Бәсеке – оң бетбұрыстар бастауы

Жаңалықтар
29.05.2018, 11:59
Оқуға 3 мин
Елімізде жыл сайын он сегіз миллионнан астам жолаушыны тасымалдайтын «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы қазіргі таңда жүйелі жұмыс жүргізіп, қозғалыс саласының өркендеуіне үлес қосуда. Соңғы уақытта «Алматы-Ташкент», «Алматы-Астана-Қазан», «Астана-Семей», «Астана-Алматы», «Астана-Шымкент», «Алматы-Шымкент» және «Қарағанды-Жезқазған» бағытына қатынайтын жаңа пойыздар іске қосылған. «Жолаушылар тасымалы» АҚ клиенттер және БАҚ өкілдерімен жұмыс жасау бағытының жетекшісі Данияр Айдархановтың мәліметінше, қозғалыс саласының белсенді дамуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ бәсекелес жекеменшік компаниялармен қатар өз қызметін де ұсынуда екен. Қазіргі таңда осы нарық саласында 10  жекеменшік тасымалдаушы 20 маршрутқа  қызмет көрсетеді. «Нарықта бірнеше бәсекелес  компаниялардың болуы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бәсекеге қабілетті болуына талпыныс береді. Сол себепті, көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту, қызмет көрсетуші персоналдың дайындық деңгейін көтеру және жылжымалы құрамды жаңарту – біздің басты міндетіміз», – дейді Данияр Айдарханов.

Жаңартылған парк – жылдамдық кепілі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-да соңғы он жылда жаңа 978 вагон сатып алынған. Оның 600-ден астам бірлігі отандық «Тұлпар-Тальго» вагондары, осы құрамдардың басым көпшілігі елімізде жүрдек қозғалыс жүйесін қамтамасыз етуде. Бүгінде  вагон паркінде барлығы 2192 вагон бар. Оның елу пайызын ескі вагондар құрап отыр. Халықтың тасымалға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында  бұл вагондар әлеуметтік бағдарларға қатынап жүр. Сандарды сөйлететін болсақ, 2007-2017 жылдар аралығында 978 вагон жаңартылды, оның ішінде 600-дан астамы «Тұлпар-Тальго» вагондары. Биыл тальголық вагондар қатарын тағы су жаңа 62 құраммен толықтыру жоспарланған. Маман сөзіне қарағанда, 2028 жылға қарай вагон паркі 1100 бірлік заманауи сыйымдылығы үлкейтілген (36 орыннан артық) вагонмен толықпақ. Ұзақ мерзімге жасалған жаңа концепцияның негізінде паркті жаңартудың балама нұсқалары жасалуда. Аталған жоба аясында 2019-2028 жылдар аралығында, шамамен, 1000 бірлік кең шанақтывагондар сатып алу көзделген. Жаңа вагондар жолаушыларға қолайлы жағдайымен ерекшеленбек, олар заманауи жылу беру және ауа баптау жүйелерімен, барлық қажетті ақпаратты көрсететін табломен жабдықталмақ. Сондай-ақ вагондар дәліз, тамбурлар аумағын, отыратын орындары бар салондар, вагон-мейрамханалар ішін көрсететін бейне бақылау жүйесімен жабдықталатын болады.

Сервисте де серпіліс бар

Жолаушылар паркін жаңартумен қатар көрсетілетін қызмет сапасына және қызмет көрсетуші персоналдың дайындық деңгейіне де ерекше назар аударылған.  Жолсеріктер үнемі этиканы сақтау, ағылшын тілінде сөйлеу мәдениетіне қатысты оқыту курстарынан өтіп тұрады. Өткен жылы 1524 жолсерік пен билет кассирі халықаралық кеңес беруші мамандардың басшылық етуімен әр түрлі оқу курстарынан өткен. Сонымен қатар, пойыз бригадасы қызметкерлерінің ерекше жағдайда іс-әрекет ету регламентіне, айталық, қолайсыз ауа райы, техникалық ақау жағдайы,  т.б. ерекше көңіл бөлінген. Алғашқы медициналық көмек көрсету де назардан тыс қалмаған. Тағы бір атап өтерлігі, пойыз бригадасы қызметкерлерінің білімін тексеру және оларды тұрақты түрде аттестациядан өткізу, қызметкерлердің күйзеліске төзімділік деңгейі мен ададармен қарым-қатынас жасай білу деңгейін анықтауға бағытталған заманауи психологиялық тесттен өткізу үрдісін енгізу жұмыстары да жүргізілуде. Биылға жоспарланып отырған жағымды жаңалық, пойыздаға әлемдік стандартқа сәйкес сапасы жақсартылған төсек-орын жабдықтарымен және алмалы-салмалы жұмсақ мүлікпен жабдықтаудың жаңа стандарты енгізілмек. Соған сәйкес, көп ұзамай, жолаушылар пойыздары ортопедиялық матрастармен және вагонда дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін су өткізбейтін қабаты бар жастықтармен, барлық санитарлық-гигиеналық және өрт нормаларына сай келетін көрпелермен, астыңғы жағы жолаушылардың жарақат алуына жол бермейтіндей, сырғымайтын резеңкеден жасалған және 1 шаршы метрі 6 литрге дейін су сіңіретін әрі кір ұстайтын кілемшелермен қамтамасыз етілмек. Және де жолаушылардың Wi-Fi технологиясы бойынша жылдамдығы жоғары интернетке, медиатекасы ауқымды ойын-сауық ақпарат порталына қосылуларына мүмкіндігі тумақ.

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды