Өткелдегі өзекті мәселе

Жаңалықтар
24.05.2016, 13:11
Күзетілмейтін өткелдер мәселесі қашан да өзекті. Күзеті бар өткелдерде қауіпсіздік қағидаларын сақтау дегенді онша ойға ала бермейтін жүргізушілер үшін күзетілмейтін өткелді кедергі көрмесі анық.   Шымкент жол дистанциясының инженері Дана Өмірбаеваның айтуынша  жуырда болған оқиға осының айқын дәлелі. Сәуірдің 9 күні Сайрам – Қазығұрт теліміндегі 9 шақырымның 4 пикетіндегі күзетілмейтін өткелде Шымкент цемент зауытына қарасты «Қазығұрт – Жолы» ЖШС жекеменшігіндегі № 3621 пойызының  ТЭМ-2 № 2207 тепловозы  «ShanchiSх 325 l dm» мемлекеттік нөмірі 740PLA 13 автокөлігімен соқтығысып қалған. Таңғы сағат 8.00 шамасында отыз жасар Р.Байжарқынов есімді автокөлік жүргізушісі Қазығұрт жақтан келе  жатқан тепловозды байқамай өте шықпақ болады. Абырой болғанда отарба сағатына 10-15 шақырыммен жүріп келгендіктен, тек көлік пен тепловоздың алдыңғы бөлігіне зиян келіп, темір жолға да, машинист пен жүргізушіге де зардабы тимепті. – Оқиға негізгі жолда емес, тұйық жолда орын алды. Бұл аралықта үнемі Қазығұрт тауынан қиыршық тас артатын зауытқа тиесілі құрам өнімді Шымкент цемент зауытына тасиды.  Талап бойынша аталған телімде сағатына 25 шақырыммен жүру енгізілген. Жәй жүріп келіп соқтығысқан соң адам шығыны болған жоқ, егер тепловоз сағатына 60-70 шақырыммен жүрсе көлікті қойып, адамның өмірін сақтау қиын болар еді. Осы жағдайдан кейін  дистанциядағы айналым жолдарының техник мамандары мен жол бригадирлері өткел кезекшілерімен бірлесіп сол маңнан өтетін мекемелердің көлік жүргізушілеріне өткелден өтудің ережелерін түсіндірді. Егер күзетілетін өткел болса тәулік бойы тұратын кезекші асығыс көлік иесін тоқтатып, қауіптің алдын алар еді. Күзетілмейтін өткелде жағдай күрделі күйінде қалып отыр, – дейді Шымкент жол дистанциясының инженері Дана Өмірбаева.

Динар МЕЙІРМАН,  Шымкент

Қауіпсіздік
10.04.2026
Дистанция дайындығы тексерілді
Аймақтар
10.04.2026
Ақтөбеге омбудсмен келді
Аймақтар
10.04.2026
Маңғыстаулық теміржолшылар техникалық базаны нығайтуда
Инфрақұрылым
10.04.2026
Инфрақұрылым талапқа сай ма?
Қауіпсіздік
10.04.2026
Жамбылдық теміржолшылар қауіпсіздік шараларын пысықтады
Жүк тасымалы
10.04.2026
Қазақстан мен Қытай транзитті арттыруға мүдделі
Жаңалықтар
10.04.2026
Денсаулық – ең үлкен байлық
Жаңалықтар / Мұрағат
10.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №27 10 сәуір 2026 жыл
Жаңалықтар
09.04.2026
«Жасыл желекті кеңсе» экологиялық акциясы басталды
Спорт
09.04.2026
Жеңіс тұғырында – локомотившілер
Әлемде
09.04.2026
Talgo рекордтық тапсырысқа қол жеткізді
Жаңалықтар
09.04.2026
Пойызда тәртіп бұзған жолаушылар әкімшілік қамауға алынды
Жаңалықтар
09.04.2026
ҚТЖ паркі заманауи локомотивтермен толықты
Әлемде
09.04.2026
Жапонияда панорамалық терезелері бар пойыз-мейрамхана пайда болады
Инфрақұрылым
09.04.2026
Биыл Зубовск кентіндегі теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталады
Жаңалықтар
09.04.2026
ҚТЖ экологиялық міндеттемелері аясында Алматы облысында 100 мыңнан астам ағаш отырғызады
Әлемде
08.04.2026
Жапонияда 30 жыл ішінде 1300 шақырымнан астам теміржол жабылған
Инфрақұрылым
08.04.2026
Қазақстанда теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы жалғасуда
Жаңалықтар
08.04.2026
Темір жолға тартылған қаражат неге керек – сарапшы түсіндірмесі
Жолаушылар тасымалы
08.04.2026
ҚТЖ-ның әйелдерге арналған вагондарымен 856 мыңға жуық жолаушы сапарлады