Темір жол машиналарын жасау – дамудың жаңа деңгейінде
Астанада осымен төртінші жыл Қазақстанның машина жасаушыларының «Дамыған машина жасау саласы - бәсекеге қабілетті Қазақстан» атты форумы өтті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас ғимаратында өткен дәстүрлі шараға әлемнің 20 елінен келген 108-ден астам делегат, қазақстандық машина жасау өнеркәсібіндегі ірі өндірушілер қатысып, отандық машина жасау саласының даму әлеуетін көрсету және әлемдегі өнеркәсіп алыптарын ынтымақтастыққа тарту, соның ішінде теміржолдық машина жасау мәселелерін талқылады.
Форумға келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың форум қатысушыларына арнаған Үндеуін оқыды. Мемлекет басшысы форумның ашылуымен құттықтай келе, бұл маңызды шараның жаңа экономикалық жағдайда алға қойған мақсаттарға жету үшін тәжірибелік шаралар қабылдауға мүмкіндік беретінін атап айтқан.
Жыл сайын өткізіліп келе жатқан форум нәтижелері қуантады. Негізгі отырыстан кейін мұнай-газ, тау-кен, ауылшаруашылығы, электротехникалық, теміржол, қорғаныс бойынша машиналар, автомобиль жасау жөнінде топталып өткізілетін секциялық жиындарда келешектегі машина жасаудың маңызды мәселелері талқыланады. Форумды ашып жүргізген «Қазақстанның Машина жасаушылар одағы» ЗТБ төрағасы Мейрам Пішембаев осыған назар аудартты. Шараға сонымен қатар ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша алқа мүшесі және министрі Нұрлан Алдабергенов, «General Electric» компаниясы, «Ростсельмаш» ЖШҚ, Қазақстандық автобизнес қауымдастығы, «Karlskrona LC AB» ЖШС басшылары және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Үкімет мүшелері де қатысты. Шарада сөз алған Ж.Қасымбек темір жол көлігі машинасын жасаудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Дженерал Электрик, Тальго, Альстом трансұлттық компанияларымен серіктестік қатынастар жоғары деңгейде. «Мемлекет басшысы мемлекеттің қолдауымен экспортқа бағытталған және өндірістік өнімділігі жоғары критериилерді қатаң сақтау туралы тапсырма берді»,-деді ол.
Форум аясында өткен 7 секциялық отырыстың бірі - теміржол көлігіне арналған секцияда «Локомотив жөндеу» АҚ президенті Талғат Лесов баяндама жасады. Ол өз баяндамасында қазіргі кездегі темір жол көлігі машинасын жасау ахуалы мен болашақтағы міндеттері туралы әңгімеледі.
Сала мамандарының айтуынша, қазіргі таңда темір жол көлігі машинасын жасау кластерін жинақтаушы материалдармен, қосалқы бөлшектермен қамтушыларды 189 шағын және орта бизнес өкілдері құрайды. Кәсіпорындарда 12 мың жұмыс орны жасақталып, теміржолдың 5120 түрлі өнімдері игерілген. Осылайша, өнімдердің қазақстандық үлесі 40% -дан 80%-ға дейін жетеді.
Стратегиялық серіктестермен бірлесе отырып, жылжымалы құрам мен жолдың үстіңгі қабатына қажетті материалдар шығаратын ірі зауыттар бой көтерді. Олардың қатарында «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС, «Тұлпар-Тальго», «Электровоз құрастыру зауыты», «Ақтөбе рельс арқауы зауыты», «Астана Дизель Сервис» бар.
Талғат Лесовтің айтуынша, тұңғыш рет Ақтөбеде Қазақстан ғана емес, Орталық Азия, Кавказ, Шығыс Еуропаға ортақ теңдессіз рельс өнімдері шығарыла бастады. Бүгінгі күнге дейін 21 мың тонна рельс өнімдері шығарылған болса, 2016 жыл аяғына дейін 100 мың тонна рельс өнімдерін игеру көзделіп отыр.
Жаңа рельстер Алматы-Шу екінші темір жол желісі құрылысы мен Құрық паром кешені, Астана жаңа темір жол вокзалы сынды «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы нысандарға төселуде. Қазіргі таңда зауыттарда өнімдерінің сапасын жақсартып, жаңғырту жұмыстары қатар жүргізілуде. Мәселен, «Тұлпар-Тальго» ЖШС желісінде қорабы кеңейтілген жолаушылар вагонын шығару басталды. 2020 жылдарға дейін осындай жаңғыртылған 603 вагон шығару жоспарланып отыр. Қазіргі кезде вагондар сертификациялық сынақтан өткізілуде. Желтоқсанға дейін екі жылжымалы құрамды жолға шығару жоспарланып отыр. Оның сыртында, жүк тиейтін жылжымалы құрамды: жартылай вагон, астық вагоны, фитингілік платформаны жаңғырту жұмыстары да басталды. Сонымен қатар жолаушылар тасымалдайтын жылжымалы құрамға арналған тепловоздар мен электровоздар да шығарылуда. Отандық өнімдерді экспортқа шығару қарқын алған. Соңғы үш жылда Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Украина, Ресейге тепловоздар, электровоздар, бағыттауыш бұрмалар мен электр жетектері жіберілуде. Кавказ, Балтық жағалауы, Иран, БАӘ мен басқа да елдердің нарығын игерудің ұйымдастыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Секциялық жиын барысында осы және өзге де салалық мәселелерге арналған баяндамалар тыңдалып, соңында саладағы бірқатар еңбеккерлер «Құрметті машина құрастырушы» белгісімен марапатталды.
Райхан Рахметова, Астана
Суретті түсірген Александр Жабчук
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1