Елордаға саяхат
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жыл сайын жазғы каникулда жас өскіндердің демалысын көңілді ұйымдастырып, дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретін түрлі шараларды қолға алып келеді.
Соның тағы бір дәлелі, 22-24 шілде аралығында компанияның орталық кәсіподақ кеңесінің ұйымдастыруымен Шығыс пен Батыс Қазақстаннан 102 баланың Астанаға үш күндік саяхаты ұйымдастырылды. Бас шаһардың 20 жылдық мерейтойына орайластырылған шарада Ақтөбе, Өскемен және Семей қаласынан келген балалар Астананың ең көрікті деген орындарын аралап, үш күн бойы орталық кәсіподақ қызметкерлерінің арнайы жасаған бағдарламасымен көңілді демалыстарын өткізді. Жас саяхатшылар қыдырысты алдымен ЭКСПО мұражайынан бастап, арнайы экскурсиялық автобуспен «Бәйтерек» монументі, «Атамекен» этно-мемориальдық кешені, Бейбітшілік және келісім сарайы сынды көркі келісті ғимаратармен қоса, «Думан» океанариумы тектес бірнеше ойын-сауық орындарын тамашалады. – Компаниямызда еңбек ететін теміржолшылардың балаларына арналған мұндай экскурсия жыл сайын ұйымдастырылады. Былтыр ЭКСПО-2017 көрмесіне орай ұйымдастырсақ, биыл Астананың мерейтойына негіздедік. Шалғай өңірлерден келген балалардың елордаға саяхаттан мол әсер алуларына баса назар аудардық, – дейді орталық кәсіподақ төрағасы Оразғали Ахметбаев.
Балалардың жолақысы компания мен ата-аналардың қалтасынан тең бөлінсе, ішер асы, жатар орны мен қаладағы серуен-саяхатты түгелдей кәсіподақ кеңесі мойнына алған екен. Бала-болашақ үшін осы тектес шаралар мұнымен шектелмейтін көрінеді. Мысалы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлерінің балалары Алматының тарихи орындарына экскурсияға бармақ.
– Бүгінгі өскелең ұрпақтың бойында елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дамытуға ерекше мән беруіміз керек. Сол себепті, біздің міндетіміз – қолда бар мүмкіндікті аямай соған алғышарт жасау. Ертең осы балаларымыз ел басқаратын азаматтар болар мүмкін. Сондықтан олардың рухани бай болуына дәл осындай елдік шаралардың тигізер пайдасы мол екеніне сенемін, – дейді Сала кәсіподағының басшысы.
Ардақ Зұлқажапқызы
Суретті түсірген Александр Жабчук
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ