиторлар үшін де, теміржолшылар үшін де тиімді екенін жиналған қауымға жеткізді.   

Сұлугүл БАКЕСОВА

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ