Байқау мәреге жетті
«Қазақстан теміржолшысы» салалық газетінің 85 жылдық мерейтойына орай жарияланған «Бір суреттің тарихы» байқауының қорытындысы шығарылды.
Газеттің 2 ақпанда жарық көрген №9-11 санында аталған конкурс-байқаудың шарттары түсіндірілген. Оған сәйкес, байқауға кез келген газет оқырманы қатысып, темір жол тақырыбына, теміржолшылардың өміріне қатысты фотосуреттерді ktzh.konkurs@mail.ru электрондық поштаға жолдауы қажет болатын. Айта кету керек, байқауға атсалысқандардың дені аға буын теміржолшылар болды. Бұл –саналы ғұмырын отандық темір жолдың дамуына арнаған ардагерлеріміздің салаға және оның басылымына деген адалдығы мен құрметінің тағы бір дәлелі болды.
Сонымен, «Бір суреттің тарихы» – «История одного фото» айдарымен жарияланған фоосуреттер мен материалдарды сарапқа салған редакция алқасы үздіктерді анықтады. Конкурсқа алғашқылар қатарында үн қосқан қызылордалық Құрметті теміржолшы, еңбек және тыл ардагері Рыстай Күрбенов болды. Газеттің №28 санында жарық көрген сарғайған сурет автордың жеке архивінде 50 жыл сақталыпты. «Страницы станции Манкент» деген мақаласында ардагер суреттегі теміржолшылар туралы жан-жақты баяндайды. Манкент станциясының бастығынан бастап, станция кезекшісі, пойыз құрастырушы бар, бір топ теміржолшы комиссиялық байқау кезінде станция жолдарын тексеру кезінде түсірілген.
Өндірістен сыр шертетін осындай тағы бір сарғайған суретті шымкенттік ардагер, Құрметті теміржолшы Құлахмет Темірбеков жолдапты. Газетіміздің №32 санында жарияланған бұл суретке де 45 жыл. Онда Жосалы жол дистанциясының бір топ қызметкерлері қоғамдық инспекторлардың есебін тыңдауда. Редакция алқасының шешімімен осы екі жарияланым үздік деп танылып, бағалық сыйлыққа ұсынылды.
Сонымен қатар, байқауға ерекше белсенділікпен атсалысып, бір емес бірнеше суреттер жолдаған тараздық теміржолшы, саналы ғұмырын Жамбыл жол дистанциясында өткізген Баймахан Дәрібаев ақсақал. Ардагердің №30, №35 сандарда жарық көрген сарғайған суреттердің бірінде Жамбыл жол дистанциясының ұжымы, 1968 жылы түсірілген. Ал 1960 жылы түсірілген екінші суретте теміржолшыларға танымал Дәрібаевтар династиясы көрініс тапқан. Осы әулеттің жарқын бір өкілі болып табылатын Баймахан ақсақалдың еңбегі лайықты бағасын алды, ардагерге «Жолаушы тасымалы» АҚ-ның Тұлпар-Тальго» пойыздарына жеңілдікпен жол жүру құқығы берілетін «Құрмет» дисконттық картасы тарту етіледі.
Біз байқауға атсалысқан барлық оқырмандарымызға алғыс айта отырып, үздік бағаға ие болып отырған жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз.
Меруерт ӨМІРЗАҚОВА
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники