Күзгі байқау сынағы басталды
Теміржолшылар үшін ықылым заманнан бері бұлжымас заңдылыққа айналған қағида бар. Ол алып шаруашылықтың қыс маусымында жұмыс істеуге дайындығын шыңдайтын күзгі байқау мен қыс біткен соң шаруашылықты жазғы тасымал маусымына дайындайтын көктемгі байқау шараларының өтуі. Міне, биылғы жылы да жылдағы дәстүрмен қыркүйектің 12 күні ел темір жолында күзгі комиссиялық байқау басталды...
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Бауыржан Орынбасаровтың жеделхатына сәйкес жер-жерлерде құрылымдық темір жол мекемелері басшылары байқау өткізуге қатысты кестелер жасап, соның негізінде темір жол бойы мен нысандардың қатал маусымға дайындығының ұйымдастырылуын талапқа сай орындауды қамтамасыз етпек. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша шаралар қабылданып, оның орындалуын комиссия төрағалары қадағалайтын болады.
Жол бөлімшелерінде комиссиялық байқаудың өту кестесіне сай, бірінде ерте, бірінде бір апта кейін басталатын науқандық шара қазан айының 21-не дейін созылады. Байқауды талапқа сай өткізуге темір жол бойындағы әрбір кәсіпорын, өндіріс орындары мен мекемелер түгел атсалысуы міндет. Жол шаруашылығы кәсіпорындарында ПЧ директорлары, орынбасарлары, бас инженерлерінің төрағалығымен бұйрықтар шығарылып, тексеру нәтижелері бекітілген формаға сәйкес актпен рәсімделуде. Байқау қорытындылары бойынша әрбір айналымда хаттама толтыру арқылы жұмыс жиналыстары өткізілуде. Сонымен қатар әрбір жекелеген пункттерде комиссия мүшелері елді мекендер тұрғындарымен кездесіп, темір жол бойында мал жаю, малды жолға жібермеу жөнінде түсіндіреді.
Байқаудың басты міндеті – пойыздар қозғалысы қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін ақаулықтарды дер кезінде анықтап, жою. Әсіресе, қар жинайтын техникалардың жұмыс істеу жарамдылығы мен қарға қарсы қоршаулардың жағдайын мұқият қарауға баса көңіл бөлінеді. Соған қоса күрделі жөндеу мерзімі өтіп кеткен және қанағаттананарлық деген баға алмаған шақырымдар, соңғы рет жол өлшегіш вагондармен жүріп өткенде ақаулықтары 4,5 дәрежеде болған жол телімдері жіті тексерілмек. Сондай-ақ жолдың қисық телімдерінің, әсіресе, кіші радиусты қисық жолдардың, ауыспалы, айқаспа қисық бағыттама бұрмаларының, түйіспе саңылауларының, рельстік бекітілу, бағыттама бұрмаларының, түйіспесіз жолдардың жағдайы, жолдың ығысып кетпеуі үшін бекітілуі, желілерді бекіту тәртібі, клеммалық және төсеме бұрандамалардың бұралуы, бунақтардың бекітілуі, теңгермелі аралықтардағы түйіспелі саңылаулар жағдайы, техникалық құжаттамалар мен ПУ-28, ПУ-29 өлшеу кітаптарын жүргізу, 561Ц бұйрығына сәйкес тексеру жүргізу де осы байқау барысында назарға алынады.
Қыстың қамын жаз ойлап, енді сол дайындықты осындай байқаулар арқылы пысықтап жатқан теміржолшылар қауымы алға қойған тапсырмаларды өз мерзімінде орындау үшін кеңестер мен селекторлық басқосуларды жиілетіп, түйткілді мәселелерді талқылауда. Анықталған кемшіліктеріне қарай күз мезгілінің бел ортасына дейін созылуы мүмкін әрекеттер сәтінде жер-жерде бірінші басшылар желі бойына аттанып, жағдаймен тікелей танысады. Нақтырақ айтқанда, вокзал шаруашылығының нысандары, өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, өзге де инфрақұрылым нүктелері, жол төсемі, жер қабаты, өткелдер, кіреберіс жолдар ахуалы, өртке қарсы қауіпсіздік құралдары, нысандардың талапқа сәйкестігі, барлығы мұқият екшелмек. Бұған қоса, тауар-материалдық құндылықтар мен оларды сақтау қоймалары, сумен және жылумен жабдықтау мүмкіндігі, кәсіпорындардың қосалқы бөлшектермен, жанар-жағармаймен жеткілікті қамтылу деңгейі, еңбек қорғау, өндірістік тәртіп мәселелеріне де жеке-дара көңіл бөлінбек.
Темір жол саласының негізгі өзегі – жол шаруашылығына қатысты айтар болсақ, биылғы күзгі комиссиялық тексеру барысында барлығы 21 041,5 км басты жол, 6401,2 км станциялық жол және 19359 бағыттама бұрмалары тексеріледі деп жоспарланған. Соның ішінде биыл ғана қатарға қосылған жаңа темір жолдар – Арқалық – Шұбаркөл, Сексеуіл – Жезқазған, Шалқар – Бейнеу телімдері де бар.
Мақсат – жол шаруашылығының тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, шаруашылықты 2016-2017 жылғы қысқы маусымдағы жұмысқа дайындау, пойыздарды қауіпсіз өткізу жағдайын жасап, анықталған кемшіліктерді жою үшін дер кезінде шаралар алу, пойыздар қозғалысы жылдамдығын шектеудің көбейіп кетуіне жол бермеу.
Райхан Рахметова, Астана
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане