Қырағылықты серік еткен сарбаздар
Бір өзінде 28 жолы бар, үлкен сұрыптау станциясының қатарына жататын Қазығұртта жұмыс қашан да қарбалас. Сондықтан, негізінен мұнай тасымалы сұрыпталып, жөнелтілетін бекетті күзету зор жауапкершілікті талап етеді.
«ӘТЖК» АҚ Шымкент филиалына қарасты Текесу атқыштар командасының сегіз жігіті Қазығұрттағы үш қосын мен «Солтүстік» және «Оңтүстік» алқымда өз жұмыстарын атқарады. Қазақстандағы үш зауытың біріне жататын Шымкент мұнай өңдеу зауытының өнімдері Текесу бекетінде вагондарға толып келген соң, қайсысы қай өңірге кететіні Қазығұртта сұрыпталады. Одан бөлек, бекет маңында кірме жолдары бар кәсіпорындар жүк артады. Тәулігіне келетін 15-16 пойыздағы әр вагонның пломбасын тексерумен қатар, қай кірме жолға қанша вагон кіріп-шыққанына дейін басшылықтарына хабарлап отырады екен. Бір құрамды тексеруге 30-40 минут кететіндіктен, шапшаң қимылдайтын күзеттегі жігіттер төбеде 37,500 вольтті электр тоғынан өздері мен өзгелерді де сақтандырып жүреді.
Ауысымдағы аға күзетші Нұрдәулет Смановтың айтуынша, жігіттер күзетке берілген вагондарды қабылдағаннан кейін, маңайына бөгде адамдарды жақындатпай, кететін жағына кемшіліксіз жеткізуді көздейді. Болмаса келесі ауысымның күзетіне ақаусыз өткізеді. Құрам арасын жиі тексеріп жүріп, техникалық және өрт қауіпсіздігін сақтауды да ұмытпайды. Себебі, мұнда тек жанар жағар май, солярка сынды қауіпті жүктер жөнелту кезегін күтіп тұрады. Бекеттегі 1-10 жолдың арасына екі күзетші бекітілген. Қалған жолдарда да осылай. Қазығұртпен қатар, осы жолдың бойындағы Сайрам, Леңгер станцияларына келетін пойыздардың қауіпсіздігін аталған мамандар қамтамасыз етеді.
– Өндіріс аумағына кірген-шыққан бөтен адамға дейін, олардың қайда, кімге келе жатқанын сұрау – біздің міндетіміз. Теміржолшылардың өздері жүрсе, үстінде сары жейдесі болу керек. Онда да бүгін темір жолда кезекшілікте ме, не үшін жиі өтіп жатқанын анықтап тұрамыз. «Солтүстік» алқымдағы күзетшілердің өзі қай тепловоз не әкетіп жатыр, қандай вагон ішке кіргенін келесі посттағы жігіттерге хабарлап тұрады. Келген вагондарды да құжатпен тексеріп, дұрыс болған жағдайда ғана жібереміз. Ал, қалғанын жүк қабылдап жөнелтушілер өздері бақылауға алады. Қысқасы, осы жерде қыбырлаған адам да, іркес-тіркес вагондар да ауысым кезінде біздің назарымызда болады, - дейді аға күзетші Нұрдәулет Әбілқасымұлы.
Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1