Жүк құжатын өңдеу жеделдетілді
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның Қытаймен шекаралас Достық түйісу станциясында кеден өкілдері, экспедиторлар және станция басшылығының қатысуымен жиын өтті. Онда көпшілік назарына Алдын ала алған ақпарат негізінде АСУ ДКР жүйесі арқылы тасымалдаушылармен жүктерді кедендік рәсімдеу таныстырылымы болып өтті.
Қазіргі таңда Достық халықаралық мемлекеттік түйіспе бекетінде Алашанькоу станциясындағы құжаттарды өңдеу технологиясы қолданылуда, ол өз кезегінде көрсетіліп отырған қызметтер сапасын жақсартып, станцияның жұмысына толықтай оң ықпал етуде екен.
«Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының 2013 жылдың 17 қыркүйектегі №196 шешіміне сәйкес, жүк жөнелтуші, жүк қабылдап алушы және тасымалданатын жүкке қатысты деректерге қолжетімді құқығына ие өзге де қызығушылық танытқан тұлға, экспедиторға қажетті көлемде СМГС жүкқұжатының нөмірін, алдын ала ақпарат алу үшін ілеспе құжаттарды ұсынуы керек. Экспедитор болса, өз кезегінде, бұл деректерді Тасымалдаушыға, біздің жағдайымызда, Транзиттік құжаттарды өңдеу жөніндегі агенттікке жіберуі керек», – дейді Достық станциясының транзиттік құжаттарды өңдеу агенті Ғалымбек Тасимов.
Алайда, көп жағдайда экспедиторлық компаниялар келе жатқан жүк туралы деректерді бермейді екен. Сол себептен Еуразиялық экономикалық комиссиясы Коллегиясының 2013 жылдың 17 қыркүйегіндегі шешімін сақтауға уақытша шаралар қабылданыпты. Экспедиторлар мен кеден органы өкілдерінің басын біріктірген жиында олардың назарына Алдын ала ақпарат берудің қолданыстағы тәртібі слайд-шоу ретінде ұсынылды. Онда Қытай темір жолының өкілдері Алашанькоу станциясында біздің қызметкерлерге СМГС жүкқұжатын тауардың ілеспе құжаттарымен бірге беріп жатқаны көрсетілген. Олар өз кезегінде сканерленіп, WEB Portal арқылы Достық станциясындағы Транзиттік жүктерді өңдеу жөніндегі агенттікке жіберіледі. Бұдан кейін жүк туралы алынған мәлімет, Агенттік қызметкерлерімен АСУ ДКР бағдарламасына алдын ала ақпарат ретінде енгізіліп, кедендік органға жіберіледі, ал мақұлданған жағдайда, Бірегей идентификациялық тасымалдау номері беріледі. Маман сөзіне қарағанда, АСУ ДКР және ИС «Астана 1» жүйелерінің біріктірілуі арқасында бұл операцияға кететін уақыт мөлшері шамамен 7 минутты құрап отырған көрінеді.
– Алашанькоу станциясында құжаттардың тәулік бойы өңделуінің арқасында, оны біздің ауысыммен жұмыс істейтін қызметкерлер Қытай темір жолы қызметкерлерінен уақытылы қабылдап алып отыр. Соның арқасында біз, тексеру және кемшіліктерді анықтау арқылы қате және толық емес тауарлардың ілеспе құжаттары бар вагондардың Достық станциясына келу қаупін төмендетудеміз, бұл кемшіліктер әдетте, ҚХР-дың экспедиторлық компанияларымен түзетіліп отырады, – дейді Ғалымбек Тасимов.
Оның айтуынша, Достық станциясына вагондар келісімен, нақтырақ айтқанда, мемлекеттік шекараны кесіп өтісімен транзиттік декларация 3 сағаттың ішінде контейнермен жөнелтуге, ал вагонмен жөнелту үшін ауыстырып тиелгеннен кейін барып 3 сағаттың ішінде беріледі екен. Яғни, Бірегей Идентификациялық Тасымал Номері бар Алдын ала алған ақпарат транзиттік декларация деректерімен салыстырылып, содан соң барып, транзиттік декларация кедендік органға берілмек. Практикада бұл процеске небәрі 15 минут қажет екен.
– Сіздерге Достық станциясында тұрған вагондарыңыз туралы, 1435 мм жол табанындағы вагондардағы жүктерді 1520 мм жол табанындағы вагондарға тиеу, вагондардың кідіруіне түрткі болған өзге операциялар туралы ақпаратты алу, сонымен қатар Алашанькоу станциясында тауарлардың ілеспе құжаттарының растығына қатысты қытай темір жолының экспедиторлық компанияларымен жұмыстың жүргізілгені туралы ақпарат қызықты болу керек. Бұл жерде, жетіспей отырған немесе қате рәсімделген тауардың ілеспе құжаттарының барлығы дерлік Алашанькоу станциясында анықталып, вагондар еліміздің мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін түзетілетінін айрықша атап өткім келеді. Сіздер үшін бұл вагондардың тұрып қалуына кететін шығындарды қысқартса, біз үшін бұл Достық станциясының технологиялық процесінің бұзылмауына әкеледі, – дей келе Ғалымбек Тасимов, осылайша Алдын ала алған ақпарат негізінде АСУ ДКР жүйесі арқылы тасымалдаушылармен жүктерді кедендік рәсімдеу экспедиторлар үшін де, теміржолшылар үшін де тиімді екенін жиналған қауымға жеткізді.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды