Теміржолшы тағлымы
Нұрғали Нұртаевтың теміржолшыға айналғанына 56 жыл толыпты. 24 жасында тепловозды тізгіндеген жас жігіт бүгінде сексенге келсе де сүйікті теміржолына, теміржолшыларға қызмет етуде.
1962 жылы Семейдегі теміржол училищесін бітірген кейіпкеріміз өзін алдымен локомотивші ретінде танытты. Десек те, оның еңбек жолына көз салсаңыз, сөз жоқ, бұл кез келген қызметтің тұтқасын ұстап, тірлігін шыр айналдыруға қабілетті әмбебап адам екен деріңіз сөзсіз.
– Училище бітірген соң жолдамамен Арысқа келіп машинист көмекшілігіне бекітілдім. Одан машинист, нұқсаушы міндетін атқардым. Комсомолдық жастар бригадасы құрылып, сонда жиналған 50 машинист пен көмекшісін басқаруды маған жүктеді. Осылай, он жыл өмірім Арыста өтті... – деп естелік шерткен ардагердің бұл жылдардағы тағы бір игілікті ісі туралы арыстық теміржолшылардан естігенімізді бүгіп қалмайық. Арыста машинист болып жүрген Нұртаев сол жылдары балалар үшін күрес мектебін ашады. Өзі бапкер, мектептің залы кешке тоғыздан соң босайды екен де, жаттығудан кейін түнде балаларды біртіндеп үйлеріне тасиды екен, көлік қайда ол кезде, жаяу. Нұртаевтың сол жанкештілігін арыстықтар әлі күнге күліп еске алып отырады.
– 1974 жылы Шымкентке локомотив бөлімі бастығының орынбасары болып ауыстым. Одан бөлімшедегі Сумен жабдықтау бөлімін басқарып, Арыстағы кәріз жүйесін бірінші біз салдырдық. Содан кейін бөлімше бастығы Көпжан Мұхамеджанов мені қайта алдырып, локомотив бөлімінің бастығына тағайындады. Өз мамандығым бойынша жұмыс істейтініме қуанып кеттім. Бұл кезде Арыс, Түркістан, Шымкентпен қатар Түлкібаста айналым депосы, машинистер демалатын 4 демалыс үйі бар, – деп әңгімесін жалғастырды ардагер, – 1979 жылы бөлімше бастығы болып Әуезхан Салықбаев келді. Арыстан жақсы таныспыз, жоғарыдағыдай қоғамдық жұмыстар атқарған белсенділігімді біледі, Арыста машинист нұсқаушылығымен қатар кәсіподақ жұмысын қоса атқарғаным бар, Әуекең бірден мені бөлімшенің кәсіподақ комитетінің төрағалығына ұсынды. Ол деген үлкен қызмет. Бөлімше бойынша 22 мың кәсіподақ мүшесі бар. Мен локомтившімін ғой, өз жұмысым ұнайды, әйтсе де Әуекеңе қарсы келу қайда, үнсіз келістім.
Тарлан теміржолшы Салықбаев Нұртаевтың бойындағы сарқылмас күш пен энергияны жазбай таныса керек, сондықтан оны қажетті жеріне пайдалануды жөн көрген. Дәл осы жылдары Ә.Салықбаевтың басшылығымен табиғаты тамаша Түлкібастағы Машаттан балалар лагерін салатын жер таңдалып, Нұртаев құрылыстың басы-қасында жүреді. Теміржолшылардың балалары кешеге дейін демалатын лагерь болған.
Арыста жердің астынан ыстығы 85 градусқа жететін, емдік қасиеті бар минералды су шығады. Сол жерге теміржолшылар үшін емдеу-сауықтыру шипажайын салдырғысы келген Әуезхан Салықбаев Нұртаевты Мәскеуге жұмсайды. «Жерге қатысты мекеменің экологиялық бөліміне бардым. Жастары сексеннен асқан, үш қаусаған академик отыр. Амандықтан соң, Арыстан шығатын шипалы судың қасынан теміржолшылар үшін емдік шипажай салғымыз келетінін айтып, жоспар жобаны көрсеттім. Біреуі дуалға ілінген картаны ашып, ұзақ үңілді. Жоқ, болмайды, рұқсат жоқ, себебі ол жер Арыстың шетіндегі әскери оқ-дәрі қоймасына жақын көрінеді»...
Әйтсе де, сол Мәскеудің ақ бас академиктерін ымыра келтіріп сол жолы құжатқа қолдарын қойдырып рұқсатын алып келген Нұртаевтың тапқырлығына Әуекең таң қалмапты, «өйтпесең сен Нұрғали боласың ба?» деп миығынан күліпті... Арыстағы атақты емдеу-сауықтыру шипажайы осылай салынған екен.
1980 жылдары Арыстың жанында малға азық дайындайтын база жабылып, теміржолшылар өз балансына алады. Көлік жүретін жолын салып, қосалқы шаруашылық бөлімін ашады. Алғаш 100 бұзау сатып алып, ұзамай малдың саны алты отар қойға, 380 сиырға, 27 жылқыға жеткен шаруашылық теміржолшылар совхозы аталып дүркіреген екен. Нұртаев оған да қанағаттанбай, Арыс өзенінен дизельді мотор арқылы су тартып, жасанды көл жасап, балық жібереді. Айналадағы ел балыққа қарық болып, жылқы, қой, сиырды 60,70, 80 жасқа келген мерейтойын атап өтетіндерге, үйленген жастарға, той жасаған теміржолшыларға сыйлық ретінде атап, дастарханына еттен көмек бергенін көз көргендер әлі күнге айтып отырады. Осы еңбегі үшін Н.Нұртаев Мәскеуден «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталады.
Тоқсаныншы жылдары Шымкент теміржолының бас инженері болып тағайындалған Н.Нұртаев сол жылдары Машат көпіріндегі екі бағыттағы теміржол құрылысын салуға атсалысқанын мақтаныш етеді. «Көпір біткен соң, Шымкент жақтан бірінші өтетін пойыз келе жатты. Жүрегіміз дүрс-дүрс соғады. Көпір салған жасақтың бастығы екеуміз көпірдің астына түстік. «Егер біз салған жолдан ақау кетіп, пойыз құласа, астында қалайық. Төтенше жағдай болса, бәрібір сотталамыз» дедік», – деп күліп алды кейіпкеріміз...
Міне, соңғы 15 жылда бөлімшедегі ардагерлер кеңесін басқарып, мұнда да талай сауапты да игілікті іс-шараның ұйытқысы болу әдетінен танбай өзі сынды зейнеттегі әріптестеріне барынша қамқорлық жасап жүрген кейіпкеріміздің тағылымға толы өмірдерегі осындай. Бүгін 80 жасқа толып отырған ардагерді өзі жарты ғасырға жуық еңбек еткен Шымкент теміржолы басшылығынан бөлек, Теміржолшылардың орталық ардагерлер кеңесі, қалалық және аудандық ардагерлер кеңесі құттықтап, облыстық мәслихат хатшылары Алғыс хат ұсынып, иығына шапан жапты.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Суретті түсірген автор
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ