Темір жол машиналарын жасау  – дамудың жаңа деңгейінде

Жаңалықтар
20.09.2016, 10:38
Оқуға 4 мин
 Астанада осымен төртінші жыл Қазақстанның машина жасаушыларының «Дамыған машина жасау саласы - бәсекеге қабілетті Қазақстан» атты форумы өтті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас ғимаратында өткен дәстүрлі шараға әлемнің 20 елінен келген 108-ден астам делегат, қазақстандық машина жасау өнеркәсібіндегі ірі өндірушілер қатысып, отандық машина жасау саласының даму әлеуетін көрсету және әлемдегі өнеркәсіп алыптарын ынтымақтастыққа тарту, соның ішінде теміржолдық машина жасау мәселелерін талқылады.    Форумға келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың форум қатысушыларына арнаған Үндеуін оқыды. Мемлекет басшысы форумның ашылуымен құттықтай келе, бұл маңызды шараның жаңа экономикалық жағдайда алға қойған мақсаттарға жету үшін тәжірибелік шаралар қабылдауға мүмкіндік беретінін атап айтқан.   Жыл сайын өткізіліп келе жатқан форум нәтижелері қуантады. Негізгі отырыстан кейін мұнай-газ, тау-кен, ауылшаруашылығы, электротехникалық, теміржол, қорғаныс бойынша машиналар, автомобиль жасау жөнінде топталып өткізілетін секциялық жиындарда келешектегі машина жасаудың маңызды мәселелері талқыланады. Форумды ашып жүргізген «Қазақстанның Машина жасаушылар одағы» ЗТБ төрағасы Мейрам Пішембаев осыған назар аудартты. Шараға сонымен қатар ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек,  ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша алқа мүшесі және министрі Нұрлан Алдабергенов, «General Electric» компаниясы, «Ростсельмаш» ЖШҚ, Қазақстандық автобизнес қауымдастығы, «Karlskrona LC AB» ЖШС басшылары және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Үкімет мүшелері де қатысты. Шарада сөз алған Ж.Қасымбек темір жол көлігі машинасын жасаудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Дженерал Электрик, Тальго, Альстом трансұлттық компанияларымен серіктестік қатынастар жоғары деңгейде. «Мемлекет басшысы мемлекеттің қолдауымен экспортқа бағытталған және өндірістік өнімділігі жоғары критериилерді қатаң сақтау туралы тапсырма берді»,-деді ол.      Форум аясында өткен 7 секциялық отырыстың бірі - теміржол көлігіне арналған секцияда «Локомотив жөндеу» АҚ президенті Талғат  Лесов баяндама жасады. Ол өз баяндамасында қазіргі кездегі темір жол көлігі машинасын жасау ахуалы мен болашақтағы міндеттері туралы әңгімеледі.         Сала мамандарының айтуынша, қазіргі таңда темір жол көлігі машинасын жасау кластерін жинақтаушы материалдармен, қосалқы бөлшектермен қамтушыларды 189 шағын және орта бизнес өкілдері құрайды. Кәсіпорындарда 12 мың жұмыс орны жасақталып, теміржолдың 5120 түрлі өнімдері игерілген. Осылайша, өнімдердің қазақстандық үлесі 40% -дан 80%-ға дейін жетеді. Стратегиялық серіктестермен бірлесе отырып, жылжымалы құрам мен жолдың үстіңгі қабатына қажетті материалдар шығаратын ірі зауыттар бой көтерді. Олардың қатарында «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС, «Тұлпар-Тальго», «Электровоз құрастыру зауыты», «Ақтөбе рельс арқауы зауыты», «Астана Дизель Сервис» бар.      Талғат Лесовтің айтуынша, тұңғыш рет Ақтөбеде Қазақстан ғана емес, Орталық Азия, Кавказ, Шығыс Еуропаға ортақ теңдессіз рельс өнімдері шығарыла бастады. Бүгінгі күнге дейін 21 мың тонна рельс өнімдері шығарылған болса, 2016 жыл аяғына дейін 100 мың тонна рельс өнімдерін игеру көзделіп отыр. Жаңа рельстер Алматы-Шу екінші темір жол желісі құрылысы мен Құрық паром кешені, Астана жаңа темір жол вокзалы сынды «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы нысандарға төселуде. Қазіргі таңда зауыттарда өнімдерінің сапасын жақсартып, жаңғырту жұмыстары қатар жүргізілуде. Мәселен, «Тұлпар-Тальго» ЖШС желісінде қорабы кеңейтілген жолаушылар вагонын шығару басталды. 2020 жылдарға дейін осындай жаңғыртылған 603 вагон шығару жоспарланып отыр. Қазіргі кезде вагондар сертификациялық сынақтан өткізілуде. Желтоқсанға дейін екі жылжымалы құрамды жолға шығару жоспарланып отыр. Оның сыртында, жүк тиейтін жылжымалы құрамды: жартылай вагон, астық вагоны, фитингілік платформаны жаңғырту жұмыстары да басталды. Сонымен қатар жолаушылар тасымалдайтын жылжымалы құрамға арналған тепловоздар мен электровоздар да шығарылуда. Отандық өнімдерді экспортқа шығару қарқын алған. Соңғы үш жылда Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Украина, Ресейге тепловоздар, электровоздар, бағыттауыш бұрмалар мен электр жетектері жіберілуде. Кавказ, Балтық жағалауы, Иран, БАӘ мен басқа да елдердің нарығын игерудің ұйымдастыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Секциялық жиын барысында осы және өзге де салалық мәселелерге арналған баяндамалар тыңдалып, соңында саладағы бірқатар еңбеккерлер «Құрметті машина құрастырушы» белгісімен марапатталды.

Райхан Рахметова, Астана

Суретті түсірген Александр Жабчук

Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ