Ұстазы жақсы қандай-ды...

Жаңалықтар
25.05.2018, 13:16
Оқуға 2 мин
Қай салада да  жасағанын жария етпей-ақ кейінгі жас ұрпаққа өнегілі ісімен, байыпты байсалдылығымен үлгі болатын қарапайым еңбек адамдары болады. Ақтөбелік Сәмет Шүйіншалиев – сондай жан.  Теміржолшылар отбасында дүниеге келген Сәмет Байкелұлы еңбек жолын 1972 жылы Шалқар локомотив депосында жүк көтергіш кранда жүк ілуші болып бастайды.  Сол жерден әскер қатарына шақырылып, екі жыл азаматтық борышын өтеп келгеннен кейін Шалқар қалпына келтіру пойызына кран жүргізушісі болып жұмысқа орналасады. Мекеменің жолдамасымен Ресейдің Ростов на Дону қаласында тәжірибесін ұштап, мамандығын шыңдау үшін жүк көтеру крандарын дайындайтын техникалық мектепте кран машинисі мамандығын игереді. Содан 1978 жылдан бері ПЖ-45, ЕДК-500, ЕДК-1000 маркалы жүк көтергіш крандарында кран машинисі болып үздіксіз қызмет етті. Арасында біліктілігін арттыру мақсатында Ақтөбе темір жол техникумын техник-механик мамандығы бойынша тәмамдады. Техника қауіпсіздігін сақтай отырып, зіл темірдің тілін таба білген Сәмет Шүйіншалиев қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Мекемеде кәсіподақ төрағасы болған ол 1989-1994 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Шалқар қалалық кеңесінің депутаты болып сайланып, әріптестерінің мұң-мұқтажын шетуге барынша қолдау көрсетуге тырысты. Сәкеңнің шәкірттерінің бірі, кран машинисі  Серік Исатай ұстазы туралы жылы лебізін білдірді. – «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» демекші, пайғамбар жасына жеткен Сәмет Байкелұлының өнегелі еңбек жолын болашақ ұрпаққа үлгі етіп айтуға болады. Ол кісі бізді кәсіби мамандыққа баулып қана қоймай, тағдыр жолында тап келетін қиындықтармен күресуге де үйретті. Осындай жанның шәкірті болғанымды мақтан етемін, – дейді ағынан жарылған шәкірті. Шалқар қалпына келтіру пойызында табаны күректей 44 жыл еңбек еткен Сәмет Шүйіншалиев Темір жол қауіпсіздігі қоры басқармасының 2003 жылғы лауреаты атанып, «Қазақстан темір жолына – 110 жыл» медалімен марапатталыпты.  Жуырда зейнеткерлікке шығып, ендігі жерде жұбайы Қуанышпен Алланың берген ұл-қызынан сүйген немерелерінің тәрбиесімен айналысуда. Бірақ әріптестері, әсіресе кеше өзі өсірген шәкірттері әлі де тыныш қоймай жиі жұмысқа шақырып, кеңес сұрап, «мазасын» алады екен. Ардагер ақсақал оған қуанбаса ренжіген емес.  

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды