Өткелдегі өзекті мәселе
Күзетілмейтін өткелдер мәселесі қашан да өзекті. Күзеті бар өткелдерде қауіпсіздік қағидаларын сақтау дегенді онша ойға ала бермейтін жүргізушілер үшін күзетілмейтін өткелді кедергі көрмесі анық.
Шымкент жол дистанциясының инженері Дана Өмірбаеваның айтуынша жуырда болған оқиға осының айқын дәлелі. Сәуірдің 9 күні Сайрам – Қазығұрт теліміндегі 9 шақырымның 4 пикетіндегі күзетілмейтін өткелде Шымкент цемент зауытына қарасты «Қазығұрт – Жолы» ЖШС жекеменшігіндегі № 3621 пойызының ТЭМ-2 № 2207 тепловозы «ShanchiSх 325 l dm» мемлекеттік нөмірі 740PLA 13 автокөлігімен соқтығысып қалған. Таңғы сағат 8.00 шамасында отыз жасар Р.Байжарқынов есімді автокөлік жүргізушісі Қазығұрт жақтан келе жатқан тепловозды байқамай өте шықпақ болады. Абырой болғанда отарба сағатына 10-15 шақырыммен жүріп келгендіктен, тек көлік пен тепловоздың алдыңғы бөлігіне зиян келіп, темір жолға да, машинист пен жүргізушіге де зардабы тимепті.
– Оқиға негізгі жолда емес, тұйық жолда орын алды. Бұл аралықта үнемі Қазығұрт тауынан қиыршық тас артатын зауытқа тиесілі құрам өнімді Шымкент цемент зауытына тасиды. Талап бойынша аталған телімде сағатына 25 шақырыммен жүру енгізілген. Жәй жүріп келіп соқтығысқан соң адам шығыны болған жоқ, егер тепловоз сағатына 60-70 шақырыммен жүрсе көлікті қойып, адамның өмірін сақтау қиын болар еді. Осы жағдайдан кейін дистанциядағы айналым жолдарының техник мамандары мен жол бригадирлері өткел кезекшілерімен бірлесіп сол маңнан өтетін мекемелердің көлік жүргізушілеріне өткелден өтудің ережелерін түсіндірді. Егер күзетілетін өткел болса тәулік бойы тұратын кезекші асығыс көлік иесін тоқтатып, қауіптің алдын алар еді. Күзетілмейтін өткелде жағдай күрделі күйінде қалып отыр, – дейді Шымкент жол дистанциясының инженері Дана Өмірбаева.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники