Күзгі байқау сынағы басталды

Жаңалықтар
16.09.2016, 09:32
Теміржолшылар үшін ықылым заманнан бері бұлжымас заңдылыққа айналған қағида бар. Ол алып  шаруашылықтың қыс маусымында жұмыс істеуге дайындығын шыңдайтын күзгі байқау мен қыс біткен соң шаруашылықты жазғы тасымал маусымына  дайындайтын көктемгі байқау шараларының өтуі. Міне, биылғы жылы да жылдағы дәстүрмен қыркүйектің 12 күні  ел темір жолында күзгі комиссиялық байқау басталды...  «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Бауыржан Орынбасаровтың жеделхатына сәйкес жер-жерлерде құрылымдық темір жол мекемелері басшылары байқау өткізуге қатысты кестелер жасап, соның негізінде темір жол бойы мен нысандардың қатал маусымға дайындығының ұйымдастырылуын талапқа сай орындауды қамтамасыз етпек. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша шаралар қабылданып, оның орындалуын комиссия төрағалары қадағалайтын болады.     Жол бөлімшелерінде комиссиялық байқаудың өту кестесіне сай, бірінде ерте, бірінде бір апта кейін басталатын науқандық шара қазан айының 21-не дейін созылады. Байқауды  талапқа сай өткізуге темір жол бойындағы әрбір кәсіпорын, өндіріс орындары мен мекемелер түгел атсалысуы міндет. Жол шаруашылығы кәсіпорындарында ПЧ директорлары, орынбасарлары, бас инженерлерінің төрағалығымен бұйрықтар шығарылып, тексеру нәтижелері бекітілген формаға сәйкес актпен рәсімделуде. Байқау қорытындылары бойынша әрбір айналымда хаттама толтыру арқылы жұмыс жиналыстары өткізілуде. Сонымен қатар әрбір жекелеген пункттерде комиссия мүшелері елді мекендер тұрғындарымен кездесіп, темір жол бойында мал жаю, малды жолға жібермеу жөнінде түсіндіреді.   Байқаудың басты міндеті – пойыздар қозғалысы қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін ақаулықтарды дер кезінде анықтап, жою. Әсіресе, қар жинайтын техникалардың жұмыс істеу жарамдылығы мен қарға қарсы қоршаулардың жағдайын мұқият қарауға баса көңіл бөлінеді. Соған қоса күрделі жөндеу мерзімі өтіп кеткен және қанағаттананарлық деген баға алмаған шақырымдар, соңғы рет жол өлшегіш вагондармен жүріп өткенде ақаулықтары 4,5 дәрежеде болған жол телімдері жіті тексерілмек. Сондай-ақ жолдың қисық телімдерінің, әсіресе,  кіші радиусты қисық жолдардың, ауыспалы, айқаспа қисық бағыттама бұрмаларының, түйіспе саңылауларының, рельстік бекітілу, бағыттама бұрмаларының, түйіспесіз жолдардың жағдайы, жолдың ығысып кетпеуі үшін бекітілуі, желілерді бекіту тәртібі, клеммалық және төсеме бұрандамалардың бұралуы, бунақтардың бекітілуі, теңгермелі аралықтардағы түйіспелі саңылаулар жағдайы, техникалық құжаттамалар мен ПУ-28, ПУ-29 өлшеу кітаптарын жүргізу, 561Ц бұйрығына сәйкес тексеру жүргізу де осы байқау барысында назарға алынады.    Қыстың қамын жаз ойлап, енді сол дайындықты осындай байқаулар арқылы пысықтап жатқан теміржолшылар қауымы алға қойған тапсырмаларды өз мерзімінде орындау үшін кеңестер мен селекторлық басқосуларды жиілетіп, түйткілді мәселелерді талқылауда. Анықталған кемшіліктеріне қарай күз мезгілінің бел ортасына дейін созылуы мүмкін әрекеттер сәтінде жер-жерде бірінші басшылар желі бойына аттанып, жағдаймен тікелей танысады. Нақтырақ айтқанда, вокзал шаруашылығының нысандары, өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, өзге де инфрақұрылым нүктелері, жол төсемі, жер қабаты, өткелдер, кіреберіс жолдар ахуалы, өртке қарсы қауіпсіздік құралдары, нысандардың талапқа сәйкестігі, барлығы мұқият екшелмек. Бұған қоса, тауар-материалдық құндылықтар мен оларды сақтау қоймалары, сумен және жылумен жабдықтау мүмкіндігі, кәсіпорындардың қосалқы бөлшектермен, жанар-жағармаймен жеткілікті қамтылу деңгейі, еңбек қорғау, өндірістік тәртіп мәселелеріне де жеке-дара көңіл бөлінбек.  Темір жол саласының негізгі өзегі  – жол шаруашылығына қатысты  айтар болсақ, биылғы күзгі комиссиялық тексеру барысында барлығы 21 041,5 км басты жол, 6401,2 км станциялық жол және 19359 бағыттама бұрмалары тексеріледі деп жоспарланған. Соның ішінде биыл ғана қатарға қосылған жаңа темір жолдар – Арқалық – Шұбаркөл, Сексеуіл – Жезқазған, Шалқар – Бейнеу телімдері де бар. Мақсат – жол шаруашылығының тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, шаруашылықты 2016-2017 жылғы қысқы маусымдағы жұмысқа дайындау, пойыздарды қауіпсіз өткізу жағдайын жасап, анықталған кемшіліктерді жою үшін дер кезінде шаралар алу, пойыздар қозғалысы жылдамдығын шектеудің көбейіп кетуіне жол бермеу.

 Райхан Рахметова, Астана

Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?
ҚТЖ келбеті
22.06.2026
Түлкібастық инженердің жобасы миллиондаған қаражатты үнемдеді
Жүк тасымалы / Апта саны / Инфографика
22.06.2026
ҚТЖ желісімен 130 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Инфрақұрылым
22.06.2026
Ақтөбе вокзалы мерзімінен бұрын, тамыз айында пайдалануға берілмек
Әлемде
22.06.2026
ЕҚДБ Өзбекстан темір жолын цифрландыруға 38,4 млн еуро бөледі