Бәсеке – оң бетбұрыстар бастауы
Новости
29.05.2018, 11:59
Елімізде жыл сайын он сегіз миллионнан астам жолаушыны тасымалдайтын «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы қазіргі таңда жүйелі жұмыс жүргізіп, қозғалыс саласының өркендеуіне үлес қосуда.
Соңғы уақытта «Алматы-Ташкент», «Алматы-Астана-Қазан», «Астана-Семей», «Астана-Алматы», «Астана-Шымкент», «Алматы-Шымкент» және «Қарағанды-Жезқазған» бағытына қатынайтын жаңа пойыздар іске қосылған.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ клиенттер және БАҚ өкілдерімен жұмыс жасау бағытының жетекшісі Данияр Айдархановтың мәліметінше, қозғалыс саласының белсенді дамуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ бәсекелес жекеменшік компаниялармен қатар өз қызметін де ұсынуда екен. Қазіргі таңда осы нарық саласында 10 жекеменшік тасымалдаушы 20 маршрутқа қызмет көрсетеді.
«Нарықта бірнеше бәсекелес компаниялардың болуы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бәсекеге қабілетті болуына талпыныс береді. Сол себепті, көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту, қызмет көрсетуші персоналдың дайындық деңгейін көтеру және жылжымалы құрамды жаңарту – біздің басты міндетіміз», – дейді Данияр Айдарханов.
Жаңартылған парк – жылдамдық кепілі
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-да соңғы он жылда жаңа 978 вагон сатып алынған. Оның 600-ден астам бірлігі отандық «Тұлпар-Тальго» вагондары, осы құрамдардың басым көпшілігі елімізде жүрдек қозғалыс жүйесін қамтамасыз етуде. Бүгінде вагон паркінде барлығы 2192 вагон бар. Оның елу пайызын ескі вагондар құрап отыр. Халықтың тасымалға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында бұл вагондар әлеуметтік бағдарларға қатынап жүр. Сандарды сөйлететін болсақ, 2007-2017 жылдар аралығында 978 вагон жаңартылды, оның ішінде 600-дан астамы «Тұлпар-Тальго» вагондары. Биыл тальголық вагондар қатарын тағы су жаңа 62 құраммен толықтыру жоспарланған. Маман сөзіне қарағанда, 2028 жылға қарай вагон паркі 1100 бірлік заманауи сыйымдылығы үлкейтілген (36 орыннан артық) вагонмен толықпақ. Ұзақ мерзімге жасалған жаңа концепцияның негізінде паркті жаңартудың балама нұсқалары жасалуда. Аталған жоба аясында 2019-2028 жылдар аралығында, шамамен, 1000 бірлік кең шанақтывагондар сатып алу көзделген. Жаңа вагондар жолаушыларға қолайлы жағдайымен ерекшеленбек, олар заманауи жылу беру және ауа баптау жүйелерімен, барлық қажетті ақпаратты көрсететін табломен жабдықталмақ. Сондай-ақ вагондар дәліз, тамбурлар аумағын, отыратын орындары бар салондар, вагон-мейрамханалар ішін көрсететін бейне бақылау жүйесімен жабдықталатын болады.Сервисте де серпіліс бар
Жолаушылар паркін жаңартумен қатар көрсетілетін қызмет сапасына және қызмет көрсетуші персоналдың дайындық деңгейіне де ерекше назар аударылған. Жолсеріктер үнемі этиканы сақтау, ағылшын тілінде сөйлеу мәдениетіне қатысты оқыту курстарынан өтіп тұрады. Өткен жылы 1524 жолсерік пен билет кассирі халықаралық кеңес беруші мамандардың басшылық етуімен әр түрлі оқу курстарынан өткен. Сонымен қатар, пойыз бригадасы қызметкерлерінің ерекше жағдайда іс-әрекет ету регламентіне, айталық, қолайсыз ауа райы, техникалық ақау жағдайы, т.б. ерекше көңіл бөлінген. Алғашқы медициналық көмек көрсету де назардан тыс қалмаған. Тағы бір атап өтерлігі, пойыз бригадасы қызметкерлерінің білімін тексеру және оларды тұрақты түрде аттестациядан өткізу, қызметкерлердің күйзеліске төзімділік деңгейі мен ададармен қарым-қатынас жасай білу деңгейін анықтауға бағытталған заманауи психологиялық тесттен өткізу үрдісін енгізу жұмыстары да жүргізілуде. Биылға жоспарланып отырған жағымды жаңалық, пойыздаға әлемдік стандартқа сәйкес сапасы жақсартылған төсек-орын жабдықтарымен және алмалы-салмалы жұмсақ мүлікпен жабдықтаудың жаңа стандарты енгізілмек. Соған сәйкес, көп ұзамай, жолаушылар пойыздары ортопедиялық матрастармен және вагонда дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін су өткізбейтін қабаты бар жастықтармен, барлық санитарлық-гигиеналық және өрт нормаларына сай келетін көрпелермен, астыңғы жағы жолаушылардың жарақат алуына жол бермейтіндей, сырғымайтын резеңкеден жасалған және 1 шаршы метрі 6 литрге дейін су сіңіретін әрі кір ұстайтын кілемшелермен қамтамасыз етілмек. Және де жолаушылардың Wi-Fi технологиясы бойынша жылдамдығы жоғары интернетке, медиатекасы ауқымды ойын-сауық ақпарат порталына қосылуларына мүмкіндігі тумақ.Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Грузовые перевозки
19.08.2026
Более 19 млн тонн угля перевезено в рамках подготовки к отопительному сезону в Казахстане
Регионы
19.08.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения степного пожара в Карагандинской области
Регионы
19.08.2026
Погрузка в Костанайском отделении ГП превысила план
Регионы
19.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели 154 профилактические беседы и 80 рейдов
Новости
18.08.2026
Более 2 тыс. водителей приняли участие в акции КТЖ «Безопасный переезд» в шести регионах страны
Регионы
18.08.2026
Рейд в рамках акции «Безопасный переезд» прошел на станции Актасты
Пассажирские перевозки
18.08.2026
Более 7,5 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ с начала года
Новости
18.08.2026
Единую цифровую систему мониторинга поставок угля запускают в Казахстане
Новости
18.08.2026
Модернизация железнодорожных вокзалов продолжается в области Жетысу
Новости
18.08.2026
Тренинг по ИИ и вайб-кодингу прошёл в Дирекции перевозочного процесса
Новости / Архив
18.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №65 от 18 августа 2026 года
Новости
17.08.2026
Профилактические мероприятия по безопасности на железной дороге прошли в детских лагерях Борового и Алматы
Спорт
17.08.2026
Железнодорожник завоевал серебро на чемпионате Казахстана по пара-пауэрлифтингу
Грузовые перевозки / Цифра недели
17.08.2026
Более 184 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Регионы
17.08.2026
Волонтеры-железнодорожники приняли участие в экологической акции в Караганде
Регионы
17.08.2026
Рейды в рамках акции «Безопасный переезд» проходят в Акмолинском регионе
Регионы
17.08.2026
Профком КТЖ обсудил с работниками участка Кызылорда вопросы охраны труда и соцподдержки
Новости
15.08.2026
Елжас Отыншиев посетил ключевые объекты железнодорожной инфраструктуры Алматинского региона
Регионы
14.08.2026
Акция «Безопасный переезд» проходит в ВКО
Новости
14.08.2026
Представители ВМС Казахстана посетили порт Курык