Портпен метал жөнелту мүмкіндігі зор
Новости
23.09.2016, 12:19
Ресейлік металлургия комбинаты Ақтау порты арқылы өз өнімдерін тасымалдауға қызығушылық танытуда.
Нақтырақ айтқанда, Магнитогорск металлургия комбинатының делегациясы қазақстандық мультимодальды көліктік-логистикалық компания – «KTZ Express» АҚ өкілдерінің жетекшілігімен Ақтау халықаралық теңіз сауда портында болып, оның жұмысымен танысты. Ресейліктер Ақтау порты арқылы өтетін Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарымен Бакуге қарай кемемен жүк жөнелту жайын сұрады.
Аталған комбинат әлемдік ірі болат өндірушілер қатарында және ол Ресейдегі қара металлургия кәсіпорындары арасында көшбасшы орында. Бұл жағынан Ақтау порты ресейлік серіктестеріне металды сапалы жөнелту қызметін ұсына алады, себебі дәл осы жүк түрі бүгінгі таңда порттағы ең негізгі қызметтердің бірі. Оны жөнелту қарқынын ұлғайту үшін мұнда барлық жағдай жасалуда, жүк өңдеу, есеп жүргізу және таңбалау тәсілдері жаңартылып, персоналдар оқытылуда. Осы жылдың тамыз айында Ақтау порты өзінің рекордтық көрсеткішіне қол жеткізді, яғни, портта 159 мың тонна метал өңделіп, Иран бағытындағы кемелермен жөнелтілген.
Портты аралау барысында Жүк жөнелту және қабылдау кешенінің бастығы Б. Өтепов пен өндірістік үдерістерді басқарушы Габриэль Георге, сонымен қатар корпоративтік дамыту басқармасының жетекшісі Е. Погосова қонақтарды порттың өндірістік қуатымен таныстырып, метал тасымалдау технологиясын көрнекі түрде көрсетті. Соған қоса клиенттермен жұмыс бойынша жақында қабылданған жаңа енгізілімдер туралы баяндап, кеме айлағын аралатты.
Райхан Рахметова
Новости
03.03.2026
Корпоративный омбудсмен АО «НК «ҚТЖ» посетил крупные железнодорожные станции Мангистау
Новости
03.03.2026
Вопросы стратегического сотрудничества обсудили КТЖ и Wabtec
Новости
03.03.2026
КазАПО и АНЭК обсудили меры по росту транзитного потенциала и эффективности перевозок
Новости
03.03.2026
Казахстан экспортировал более 441 тысячи тонн зерна через латвийские порты
Новости
03.03.2026
Порт Курык усиливает сотрудничество с азербайджанскими партнерами
Новости
03.03.2026
Колеса производства КНР на пространстве 1520 получат дополнительную маркировку
Новости / Архив
03.03.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №16 от 03 марта 2026 года
Новости
02.03.2026
Безопасность движения и производственные показатели обсудили на совещании в КТЖ
Регионы
02.03.2026
Ветеран Великой Отечественной войны Василий Григораш отметил 100-летний юбилей
Регионы
02.03.2026
Итоги профилактической работы подвели в Павлодарском отделении магистральной сети
Новости
27.02.2026
Сотрудникам Центра транспортного сервиса рассказали о проекте новой Конституции
Регионы
27.02.2026
Вице-министр транспорта встретился с жителями Карагандинской области
Регионы
27.02.2026
Сотрудники станции Жетысу провели профилактические рейды и встречи со школьниками
Регионы
27.02.2026
Месячник «Внимание, человек на пути!» проходит в Карагандинском регионе
Новости
27.02.2026
МДК помогли предотвратить почти 1900 изломов рельсов
Новости / Архив
27.02.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №15 от 27 февраля 2026 года
Новости
26.02.2026
Актюбинские железнодорожники обсудили конституционную реформу
Новости
26.02.2026
Проект новой Конституции обсудили в «КТЖ – Грузовые перевозки»
Новости
26.02.2026
KTZ Express представило транзитный потенциал ТМТМ на форуме в Германии
КТЖ в лицах
26.02.2026
Двух ветеранов железной дороги поздравили с 90-летием в Астане