25 жылдыққа 25 игі іс

Новости
20.09.2016, 16:04
2 мин чтения
Семейлік теміржолшылар ағымдағы жылы қолға алынған «25 жылдыққа 25 игі іс» патриоттық акциясы аясында бірқатар нәтижелерге қол жеткізуде.  Елдігіміздің асқақ белгісі саналатын осынау күннің аясында теміржолшылар арасында қазақстандық патриотизмді ту еткен рухани-мәдени шаралар мен әлеуметтік жобалар көптеп жүзеге асуы тиіс. Тыңнан қойылған бұл идея – Семей жүк тасымалдау бөлімшесі басшылығының бастамасы. Егемендік меретойына орай бөлімшеге қарасты ұйымдар мен мекемелер жыл басынан бері көптеген жобаны  сәтімен орындауда. Атап айтқанда, бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевтың ұсынысымен аз қамтылған теміржолшылар отбасыларына бірнеше рет материалдық тұрғыдан көмектер берілді. Бұл игілікті шараны іліп әкеткен жастар ұйымы бастамаға жаңа қырынан келіп, бөлімше ауласында шағын жәрмеңке ұйымдастырып, түскен қаражатты мүгедек балалары бар жанұяларға дәрі-дәрмек алып, ем-дом жүргізу үшін тарту етті. Мұнымен қатар, бөлімше өнерпаздары желі бойына гастрольдік сапарларға шығып, шалғай станциялардағы теміржолшылар алдында концерттік бағдарламалар ұйымдастырды.    Семей локомотив пайдалану депосының директоры Дәулет Ыдырысов бөлімшедегі ардагерлер кеңесіне өз қаражаты есебінен қаржы бөліп, аға буынның батасын алды. Қорыта айтсақ, бөлімшедегі ардагерлер кеңесі, жастар ұйымы мен кәсіподақ аталмыш шаралардың көшбасында тұр. Мұндай игі істер қатары таяп қалған Тәуелсіздік мейрамына орай қарқын алмақ.  –Егемендігіміздің ширек ғасырлық мерекесін атап өту аясында әсіресе, жастардың  бойындағы отаншылдық сезімді ұштай түсу қажет. Яғни, әрбір жас толқын теміржолшы өз елінің жетістігіне, өзі қызмет ететін ұлттық компания мен бөлімшесінің жемісті еңбегі мен жеңісіне мақтанышпен қарайтындай болуы тиіс. Бұл ретте бірнеше бағыт бойынша арнайы жұмыстарды қолға алдық. Межелеп отырған бірқатар жаңа жобаларымыз бар. Оның барлығы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында орын алатын болады. Ал дәл қазіргі күні теміржолшылар атынан мерекелік бильбордтар мен көрнекіліктер әзірлеудеміз. Мұның өзі тек теміржолшылар үшін ғана емес, қалалықтар мен шаһар жастары үшін де эстетикалық тұрғыдан тәрбиелік мәні бар шара екендігі анық, – дейді Семей жүк тасымалдау бөлімшесінің басшысы Марлен Кәрімұлы.    Сонымен қатар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің Семей жол бөлімшесі бойынша аймақтық өкілі Ләззат Айтмұханованың жетекшілігімен бөлімшенің белсенді жастары да Тәуелсіздік күніне орай жаңа жоба әзірлеуде. Әзірге құпия саналатын бұл шара мерекеге арналған тарту көрінеді.        

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1