25 жылдыққа 25 игі іс
Семейлік теміржолшылар ағымдағы жылы қолға алынған «25 жылдыққа 25 игі іс» патриоттық акциясы аясында бірқатар нәтижелерге қол жеткізуде.
Елдігіміздің асқақ белгісі саналатын осынау күннің аясында теміржолшылар арасында қазақстандық патриотизмді ту еткен рухани-мәдени шаралар мен әлеуметтік жобалар көптеп жүзеге асуы тиіс. Тыңнан қойылған бұл идея – Семей жүк тасымалдау бөлімшесі басшылығының бастамасы. Егемендік меретойына орай бөлімшеге қарасты ұйымдар мен мекемелер жыл басынан бері көптеген жобаны сәтімен орындауда. Атап айтқанда, бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевтың ұсынысымен аз қамтылған теміржолшылар отбасыларына бірнеше рет материалдық тұрғыдан көмектер берілді. Бұл игілікті шараны іліп әкеткен жастар ұйымы бастамаға жаңа қырынан келіп, бөлімше ауласында шағын жәрмеңке ұйымдастырып, түскен қаражатты мүгедек балалары бар жанұяларға дәрі-дәрмек алып, ем-дом жүргізу үшін тарту етті. Мұнымен қатар, бөлімше өнерпаздары желі бойына гастрольдік сапарларға шығып, шалғай станциялардағы теміржолшылар алдында концерттік бағдарламалар ұйымдастырды.
Семей локомотив пайдалану депосының директоры Дәулет Ыдырысов бөлімшедегі ардагерлер кеңесіне өз қаражаты есебінен қаржы бөліп, аға буынның батасын алды. Қорыта айтсақ, бөлімшедегі ардагерлер кеңесі, жастар ұйымы мен кәсіподақ аталмыш шаралардың көшбасында тұр. Мұндай игі істер қатары таяп қалған Тәуелсіздік мейрамына орай қарқын алмақ.
–Егемендігіміздің ширек ғасырлық мерекесін атап өту аясында әсіресе, жастардың бойындағы отаншылдық сезімді ұштай түсу қажет. Яғни, әрбір жас толқын теміржолшы өз елінің жетістігіне, өзі қызмет ететін ұлттық компания мен бөлімшесінің жемісті еңбегі мен жеңісіне мақтанышпен қарайтындай болуы тиіс. Бұл ретте бірнеше бағыт бойынша арнайы жұмыстарды қолға алдық. Межелеп отырған бірқатар жаңа жобаларымыз бар. Оның барлығы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында орын алатын болады. Ал дәл қазіргі күні теміржолшылар атынан мерекелік бильбордтар мен көрнекіліктер әзірлеудеміз. Мұның өзі тек теміржолшылар үшін ғана емес, қалалықтар мен шаһар жастары үшін де эстетикалық тұрғыдан тәрбиелік мәні бар шара екендігі анық, – дейді Семей жүк тасымалдау бөлімшесінің басшысы Марлен Кәрімұлы.
Сонымен қатар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің Семей жол бөлімшесі бойынша аймақтық өкілі Ләззат Айтмұханованың жетекшілігімен бөлімшенің белсенді жастары да Тәуелсіздік күніне орай жаңа жоба әзірлеуде. Әзірге құпия саналатын бұл шара мерекеге арналған тарту көрінеді.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ