Бейнеу – тоғыз жолдың торабы

Новости
23.07.2018, 12:32
2 мин чтения
Бейнеу станциясы бұрын да бірнеше бағытқа жол тарайтын маңызды торап болатын. Ал Бейнеу- Жезқазған магистралі салынғалы нағыз тоғыз жолдың торабына айналды. Осыған орай станциядан «Б» паркі ашылып, басты екі жол ашылған 2014 жылдың өзінде қолдануға берілген-ді. Бірақ орталық басқаруға қосылмаған еді. Парктің барлық жолы үстіміздегі жылы ғана толықтай бітіп, жаңа жүйеге еніп, сәуір айында пайдалануға тапсырылды. Қазір станция Бейнеу-Мақат, Бейнеу-Маңғыстау, Бейнеу-Қарақалпақ, Бейнеу-Тассай бағыттарында жұмыс жүргізуде. Үш торапты жолдың кезінде Атырау және Ақтөбеге бағытталған пойыздардың барлығы Бейнеу-Мақат арқылы жөнелтілсе, енді Ақтөбе, Алматы, Жезқазғанға бағытталған жүктер Бейнеу-Тассай торабымен жіберіліп, станцияның көрсеткіштерін күннен күнге арттыруда. Мәселен, 2017 жылдың жарты жылында Бейнеуден жөнелтілген құрылыс жүгі 456 вагон болса, биылғы салыстырмалы мерзімде 1675 вагон немесе былтырғыдан 74725 тоннаға артық. Сол сияқты мұнай өнімдері 3 вагон/301 тоннаға, металлом 307 тоннаға, жалпы барлық жүк көлемі өткен жылғы алты айдағы 85681 тоннадан көбейіп, 111956 тоннаға жеткен. Сондай-ақ №1 бекетте жүктелген вагондардың саны 243-ке артып, 472933 тоннаны құраған. Дегенмен тасымалдау көрсеткіші төмендегендері де бар. Машина – 25,  әртүрлі жинақталған жүктер – 43,  ұн – 58, жем 26 вагонға азайған. Жалпы, 6 айда станцияда Орта Азиядан 150 пойыз қабылданса, 175 пойыз кері бағытта тапсырылған. Бұл көрсеткіш Тассайдан 699/ 467, Мақаттан 1027/1041, Маңғыстаудан 1467/1514 болған. – Маңғыстау бөлімшесінде, соның ішінде Бейнеу станциясы және №1 бекетте логистикалық қызметтің дұрыс жолға қойылуына байланысты вагон ағымы жылдан жылға артуда. Себебі кейінгі кездері жүгін автомобильмен тасымалдаушылардың дені темір жол көлігіне көшуде. Мысалы, қазір еліміздің кез келген жерінде Бейнеудегі №1 бекеттен тиелетін ұлу тас өндірісіне сұраныс жоғары. Сол сияқты Бейнеу астық терминалынан тиелген ұн өнімдерінің басым бөлігі Иран еліне экспортталады. Жем өнімдері Бейнеу ауданының шалғайдағы (Бейнеу-Тассай жол торабының бойында орналасқан) елді мекендеріне, Маңғыстау өңіріндегі ауыл-аймақтарға жөнелтіледі, – дейді станция бастығы Есет Хайруллин. Станцияда барлығы 13 жол болса, оның үшеуі жолаушы, қалғаны жүк пойыздарына арналған. Жаңадан салынған «Б» паркінде 7 жол бар, сәуірде толықтай пайдаланысқа берілген. Соның арқасында «Б» паркінен де пойыздарды сұрыптап, құрастыруға мүмкіндік туыпты. Жаңа жол торабының іске қосылуына байланысты жаңа жүйе де енгізіліп, қызметкерлер Ebiloc-950 микропроцессорлық орталықтандыру жүйесін меңгерген. «Б» мен «А» паркінің арақашықтығы автомобиль жолымен есептегенде 10 км. Бір ауысымда 1 күзетші, 2 вагон қараушы, 1 станция кезекшісі, 1 тасымал құжаттарын өңдеу операторы, 1 жүктерді қабылдап-тапсырушы жұмыс істейді екен.   Шахида Жұман, Маңғыстау
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ