Қарттарға құрмет көрсетілді
Халықаралық қарттар күніне орай Маңғыстау темір жол мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы Маңғышлақ станциясындағы «Жеңіс» мейрамханасына 100-ге тарта темір жол зейнеткерін шақырып, ақ дастарқан жайды.
Қонақтар мерекелік дастарқаннан дәм татып, игі істі ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді. Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашов, Маңғыстау темір жол бөлімшесінің бас ревизоры Болат Дүйсәлиев ардагерлерге жылы лебіздерін білдірді.
─ Қарап отырсам, абыз қариялардың бірі келместің кемесіне мініп кетсе, енді бірі, шүкір, қасымызда отыр. «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» демекші, балаларыңыз бен немере, шөберелеріңіздің қызығын көріп, алып бәйтеректей жайқала беріңіздер. Аман болыңыздар, сіздер салған сара жолды біздер жалғап, біздің ізімізді өскелең ұрпақ басып, елімізге еңбек етіп, дамуына үлес қоса берейік, – деген Нәжімеден Бақтығалиұлының сөзінен кейін Маңғыстау аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амандық Алдабергенов сөйледі.
─ «Көңіл көңілден су ішеді» деген керемет бір сөз бар. Бес күндік жалған өмірде қартайғанда адамға ең керегі көңіл деп білемін. Біз асарымызды асадық, жасарымызды жасадық. Жасы ұлғайған біз сияқты қарттарға жылы қабақ пен бір ауыз ілтипатты сөз жетіп жатыр. Ал сендер құрақ ұшып, құрмет көрсетіп, кішілік танытып жатырсыздар, қазақтың осы бір қаймағы бұзылмаған ізеттілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тапсын деген бір тілек бар, – деп лебізін білдірген ардагер Маңғыстау темір жолында 700-ге жуық ардагер теміржолшы, оның ішінде 1 соғыс ардагері, 5 тыл ардагері бар екенін жеткізді.
Ал бүгінде зейнеттегі Құрметті теміржолшы Қожахмет Уәзір Қазақстан темір жолының ұжымдық шартында теміржолшы зейнеткерлер назардан тыс қалмағанын, түрлі жеңілдіктер қарастырылғанын, бұл да болса, жұмыс беруші компанияның сала қызметкерлеріне, олардың ертеңіне бей-жай қарамай, қолдан келгенше көмегін беретін салиқалы саясатты ұсынған байсалды Компания екенін еске салып өтті.
Әсел ТАҢАТАРОВА,
Маңғыстау
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1