Ұстазы жақсы қандай-ды...
Қай салада да жасағанын жария етпей-ақ кейінгі жас ұрпаққа өнегілі ісімен, байыпты байсалдылығымен үлгі болатын қарапайым еңбек адамдары болады. Ақтөбелік Сәмет Шүйіншалиев – сондай жан.
Теміржолшылар отбасында дүниеге келген Сәмет Байкелұлы еңбек жолын 1972 жылы Шалқар локомотив депосында жүк көтергіш кранда жүк ілуші болып бастайды. Сол жерден әскер қатарына шақырылып, екі жыл азаматтық борышын өтеп келгеннен кейін Шалқар қалпына келтіру пойызына кран жүргізушісі болып жұмысқа орналасады. Мекеменің жолдамасымен Ресейдің Ростов на Дону қаласында тәжірибесін ұштап, мамандығын шыңдау үшін жүк көтеру крандарын дайындайтын техникалық мектепте кран машинисі мамандығын игереді. Содан 1978 жылдан бері ПЖ-45, ЕДК-500, ЕДК-1000 маркалы жүк көтергіш крандарында кран машинисі болып үздіксіз қызмет етті. Арасында біліктілігін арттыру мақсатында Ақтөбе темір жол техникумын техник-механик мамандығы бойынша тәмамдады.
Техника қауіпсіздігін сақтай отырып, зіл темірдің тілін таба білген Сәмет Шүйіншалиев қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Мекемеде кәсіподақ төрағасы болған ол 1989-1994 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Шалқар қалалық кеңесінің депутаты болып сайланып, әріптестерінің мұң-мұқтажын шетуге барынша қолдау көрсетуге тырысты. Сәкеңнің шәкірттерінің бірі, кран машинисі Серік Исатай ұстазы туралы жылы лебізін білдірді.
– «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» демекші, пайғамбар жасына жеткен Сәмет Байкелұлының өнегелі еңбек жолын болашақ ұрпаққа үлгі етіп айтуға болады. Ол кісі бізді кәсіби мамандыққа баулып қана қоймай, тағдыр жолында тап келетін қиындықтармен күресуге де үйретті. Осындай жанның шәкірті болғанымды мақтан етемін, – дейді ағынан жарылған шәкірті.
Шалқар қалпына келтіру пойызында табаны күректей 44 жыл еңбек еткен Сәмет Шүйіншалиев Темір жол қауіпсіздігі қоры басқармасының 2003 жылғы лауреаты атанып, «Қазақстан темір жолына – 110 жыл» медалімен марапатталыпты. Жуырда зейнеткерлікке шығып, ендігі жерде жұбайы Қуанышпен Алланың берген ұл-қызынан сүйген немерелерінің тәрбиесімен айналысуда. Бірақ әріптестері, әсіресе кеше өзі өсірген шәкірттері әлі де тыныш қоймай жиі жұмысқа шақырып, кеңес сұрап, «мазасын» алады екен. Ардагер ақсақал оған қуанбаса ренжіген емес.
Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ