Бейнеу – тоғыз жолдың торабы
Жаңалықтар
23.07.2018, 12:32
Бейнеу станциясы бұрын да бірнеше бағытқа жол тарайтын маңызды торап болатын. Ал Бейнеу- Жезқазған магистралі салынғалы нағыз тоғыз жолдың торабына айналды.
Осыған орай станциядан «Б» паркі ашылып, басты екі жол ашылған 2014 жылдың өзінде қолдануға берілген-ді. Бірақ орталық басқаруға қосылмаған еді. Парктің барлық жолы үстіміздегі жылы ғана толықтай бітіп, жаңа жүйеге еніп, сәуір айында пайдалануға тапсырылды.
Қазір станция Бейнеу-Мақат, Бейнеу-Маңғыстау, Бейнеу-Қарақалпақ, Бейнеу-Тассай бағыттарында жұмыс жүргізуде. Үш торапты жолдың кезінде Атырау және Ақтөбеге бағытталған пойыздардың барлығы Бейнеу-Мақат арқылы жөнелтілсе, енді Ақтөбе, Алматы, Жезқазғанға бағытталған жүктер Бейнеу-Тассай торабымен жіберіліп, станцияның көрсеткіштерін күннен күнге арттыруда.
Мәселен, 2017 жылдың жарты жылында Бейнеуден жөнелтілген құрылыс жүгі 456 вагон болса, биылғы салыстырмалы мерзімде 1675 вагон немесе былтырғыдан 74725 тоннаға артық. Сол сияқты мұнай өнімдері 3 вагон/301 тоннаға, металлом 307 тоннаға, жалпы барлық жүк көлемі өткен жылғы алты айдағы 85681 тоннадан көбейіп, 111956 тоннаға жеткен. Сондай-ақ №1 бекетте жүктелген вагондардың саны 243-ке артып, 472933 тоннаны құраған. Дегенмен тасымалдау көрсеткіші төмендегендері де бар. Машина – 25, әртүрлі жинақталған жүктер – 43, ұн – 58, жем 26 вагонға азайған.
Жалпы, 6 айда станцияда Орта Азиядан 150 пойыз қабылданса, 175 пойыз кері бағытта тапсырылған. Бұл көрсеткіш Тассайдан 699/ 467, Мақаттан 1027/1041, Маңғыстаудан 1467/1514 болған.
– Маңғыстау бөлімшесінде, соның ішінде Бейнеу станциясы және №1 бекетте логистикалық қызметтің дұрыс жолға қойылуына байланысты вагон ағымы жылдан жылға артуда. Себебі кейінгі кездері жүгін автомобильмен тасымалдаушылардың дені темір жол көлігіне көшуде. Мысалы, қазір еліміздің кез келген жерінде Бейнеудегі №1 бекеттен тиелетін ұлу тас өндірісіне сұраныс жоғары. Сол сияқты Бейнеу астық терминалынан тиелген ұн өнімдерінің басым бөлігі Иран еліне экспортталады. Жем өнімдері Бейнеу ауданының шалғайдағы (Бейнеу-Тассай жол торабының бойында орналасқан) елді мекендеріне, Маңғыстау өңіріндегі ауыл-аймақтарға жөнелтіледі, – дейді станция бастығы Есет Хайруллин.
Станцияда барлығы 13 жол болса, оның үшеуі жолаушы, қалғаны жүк пойыздарына арналған. Жаңадан салынған «Б» паркінде 7 жол бар, сәуірде толықтай пайдаланысқа берілген. Соның арқасында «Б» паркінен де пойыздарды сұрыптап, құрастыруға мүмкіндік туыпты. Жаңа жол торабының іске қосылуына байланысты жаңа жүйе де енгізіліп, қызметкерлер Ebiloc-950 микропроцессорлық орталықтандыру жүйесін меңгерген. «Б» мен «А» паркінің арақашықтығы автомобиль жолымен есептегенде 10 км. Бір ауысымда 1 күзетші, 2 вагон қараушы, 1 станция кезекшісі, 1 тасымал құжаттарын өңдеу операторы, 1 жүктерді қабылдап-тапсырушы жұмыс істейді екен.
Шахида Жұман, Маңғыстау
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды