Қауіпсіздік – қаруы
Ақтөбе станциясының басшылығы тек мамыр айында ғана Қозғалыс қауіпсіздігі күндері қарсаңында 12 рет тексеру жұмыстарын жүргізіпті. Оның екеуі станция басшысының, қалғаны орынбасарларының қатысуымен өткен. Сонымен бірге, мамыр айында 2 жоспарлы, 2 жоспардан тыс техникалық сабақ өткізілген.
Техникалық сабақтар кезінде станция басшылығы «Қолайсыз метеорологиялық жағдай туындағанда контейнерлік пойыздар қозғалысын ұйымдастыру» тақырыбында арнайы дәріс өткізді. Сонымен бірге, «Шаруашылық пойыздарының теміржол бойында жұмыстар жүріп жатқанда қозғалысы» тақырыбы да әңгіме арқауына айналды. Станция басшысы орынбасарларынан бастап пойыз құрастырушыға дейін қатаң талап ететіні – қауіпсіздік қағидаларының қатаң сақталуы. Сондықтан әрбір станциялық «қауіпсіздік – қаруым» деген ұранмен жұмыс жасайды десек, қателеспейміз. Техникалық дәріс белгі беру және байланыс, жол, электрмен қамтамасыз ету дистанцияларының, локомотив пайдалану депосының машинистері мен нұсқаушыларының қатыстырылуымен де өткен.
Ақтөбе станциясын еңбек жолын Жіңішке станциясында пойыз құрастырушы болып бастаған тәжірибелі теміржолшы, аймаққа белгілі еңбек әулетінің өкілі Нұрлан Ермағамбетов басқарады. Станция бастығы жыл басынан бері өрескел қателік немесе олқылыққа жол берілмегенін, дегенмен 200-ден астам адам еңбек ететін, бірнеше бөліктен тұратын үлкен станцияда айлық кезінде анықталған кем-кетікті жойып, көрсеткіштерді жақсарту мақсатында жұмыстанып жатқанын алға тартады.
Мысалы, өткен сәуір айында «Пойыз құрастырушы – маневр жетекшісі» деген тақырыпта айлық шара жарияланған. Тексеру кезінде кейбір мамандар бұл айлықтан хабарсыз болып шыққан. Теміржолшылардың өзара әңгімесі таспадан тыңдалғанда да олқылықтарға жол берілген екен. Мәселен, қарапайым команда беруді ұмытып кетіп жататын кездер, пойыздарды да рұқсат етілмеген орындарда ағыту жайттары жоқ емес екен. Автотежегішті іске қосуды ұмытып кететіндер де кезіккен. Стеллаждарды құлыпқа жабу керектігін естен шығарып алатындар бар. Бір оператор Жіңішке атауын Жайсаң деп қате хабарлап жіберген. Журнал толтырғанда қол қоймай кеткендер бар. Ал, оның салдары үлкен дауға әкелетіні сөзсіз. Нөмірді қате жазу да қауіпті. Кейде кезекшілер дауыс зорайтқышпен сөйлескенде фамилия, жолдың нөмірін, бекеттің реттік нөмірін хабарлауды ұмытып кетіп жататыны да ішінара кездеседі.
Ақтөбе станциясының бастығы Нұрлан Ермағамбетов аптаның әр сейсенбісінде станция басшысы күнін өткізеді. Оған теміржол қозғалысына жауапты барлық мекеме басшылары қатысып, жұмыс барысын талқылап, пысықтап, экипировка, жабдықтау, пойыздарды жолдарға орналастыру, т.б. жұмыс барысындағы жайттар сөз болады.
Ақтөбе-1, Ақтөбе-2 станциялары жұмыс сипатына қарай телімдік және бірінші класты станция қатарына жатқызады. Ақтөбе-2 станциясы механикаландырылған дөңесте орналасқан, пойыздар құрамын құрастырып, реттеп отыруға арналған. Дөңестің биіктігі екі метр, ол жерден 10 сұрыптау жолына вагондар жиналады.
– Жалпы, Ақтөбе-1 станциясында 8 қабылдап алу-жөнелту жолы бар. Ал, Ақтөбе-2 станциясында осындай 5 жол қарастырылған. Сонымен қатар, станция бойынша 65 кірме жол бар. Оның 9-ында қауіпті жүктер тасымалданады, ал маневрлі жұмыстар Ақтөбе станциясының тақ паркінде жасалады. Ақтөбе станциясы екі бағытта жұмыс істейді, бірі Ақтөбе мен Илецк аралығы, екіншісі Ақтөбе мен Қандыағаш аралығы бойынша, – деп мәлімет берді станция басшысы.
Жолаушы тасымалына тоқталсақ, Ақтөбе-1 станциясында күніне 7 жолаушылар пойызы сапарға аттанады екен. Екі пойыз құрамы Алматыға, ал Атырау, Астана, Жем, Шалқар бағыттарына бір пойыздан жолға шығады. Сонымен бірге, Алматыдан Мәскеуге қатынайтын пойыз да осы жерде қаралады, Ресей астанасына қатынайтын пойыз тіркемелері жалғанады. Алматы, Астана, Атырау бағытында қатынайтын жолаушы пойыздары сұрыпталады. Ақтөбе арқылы қатынайтын "Тұлпар-Тальго" пойыздарына, сонымен қатар Өзбекстанның, Қырғыз елінің жолаушылары пойыздарына да қызмет көрсетіледі.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Суретті түсірген автор
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ