Байқау мәреге жетті

Жаңалықтар
24.05.2016, 17:30
Оқуға 2 мин
«Қазақстан теміржолшысы» салалық газетінің 85 жылдық мерейтойына орай жарияланған  «Бір суреттің тарихы» байқауының қорытындысы шығарылды. Газеттің 2 ақпанда жарық көрген №9-11 санында аталған конкурс-байқаудың шарттары түсіндірілген. Оған сәйкес, байқауға кез келген газет оқырманы қатысып, темір жол тақырыбына, теміржолшылардың өміріне қатысты фотосуреттерді ktzh.konkurs@mail.ru электрондық поштаға  жолдауы қажет болатын. Айта кету керек, байқауға атсалысқандардың дені аға буын теміржолшылар болды. Бұл –саналы ғұмырын отандық темір жолдың дамуына арнаған ардагерлеріміздің салаға және оның басылымына деген адалдығы мен құрметінің тағы бір дәлелі болды. Сонымен,  «Бір суреттің тарихы» – «История одного фото» айдарымен жарияланған фоосуреттер мен материалдарды сарапқа салған редакция алқасы үздіктерді анықтады. Конкурсқа алғашқылар қатарында үн қосқан қызылордалық Құрметті теміржолшы, еңбек және тыл ардагері Рыстай Күрбенов болды. Газеттің №28 санында жарық көрген сарғайған сурет автордың жеке архивінде 50 жыл сақталыпты. «Страницы станции Манкент» деген мақаласында ардагер суреттегі теміржолшылар туралы жан-жақты баяндайды. Манкент станциясының бастығынан бастап, станция кезекшісі, пойыз құрастырушы бар, бір топ теміржолшы комиссиялық байқау кезінде станция жолдарын тексеру кезінде түсірілген. Өндірістен сыр шертетін осындай тағы бір сарғайған суретті шымкенттік ардагер, Құрметті теміржолшы Құлахмет Темірбеков жолдапты. Газетіміздің №32 санында жарияланған бұл суретке де 45 жыл. Онда Жосалы жол дистанциясының бір топ қызметкерлері  қоғамдық инспекторлардың есебін тыңдауда. Редакция алқасының шешімімен осы екі жарияланым үздік деп танылып, бағалық сыйлыққа ұсынылды. Сонымен қатар, байқауға ерекше белсенділікпен атсалысып, бір емес бірнеше суреттер  жолдаған тараздық теміржолшы, саналы ғұмырын Жамбыл жол дистанциясында өткізген Баймахан Дәрібаев ақсақал. Ардагердің №30, №35 сандарда жарық көрген сарғайған суреттердің бірінде Жамбыл жол дистанциясының  ұжымы, 1968 жылы түсірілген.  Ал 1960 жылы түсірілген екінші суретте теміржолшыларға танымал Дәрібаевтар династиясы көрініс тапқан.  Осы әулеттің жарқын бір өкілі болып табылатын Баймахан ақсақалдың еңбегі  лайықты бағасын алды, ардагерге «Жолаушы тасымалы» АҚ-ның Тұлпар-Тальго» пойыздарына жеңілдікпен жол жүру құқығы берілетін «Құрмет» дисконттық картасы тарту етіледі. Біз байқауға атсалысқан барлық оқырмандарымызға алғыс айта отырып, үздік бағаға ие болып отырған жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз.

Меруерт ӨМІРЗАҚОВА

Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды